Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Ішкі бақылау нәтижелері бойынша ұсынылған ақпаратқа талдамалық анықтама

-A A +A

Ұсынылып отырған кесте Агенттік жолдаған түсіндірмеге сәйкес толтырылды. Тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызметтiң 174 түрi көрсетiледі. 2016 жылдың 4 тоқсанның қорытындымен көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң жалпы саны 17 700 707 қызмет ұсынылса, оның 10 696 038 тікелей мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде, 339 771 халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-ХҚКО) арқылы және 6 664 898 тікелей мемлекеттік орган арқылы электронды түрде ұсынылды. Сондай ақ, ХҚКО мен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсыну мүмкіндігі бар 92 қызметтің 68 тікелей мемлекеттік орган арқылы ұсынылған.

Облыстық әкімдіктің араласуымен, түсіндіру жұмыстарын халықтың арасында (емханаларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында) жүргізуге ықпал етуