Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Информация по мерам государственной поддержки в рамка«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

-A A +A

<--break->

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудағы 2010 жыл мен 2014 жыл аралығындағы кезеңде экономиканың қолдау көрсетілген шикізат емес секторларының даму көрсеткіштерінде оң үрдістер байқалды. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру құралдарын пайдалану есебінен мемлекет екінші деңгейлі банктердің өңдеуші өнеркәсіп, көлік және байланыс сияқты салаларға кредит беру көлемін ұлғайтуды ынталандыра алды.

 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы кредиттер бойынша - 612,5 млрд. теңге болды, олардың ішінде инвестициялық мақсаттарға арналған қолданыстағы кредиттер қоржыны - 501 млрд. теңге. Алдын ала таратылған деректерге сүйенсек, экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің банктік қоржынының жалпы көлемі - 4 505 млрд. теңге, ал экономиканың барлық секторлары бойынша инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттердің жалпы банктік қоржыны - 675,6 млрд. теңге. Осылайша, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қамтуы экономиканың басым секторлары бойынша кредиттік қоржынның жалпы көлемінде 12,2%-ды құрады (бұл экономиканың басым секторларының жалпы қоржынындағы мақұлданған және қол қойылған жобалардың пайызы), бұл ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер қоржыны - экономиканың басым секторлары бойынша кредиттердің жалпы қоржынының 81,3%.

Жалпы 2010 - 2013 жылдар аралығында банктердің өңдеуші өнеркәсіптегі жиынтық кредит қоржыны 1,9 есе (455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында - 1,6 есе (252 млрд. теңгеден 396 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында - 1,8 есе (51 млрд. теңгеден 90 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

Осы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2,45 есе (383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына - 1,7 есе (145 млрд. теңгеден 246 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына - 3 есе (22 млрд. теңгеден 66 млрд. теңгеге дейін) өсті.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында кредит қаражатының соңғы тұтынушысы қаржыландырылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша шектеу көзделген (14%-дан аспайды). «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді. 2010 - 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 12%-дан 9,4%-ға дейін, көлік секторына - жылдық 12,5%-дан 10,2%-ға дейін, байланыс секторына - жылдық 11,9%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.

Кредит беруді мерзімдерге бөлетін болсақ, жиынтық қоржындағы қысқа мерзімді кредиттердің үлесі 2010 - 2013 жылдары 29 - 33% аралығында құбылып тұрды (2013 жылы - 29%). Кредит беру объектілері бойынша бөлетін болсақ, негізгі үлесі айналым қаражатын толықтыруға тиесілі болды (69%), ал инвестициялық мақсаттарға 7%-ы ғана тиесілі болды. Ұзақ мерзімді кредиттер қоржынының құрылымында айналым қаражатын толықтыру 15%-ды, ал инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер 26%-ды құрады.

Инвестициялық мақсаттарға берілген қысқа мерзімді кредиттердің мөлшері озыңқы қарқынмен өсіп, өзге факторлармен қатар негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың өсуіне ықпалын тигізді, 2010 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде олардың жыл сайынғы көрсеткіші 32%-ға жылына 6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Жыл сайынғы экономиканың басым секторларының негізгі капиталына құйылатын инвестициялардың көлемі 56%-ға 1 740 млрд. теңгеден 2 713 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Екінші жағынан, енгізілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, ол пайдалануға берілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, инвестициялық мақсаттарға тартылған қаражаттың жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарды реконструкциялауға немесе қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға жұмсалуымен де түсіндіріледі. 2013 жылы экономиканың басым секторларында 1 229 млрд. теңгеге негізгі құралдар енгізілді.

2010 - 2013 жылдары экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы өскені байқалды (ауыл шаруашылығын қоспағанда), бірақ өсу қарқыны бәсеңдеді. 2013 жылы бұл көрсеткіштің нақты өсуі 5,1%-ды құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарылымының өсуі 2013 жылы шамалы болса да артта қалды.

Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредит беру құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, сол арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анағұрлым өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.

2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық жерлерге, шағын қалалар мен моноқалаларға тиесілі банктік кредиттердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр (2013 жылы - 25%). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы берілген дәл осы әкімшілік бірліктердегі кредиттердің үлесі 30%-ды құрады (933,5 млрд. теңгенің 284 млрд. теңгесі). «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында оң үрдіс байқалып отыр. Айталық, үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 4 пайыздық тармаққа ұлғайды. Осылайша, кредит беру нарығы аталған әкімшілік бірліктерде біртіндеп кеңейіп келеді, тиісінше, осы бағытта мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыру, ал қажет болса ұлғайту керек деген тұжырым жасауға болады.

Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына 2011 жылы енгізілді. Осы бағыттың іске асырылған жылдары аталмыш қолдау танымал бола түсті. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-өсу» жобаларына 75 мың тыңдаушы, «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына 2 109 қатысушы қатысты. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша - 1 263 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша - 2 253 кәсіпкер оқытылды, солардың ішінде 324 кәсіпкер АҚШ және Германияда тағылымдамадан өтті; «Аға сеньорлар» құрауышының шеңберінде 62 миссия жүзеге асырылды. Бұдан басқа, «Бизнес-насихат» құрауышы шеңберінде 2013 - 2014 жж. республикалық телеарналар эфиріне «Табыс тарихы» бағдарламасының 24 көрсетілімі «КТК» телеарнасында орыс тілінде шықты, «31 арна» арнасында қазақ және орыс тілдерінде 10 арнайы репортаж және «Қазақстан» арнасында 10 репортаж; «7» арна және «Астана» арналарында «Бизнес аймағы» бағдарламасының 10 көрсетілімі шығарылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы халқы арасында кәсіпкерлікті дәріптеуге бағытталған 40 ақпараттық-білім беру бейнероликтері түсірілді. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы БАҚ-та 3700-нан аса материал орналастырылды, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан жобалар бойынша 36 баспасөз-туры өткізілді. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін дәрістер, шеберлік сыныптары өткізілді, оларда 1650 адамнан астам оқытылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша 360 мың дана лифлеттер шығарылды.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Айталық, 2014 жылғы 1 желтоқсанда облыс орталықтары мен ірі қалаларда 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, оларда 68 мың кәсіпкерге 111 мыңнан астам консультация берілді. Моноқалаларда 27 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 27 мыңнан астам кәсіпкерге 50,3 мың консультация берілді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы 161 кәсіпкерлікті қолдау орталығында 36,3 мың клиентке 62,8 мыңнан астам консультация берілді. Өңірлік деңгейде 14 ұтқыр кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді, оларда 16,8 мың кәсіпкерге 26,8 мың көшпелі консультация көрсетілді. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметіне сервистік қолдау көрсетіледі. Айталық, 45,6 мың кәсіпкерге 159,6 мың қызмет көрсетілді, бұл ретте осы жұмысқа 52 сервистік компания тартылды.

Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс шағын және орта кәсіпкерлікті нысаналы қолдауға және кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуге тиіс.

Бағдарлама шеңберінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша қаржыландырылуға қол жетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуатын арттыру, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен олардың жобаларын кеңейту сияқты проблемалық мәселелер шешілетін болады.

Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлер мен микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің өндірістік қуаттылығын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу шаралары жүзеге асырылатын болады.

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында кәсіпкерлікті дамыту өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту міндеттерін шешеді.

Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру шаралары жүзеге асырылатын болады.

Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдіктердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетел валюталарында субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемаларды шешу кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болады.

Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорынның топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия қуатын үнемдеу, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту жүзеге асырылатын болады.

Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату және отандық өңделген тауарларды жылжыту жүзеге асырылатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында  «БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» жобасы бастау алды

         2016 жылдың 25 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты  «кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары ұсыну» шеңберінде жаңа бастап жүрген кәсіпкерлерді (стартап-жобалар) қолдау бойынша - «Бизнес кеңесші» жобасының жаңа кезеңі бастау алды.

         2016 жылдың 1-25 наурыз айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша тұрғындар және кәсіпкерлердің қатысуымен курстар өткізілді.

         «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты  «кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары ұсыну» жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:

          1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

          2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;

          3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

          4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

         Төртінші бағыт аясында қолдау құралдарының бірі Кәсіпкерлер палатасының көрсетілетін қызметтердің стандартталған пакетін ұсыну болып табылады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтің негізі - «Бизнес кеңесші» жобасына кәсіпкерлік ынтагерлігі бар тұрғындарды және кәсіпкерлерді қысқа мерзімде оқытуды ұсынады. 

         «Бизнес кеңесші» жобасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылуда, ал «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

         Облыстың барлық аудандарындағы  жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер және кәсіпкерлік ынтагерлігі бар тұрғындармен қысқа мерзімде тренинг-оқытуларды үйрету бойынша қызмет беру - Бағдарламаның негізгі механизмінің құрамы.

         «Бизнес кеңесші» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жұмылдырылған дәрісшілер, кәсіпкерлікті жүргізу, бизнес-жоспарларды даярлау, кәсіпкерліктің заңдылық аспектілері және қаржыландыру мәселелері туралы толық түсінік береді.

         Кәсіпкерліктің проблемаларын зерттеу, шағын және орта бизнес жағдайы және дамуы туралы семинарға қатысушылар толық анкеталарды толтырады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тиісті сертификаттар алады.

         Осы тәрізді семинарлар бұдан әрі Оңтүстік Қазақстан облысының барлық қалалары мен орталық аудандарында өткізілетін болады.

         «Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша оқулар қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды қолдану арқылы өтеді, сонымен қатар, тыңдаушыларға сол мезетте оқу-әдістемелік құралдар таратылады. Олар, жазуға арналған блокнот, құрамына 5 брошюра кіретін стандартталған құжаттар пакетінің (құрылтай құжаттардың типтік формасы, бизнес жоспардың формасы, техника-экономикалық негіздеме, кредит алудың құжаттары, маркетингтік зерттеулердің есептері) электронды және қағаз нұсқасы, сонымен қатар, «Бизнес кеңесші» жобасы шеңберінде арнайы жасалған кеңсе керек-жарақтары.

         Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнес кеңесші» жобасы шеңберінде сертификат алған тыңдаушылардың жалпы саны 11 296 адамды құрады.

 

№          р/с

Оқыту күні

Оқыту тілі

Өткізілетін орын

Қатысушылар саны

Үйретушінің аты-жөні

1

05.04.2016- 06.04.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Қосбармақова А.Н

 

07.04.2016- 08.04.2017

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.

2

26.04.2016- 27.04.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Төлеби ауданы, Ленгер қ., 1 м/а., 15 аг.Шымкент

30

Косбармакова А.Н

3

26.04.2016- 27.04.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Ордабасы ауданы,

Ордабасинский район, Темірлан селосы, Абасов көш., н/үй.

30

Абильдабеков К.А.

4

05.05.2016- 05.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

 Арыс қ., Д.А.Қонаев көш, 9

30

Косбармакова А.Н.

5

05.05.2016- 05.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

 Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов селосы, Қонаев көш., 16 А

30

Абильдабеков К.А.

6

12.05.2016- 13.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.Косбармакова А.Н.

7

17.05.2016-18.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шардара қ, Аширов көш.

30

Косбармакова А.Н.

8

17.05.2016-18.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Мақтарал ауданы, Жетісай қ., Байботаев көш., н/үй

30

Абильдабеков К.А.

9

20.05.2016-21.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.Косбармакова А.Н.

10

24.05.2016-25.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Түркістан қ. С.Қожанов көш. 42

30

Абильдабеков К.А.

11

24.05.2016-25.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Отырар ауданы, Шәуілдір селосы, Әуезов көш.,н/үй

30

Косбармакова А.Н.

12

24.05.2016-25.05.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.Косбармакова А.Н.

13

31.05.2016-01.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Бәйдібек ауданы, Шаян с,  С.Сейфуллин көш., н/үй

30

Косбармакова А.Н.

14

01.06.2016-02.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Созақ ауданы, Шолаккорган селосы, Жібек жолы көш.,, н/үй

30

Абильдабеков К.А.

15

07.06.2016-08.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.Косбармакова А.Н.

16

09.06.2016-10.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Сайрам ауданы , Сайрамский район, Аксукент мекені, Абылайхана көш, 66

30

Абильдабеков К.А.

17

14.06.2016-15.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Сарыағаш қ,. Смаилова көш,, н/үй

30

Косбармакова А.Н.

18

21.06.2016-22.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.Косбармакова А.Н.

19

28.06.2016-29.06.2016

Қазақ тілі, орыс тілі

Шымкент қ.

30

Абильдабеков К.А.Косбармакова А.Н.

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған..

Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор.

Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. ИИДМБ іске асыру шарттарында ірі өндірістер барған сайын көбірек қалыптастырылатын болады, олардың жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер жұмылдырылатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда шағын кәсіпкерлік субъектілері тұрғындардың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа түрткі беруге тиіс.

Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет, олар қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен шектелмейді.

1. Бағдарламаның паспорты

    

Бағдарламаның атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы;

«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру

Бағдарламаның міндеттері

1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;

2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту;

3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту;

4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту;

5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;

6. Халықтың шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылуын ұлғайту;

7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау;

8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;

10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2015 - 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

1. ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға жеткізу;

2. ШОК-тың өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту;

3. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту;

4. ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

1) республикалық бюджет қаражаты:

      2015 – 45 353 595 мың теңге;

      2016 – 38 157 491 мың теңге;

      2017 – 41 345 919 мың теңге;

      2018 – 41 345 339 мың теңге;

      2019 – 66 922 683 мың теңге;

2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы – 7 200 000 мың. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге 2015 жылы – 9 781 530 мың теңге.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары туралы

АНЫҚТАМА

1. Кредиттердің/ қаржылық лизинг шарттарының сыйақы мөлшерлемесін бірінші, екенші және үшінші бағыты аясында субсидиялау.

  • Қарыздар субсидияланатын сала:

Бірінші бағыт бойынша: Экономиканың барлық салалары салалық шектеулерсіз;

Екінші және үшінші бағыт бойынша: Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да анықталған

  • Мақсатты топ:

Бірінші бағыт бойынша: жеке жобаларын ауылдық елді мекендерде , шағын қалалар (Арыс, Ленгер, Жетісай, Шардара, Сарыағаш қалалары) мен моноқалаларда (Кентау қ.) салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.

Екінші бағыт бойынша: Жеке жобаларын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер.

Үшінші бағыт бойынша: Жеке жобаларын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, сонымен қатар, өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер.

  • Субсидиялау мерзімі:

 Барлық үш бағыт бойынша 3 жыл, 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен.

  • Субсидияланатын қарыздар валютасы.

Бірінші және екінші бағыт бойынша – теңге;

Үшінші бағыт бойынша – теңге, шет ел валютасы.

  • Субсидияланатын қарыздардың номиналды сыйақы мөлшерлемесі:

Бірінші және екінші бағыт бойынша 16% жоғары емес;

Үшінші бағыт бойынша теңгеде – 16% жоғары емес, шет ел валютасында -  жылдығ пайызы 12% жоғары емес.

  • Субсидияланатын сыйақы бөлігі:

Бірінші бағыт бойынша – 10% мемлекет, қалғанын кәсіпкер;

Екінші бағыт бойынша Бағдарламаның басым секторларындағы жобаларға – 7% мемлекет, қалғанын кәсіпкерлер, ИИДМБ басым секторларындағы жобалар бойынша - 10% мемлекет, қалғаны кәсіпкерлер;

Үшінші бағыт бойынша кредиттер теңгеде болса - % мемлекет, қалғанын кәсіпкерлер, шет ел валютасында - 5% мемлекет, қалғанын кәсіпкерлер

  • Субсидияланатын қарыздардың ең жоғарғы сомасы:

Бірінші бағыт бойынша – 750 млн. теңгеге дейін

Екінші және үшінші бағыт бойынша – 4,5 млрд. теңгеге дейін.

  • Субсидияланатын қарыздардың нысаналы пайдаланылуы

Бірінші және екінші бағыт бойынша :

- Негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңа құралдарды сатып алуға;

- Негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңа құралдарды сатып алуға бағытталған қарыз сомасының 30 %-дан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға;

- Негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңа құралдарды сатып алуға берілген алдыңғы қарыздарды қайта қаржыландыру, немесе негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңа құралдарды сатып алуға бағытталған қарыз сомасының 30 %-дан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға;

- Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерді кепілдендіру жағдайында;

Үшінші бағыт бойынша:

- Негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңа құралдарды сатып алуға;

- айналым қаражатын толықтыруға;

- Бұрын берілген қарыздарды қайта қаржыландыруға.

  • Кредиттердің мерзімдері бойынша шектеулер:

Жаңа кредиттер бойынша: ӨҮК-ге шығарғанға дейін 12 айдан аспайтын, берілген күннен бастап есептеледі;

Қайта қаржыландыру кредиттері бойынша:  ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде берілген күннен бастап есептеледі.

  • Субсидиялануға жатпайтын кредиттер:

- Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

- ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

- қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

- овердрафт түріндегі;

- қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары.

  • Бағдарламаға қатысушы бола алмайтындар:

- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

-  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

- қиыршықтас және құм карьерлерін қазуға, тұз өндіруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

 - құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар.

 

2. Қарыздар бойынша кепілдік беру

 

  • Қарыздар субсидияланатын сала:

Бірінші бағыт бойынша: Экономиканың барлық салалары салалық шектеулерсіз;

Екінші бағыт бойынша: Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да анықталған.

  • Мақсатты топ:

Бірінші бағыт бойынша: жеке жобаларын ауылдық елді мекендерде , шағын қалалар (Арыс, Ленгер, Жетісай, Шардара, Сарыағаш қалалары) мен моноқалаларда (Кентау қ.) салалық шектеулерсіз іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер;

Екінші бағыт бойынша: Жеке жобаларын Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да іске асырушы және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер.

  • Кепілдік беру мерзімі:

Барлық бағыттар бойынша 5 жылға дейін. Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға жіберілген 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

  • Қарыздарға кепілдік беру валютасы: теңге.
  • Кепілдендірілген қарыздардың номиналды сыйақы мөлшерлемесі: жылдық ставкасы 16% аспайды.
  • Кепілдік мөлшері:

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін  кредит сомасының 50%-на дейін

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кредит сомасының 85%-на дейін;

         360 млн. теңгеден жоғары кредиттер үшін 20%-на дейін.

  • Кепілдендірілетін кредиттің ең жоғары сомасы:

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін:

- 1 бағыт бойынша 180 млн. теңгеге дейін;

- 2 бағыт бойынша 360 млн. теңгеге дейін;

- ИИДМБ басым секторларындағы жобалар бойынша 1 850 млн. теңгеге дейін.

         Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:

- 1 және 2 бағыттар бойынша – 20 млн. теңгеге дейін;

  • Кепілдендірілетін қарыдардың нысаналы пайдаланылуы:

1 және 2 бағыттар бойынша:

- Негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңа құралдарды сатып алуға;

- Қаражатының 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер.

  • Кредиттердің мерзімдері бойынша шектеулер:

Тек жаңа кредиттер.

  • кепілдікті беру үшін төленетін комиссия

кепілдік беру мерзіміне байланысты: қоса алғанда (екі) жылға дейін - кепілдік беру сомасының 0,05 %-ын; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасының О1 %-ын Қаржылық агенттікке төлейді («Даму»КДҚ» АҚ).

 

3. Мемлекеттік гранттар беру

 

  • Әлеуетті қатысушылар:

Бағдарламаның 1 қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларында және Бағдарламаның 2 қосымшасына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғалар.

моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеке жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар.

  • Міндетті шарттар:

Бағдарламаның және/немесе «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған Кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бір бизнес-жоба бойынша грант беру мақсатында әрбір Кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен Кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

  • Грант қаражатын мақсатты пайдалану:

Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу

4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Грант қаражатын жылжымалы мүлік, жер учаскесін сатып алуға және алдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.

  • Гранттың ең жоғары сомасы:

Бір кәсіпкер үшін Гранттың ең жоғары сомасы 3 млн. теңге. Жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылары нысаналы басым топқа қосылған бірнеше жеке тұлға болып табылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлғаға Грант сомасы көрсетілген құрылтайшылар санының 3 000 000 (үш миллион) теңгеге көбейтіндісіне тең сомадан аспауға тиіс.

  • Келесідей кәсіпкерлерге Гранттар берілмейді:

- қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылған;

- салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

- қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

- орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері.

 

4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит бер

 

  • Мақсатты топ

ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері.

  • Микрокредиттерді нысаналы пайдалану:

жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.

  • Ең жоғары микрокредит сомасы: бір қарыз алушыға 10 млн. теңге.
  • Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:  10%-дан аспауға тиіс.

 

         5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

 

  • Сала:

Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ аясында.

  • Мақсатты топ:

жекелеген жобалар үшін дара (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары.

  • Инфрақұрылым түрлері:

Құрылыс және реконструкциялау: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін.

 Құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

 

Қаржыландыру көздері:

- Республикалық бюджет;

- Жергілікті бюджет.

  • Қаржыландыру үшін критерийлер:

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны ШОБ субъектілері жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс;

Индустриялды аймақтар үшін инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялды аймақты құру және дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.

Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін:

         - құрылыс құнының 10% төмен емес көлемде жергілікті бюджеттен  бірлесіп қаржыландыру

ШОБ субъектілерінің жобалары үшін:

- жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем емес;

- инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмауы тиіс.

Индустриялық аймақтар үшін:

- жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды;

- инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.

Республикалық бюджет есебінен жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келетін/сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  • Инфрақұрылым жүргізіледі:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін объекті аумағының шекарасына дейін, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

индустриялық аймақ үшін шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 «Бизнестің жол картасы 2020»

бизнесті қолдау мен дамытудың

бірыңғай бағдарламасына  

1-қосымша        

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басымсекторларының тізбесі

ЭҚЖК коды

Атауы

Аграроөнеркәсіп кешені

01

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру

03

Балық шаруашылығы және аквадақылдары

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Ашытқы өндіру

11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршықтас және құм карьерлеріни қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13

Тоқыма өнімдерін өндіру

14

Киім өндіру

15

Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндір

16

Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау өнеркәсібі

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа да көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

39

Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

Көлік және жинақтау

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықта жүретін басқа да жолаушылар көлігі

49.41

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

50

Су көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьер қызметі

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық саябақтары

Ақпарат және байланыс

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

81

Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

Білім беру

85

Білім беру

   Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну

88

Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

   Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93

Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет

   Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу

96.01

Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)

       

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

бизнесті қолдау мен дамытудың

бірыңғай бағдарламасына  

2-қосымша        

ИИДМБ-ге сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларының тізбесі

      1. Қара металлургия.

      2. Түсті металлургия.

      3. Мұнай өңдеу.

      4. Мұнай-газ химиясы.

      5. Тамақ өнімдерінің өндірісі.

      6. Агрохимия.

      7. Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі.

      8. Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі.

      9. Электр жабдығы.

      10. Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі.

      11. Теміржол техникасының өндірісі.

      12. Тау-кен өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі.

      13. Мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі.

      14. Құрылыс материалдарының өндірісі.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

 

Бағдарламаны жүзеге асыруға Оңтүстік Қазақстан облысына республикалық бюджеттен 2016 жылға 4,6 млрд. теңге қаралуда, оның ішінде:

1) Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 1,2 және 3 бағыт бойынша – 3,3 млрд. теңге;

2) Банктердің кредиттеріне ішінара кепілдік беруге 1 және 2 бағыт бойынша - 214,8 млн. теңге;

3) 1 және 2 бағыттар бойынша рранттар ұсынуға – 85,0 млн. теңге;

4) 1 бағыт бойынша микрокредиттер беруге – 305,6 млн. теңге;

5) Қажетті өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу – 699,1 млн. теңге.

Бағдарламаны бұдан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттен қарастырылған қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.  

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ,

МІНДЕТТЕРІ, ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

         1 Бағдарламаның мақсаты

         1. Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

 

         2 Нысаналы индикаторлар

         2. 2020 жылға қарай қол жеткізілетін Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:

      1) ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5%-ға жеткізу;

      2) ШОК өнімін шығару көлемін 2014 жылдың деңгейінен 1,5 есеге ұлғайту;

      3) белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту;

      4) ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылдың деңгейінен 50%-ға ұлғайту.

 

         3 Міндеттері

      3. Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына жету үшін жұмыс мынадай төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

      1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

      2) экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау;

      3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

      4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету.

 

      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау.

      Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1) моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру;

      2) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуаттарын ұлғайту;

      3) моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бизнес-бастамаларын кеңейту.

 

      1-міндет: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру

 

      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге және микроқаржы ұйымдарына берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, микрокредиттер беру жүзеге асырылатын болады.

 

1-кесте: Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру бойынша нысаналы көрсеткіштер.

P/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі субсидияланған жобалардың саны, бірлік

200

200

200

200

200

1000

2

Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде берілген кепілдіктердің саны, бірлік

60

60

61

61

62

304

3

Моноқалаларда, шағын қалалар мен және ауылдық елді мекендерде берілген микрокредиттердің саны, бірлік

558

601

648

648

648

3103

   

   2-міндет: Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру

      Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің өндірістік қуаттарын арттыру үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жүзеге асырылатын болады.

      2-кесте: Кәсіпкерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жобаларының саны, бірлік

1

10

10

12

12

45

   

   3-міндет: Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту

      Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылатын болады.

      3-кесте: Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне берілген гранттардың саны, бірлік

20

20

20

20

20

100

2

Кәсіпкерлік қызметті ауылдық елді мекендерге, шағын және моноқалаларға көшіру шығындары өтелген жобалардың саны, бірлік

-

48

48

48

48

192

    

  Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау.

      Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1) өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту;

      2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      3) шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту.

 

      4-міндет: Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту;

      Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары тік мәмілелер және микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.



      4-кесте: Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер:

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында субсидияланған жобалардың саны, бірлік

5192

5938

7037

7037

7037

32241

2

Экономиканың басым секторларына және өңдеуші өнеркәсіп салаларына берілген кепілдіктер саны, бірлік

300

350

400

400

400

1580

3

Экономиканың басым секторларына және өңдеуші өнеркәсіп салаларына берілген гранттар саны, бірлік

80

80

80

80

80

400

 

      5-міндет: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру

      Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.



      5-кесте: Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер орындарын құру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер:

 

Р/с №

Көрсеткіштер атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кәсіпкерлер жобаларының саны, бірлік

74

50

50

50

50

274

2

Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақтардың саны, бірлік

8

5

4

3

4

24

     

6-міндет: Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту

      Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.



      6-кесте: Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтуды 2014 жылдың деңгейінен ұлғайту, %

-

10%

-

30%

40%

40%

     

 Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту

      Осы бағыттың шеңберінде шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау жөніндегі міндетті шешу қажет:

      7-міндет: Шетелдік валюталардың ауытқуларына қарамастан валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау

      Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.



      7-кесте: Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттікке өзгеруін болдырмау жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында валюталық түсімді иеленген кәсіпкерлердің субсидияланған жобаларының саны, бірлік

56

56

56

56

56

280

   

   Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету

      Осы бағыттың шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;

      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

    

  8-міндет: Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін «Бизнес-насихат» жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.



      8-кесте: Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру мерзімдері

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Әзірленген және көп таралған ақпараттық-талдамалық анықтамалар мен оқу-әдістемелік құралдардың саны

2600

2600

2600

2600

2600

13000

2

Сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында өтетін телебағдарламалардың ұйымдастырылған сериялар саны

10

15

15

20

20

80

3

Ұйымдастырылған дәрістер, семинарлар, шеберлік сыныптар саны

16

16

16

32

32

112

    

  9-міндет: Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру

      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызметтің негіздерін оқыту, мамандардың, кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпорындардың құзыретін арттыру, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру жүзеге асырылатын болады.

     

 Кесте 9: Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер:

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Оқытылған кәсіпкерлердің саны, бірлік

15 000

15 000

15 000

15 000

15 000

15 000

2

Сервистік қызмет көрсетілген кәсіпкерлердің саны, бірлік

30000

30000

30000

30000

30000

150000

3

Кәсіпкерлер қызметкерлерді оқыту жөніндегі, сондай-ақ шетелдік сарапшыларды шақыру жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеуге жұмсаған шығындар өтелген жобалардың саны

1

2

2

2

2

9

4

Кәсіпорынның біліктілігін арттыру кезінде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

10

10

10

10

10

50

5

Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды ал мәселелері бойынша консультациялар алған кәсіпкерлер саны, бірлік

-

500

500

500

500

2200

   

   10-міндет: Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру

      Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін жаңа басқару тәсілдерін енгізу, өндіріс технологиялары (аға сеньорлар), өнімділікті арттыру және кәсіпорындардың энергия қуатын үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпкерлерін қолдау жөніндегі бағдарламасы), сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық дамыту мәселелері бойынша сырттан консультациялар тарту жүзеге асырылатын болады.

    

  10-кесте: Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру мерзімдері

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Жаңа басқару тәсілдерін, өндірістің технологияларын енгізу, өнімділікті арттыру және өндірістің энергия қуатын үнемдеу мәселелері бойынша тартылған сыртқы консультанттардың саны, бірлік

180

48

64

64

64

420

2

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау кезінде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

10

10

10

10

10

50

3

Технологиялық процестерді жүргізу, жетілдіру кезінде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

3

3

3

3

3

15

4

Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру кезінде кәсіпкерлер жұмсаған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны

3

3

3

3

3

15

5

Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалары) сәйкес өнімді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаған кезде жұмсалған шығындар өтелген кәсіпкерлердің саны

25

23

23

23

23

117

    

  11-міндет: Іскерлік байланыстарды кеңейту

      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату («Іскерлік байланыстар» құралы) және отандық өңделген тауарларды жылжыту шаралары жүзеге асырылатын болады.

      11-кесте: Іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер.

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру мерзімдері

2015

2016

2017

2018

2019

Жиыны

1

Шет мемлекеттерге жіберілген кәсіпкерлер саны, бірлік

30

30

30

30

30

150

2

Отандық өңделген тауарларды алға жылжыту кезінде кәсіпкерлер жұмсаған шығындар өтелген жобалардың саны

48

47

47

47

47

236

 

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру 2010 жылдан 2014 жылдар аралығында іске асырылған, сонымен бірге 2010 жыл – сынамалы жыл;

2010 жылы мәселенің шешу, Бағдарлама 3 бағыт арқылы жүзеге асырылған: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (әлеуетті жұмыс орындарын құруды ұйымдастыру, жастар іс-тәжірбиесі және кадр даярлауды қоспағанда) кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау.

2011-2014 жылдарда мәселенің шешімі 2 бағыт арқылы іске асырылған: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау және экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау.

2015 жылдың 31 наурызында "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілді (бұдан әрі - Бағдарлама). Бағдарламаны 2 кезеңнен жүзеге асыру жоспарланған.

Бірінші кезең - 2015 жыл

Бірінші кезеңде Бағдарламада көзделген мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру тәртібін регламенттеуге бағытталған мықты нормативтік құқықтық база қалыптастыру қажет.

Банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау, банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру, микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарына кепілдік беру, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру, мемлекеттік гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту көзделеді.

Нәтижесінде Бағдарламаны ашық және тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін тиісті нормативтік шарттар қалыптастырылатын болады.

Екінші кезең - 2016 - 2019 жылдар

Екінші кезеңде Бағдарламада көзделген мемлекеттік қолдау құралдарын тиісінше іске асыру жұмыстарын күшейту күтіледі.

Мемлекеттік қолдау құралдарын қолдану Бағдарламада алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан ұдайы мониторингпен сүйемелденеді.

Мониторинг қорытындылары бойынша Бағдарламаның тиімділігін арттыру, оның құралдарын жетілдіру бойынша тиісті шаралар жыл сайынғы негізде қабылданатын болады.

Бағдарламаны ұдайы мониторингтеу арқылы іске асыру Бағдарламаның межеленген міндеттерін орындауға және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жарияланған: 21.04.2016 - 16:59:38
Жаңартылған: 04.05.2016 - 17:45:25
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі