Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Инвесторлар үшін

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы – бұл экономикалық тұрғыда ең белсенді халық тұратын өңірлердің бірі, өңірде шамамен 190 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

Соңғы 5 жылдың өзінде облыста жалпы инвестиция көлемі 184 млрд.теңге құрайтын 137 жаңа кәсіпорын бой көтеріп, 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлік тәуекелдерді талдау және ҚР ҰЭМ Статистика комитеті ұсынған деректерге сәйкес A. T. Kearney компаниясы тарапынан жасалынған зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы бизнес жасауға ең қауіпсіз мекен деп танылды.

Облыста инвесторларға барлық мүмкіндіктер жасалынған.  

Кез келген инвесторды/кәсібін енді бастаймын деген кәсіпкерді 3 сұрақ алаңдатады:

         1) ОҚО-ға инвестиция тарту немесе бизнес бастау үшін қай жерге жүгіну қажет?

         2) Жобаны қаржыландыру бойынша мемлекет тарапынан қандай қолдаулар алуға болады?

         3) Жобаны қайда орналастыруға болады?

ОҚО-ҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ НЕМЕСЕ БИЗНЕС БАСТАУ ҮШІН ҚАЙ ЖЕРГЕ ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ?

Облыста Қазақстан Республикасында алғаш рет әкімдік жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды және орталықтың облыстағы барлық аудан, қалаларда филиалдары бар (бұдан әрі – ОҚО КҚКО).

ОҚО КҚКО басты мақсаты кәсіпкерлерге және инвесторларға «бір терезе» қағидатымен толыққанды қызмет көрсету. ОҚО КҚКО ғимаратында барлық даму институттары және қаржы ұйымдарының, сондай-ақ, сервистік компаниялардың өкілдіктері орналасқан.

Штаттық кестеге сәйкес ОҚО КҚКО-да жалпы 120 адам жұмыс істейді, оның 50-і Шымкент қаласында, 70-і аудан және қалардағы филиалдарда. Бұл қызметкерлер әрбір әлеуетті инвесторға жанг-жақты қолдау көрсетуге дайын.

ОҚО КҚКО келесі бағыттарда қызмет көрсетеді:

  1. Рұқсаттама құжаттарын алу;
  2. Жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету және қаржыландыру;
  3. Консалтингтік және сервистік қызмет;
  4. Кәсіпкерлерді оқыту.

ОҚО КҚКО-на жүгінген бастауыш кәсіпкерлер және кәсіпкерлікпен айналысуға бет бұрған жандар қызметтердің толық кешенін ала алады, яғни, оқыту, бизнес саласында консультация алу, бизнес-жоспар және маркетингтік жоспар әзірлеу, рұқсаттама құжаттарын алуға жәрдемдесуден бастап, жобаны сүйемелдеуге дейін. 

Бүгін, ОҚО КҚКО арқасында өңірде кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.

Толығырақ ақпаратты http://kasip.info/ru/ сайтынан алуға болады.

ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚАНДАЙ ҚОЛДАУЛАР АЛУҒА БОЛАДЫ?

ОҚО-да жобаларды қаржыландыру бойынша келесі шаралар қолданылады.

1) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы

2) «Максимум» АИО» ЖШС арқылы жобаны қаржыландыру

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020»

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында келесі мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі:

1. Бағдарламаның бірінші бағыты:

Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

1) Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;

2) Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) Мемлекеттік гранттар беру;

4) Шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;

2. Бағдарламаның екінші бағыты:

1) Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриялдық) инфррақұрылымды дамыту, индустриялдық аймақтары құру;

4) мемлекеттік гранттар ұсыну.

3. Бағдарламаның үшінші бағыты:

Бағдарламаның үшінші бағыты банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы       

«Максимум» АИО Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен құрылып, 2009 жылдың сәуір айынан бастап өз жұмысын инвестициялық жобаларды жеңілдетілген қаржыландырумен айналысып, аймақтың мемлекеттік  инвестициялық саясатының жүзеге асуына өз үлесін қосып келеді.

«Максимум» АИО қызметінің  негізгі бағыты – Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерін несие және қаржылық лизинг беру арқылы қаржыландыру.

«Максимум» АИО басты мақсаты – тиімді инвестициялық саясат арқылы ОҚО экономикасын дамыту, экономиканың басты бағыттары бойынша жобаларды қаржыландыруда сырттан инвесторлар тарту арқылы аймақ кәсіпкерлерінің қаржы ресурстарға қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

«Максимум» АИО жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлеріне келесідей қаржы түрлерін ұсынады:

-   тікелей несиелендіру (қарыздар);

-   қаржылық лизинг;

-   өзінің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ-ы арқылы микронесие беру. 

Толығырақ ақпаратты http://www.maksimum.kz сайтынан алуға болады.

ЖОБАНЫ ҚАЙДА ОРНАЛАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?  

Жобаларға жер телімдерін беру мақсатында облыста индустриялық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар құрылған.

Индустриялық аймақтар

Индустриялық аймақтар өңірдің (әсіресе аудандардың және кіші қалалардың) инвестициялық тартымдылығын арттыруға  және инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған.

Бүгінгі таңда Шымкент қ. және барлық аудан, қалаларында 11 индустриялық аймақты құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 индустриалды аймақтың инфрақұрылымы тартылған (Шымкент қ.

(337 га), Түркістан қ. (40 га) және Созақ ауданы (50 га)).

Ағымдағы жылы 6 индустриалдық аймақтың инфрақұрылым құрылысының аяқталуы жоспарлануда (Шардара, Түлкібас, Бәйдібек, Мақтарал, Қазығұрт аудандары және Кентау қаласы).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Тассай және Қазақ-түрік индустриалдық аймақтарының инфрақұрылысы ағымдағы жылы басталды.

Басқа аудан, қалаларда индустриалдық аймақтың құжаттары әзірленуде (http://industzona.kz сайтына сілтеме).

Толығырақ ақпаратты http://industzona.kz сайтынан алуға болады.

«Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағы

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының (200 га) мақсаты мақта өңдейтін кәсіпорындарды дамыту, тектиль және тігін өнеркәсібін дамыту, текстильдік өнімдерді өңдеу мақсатында әлемдік сауда маркаларының өндірушілерін тарту, жоғары технологиялық өндірістерді құру, өндіріліп жатқан текстильдік бұйымдардың сапасын жақсарту және оның ассортименті көбейту болып табылады.

АЭА аумағында басты қызметтерінің бірі болып табылатын өндірістер:

¾Басқа да тоқылған және трикотажды бұйымдар;

¾дайын текстильді бұйымдар, киімнен кешектен басқа;

¾Киімдер, аң терісінен және жүнінен басқа;

¾Иіру, тоқыма және әрлеу өндірісі;

¾Маталық емес бұйымдар, киімнен басқа;

¾Кілем және кілем бұйымдары;

¾Ағаш массасы және целлюлоза;

¾Қағаз бен картон;

¾Жазу қағазының бұйымдары;

¾Былғары өнімдер, теріні илеу және өңдеу, аң терісін өңдеу мен бояудан басқа.

«Оңтүстік» АЭА Басқарушы компаниясы қатысушыларға өтініш беруден іске қосуға дейінгі мәселелер бойынша жәрдемдеседі.

Бұдан бөлек, «Оңтүстік» АЭА аумағында жеңілдіктер мен преференциялар, айрықша кедендік және салық жүйесі жұмыс істейді.

Аталған босаңдықтың тартымдылығы КТС, мүліктік салыққа, жер салығына, АЭА аумағында сатылған және пайдаланылып жатқан тауарларға ҚҚС салықтық төлемдердің болмауы болып табылады.

«Оңтүстік» АЭА аумағына шетел жұмысшыларын тарту үшін кадрдағы қазақстандық қамту үлесін сақтау, ішкі нарықтықта лайықты кандитатураны іздеу рәсімі жойылған.

Толығырақ ақпаратты http://www.sez-ontustik.kz сайтынан алуға болады.

______________________________

Шымкент инновация сайты (инвесторларға қызмет көрсету орталығы) - www.southkazinvest.kz

"Оңтүстік" индустриялдық аумақтың басқарма мекемесінің сайты - www.industzona.kz

 

 

 

Жарияланған: 25.11.2015 - 12:57:22
Жаңартылған: 18.12.2015 - 18:32:04
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі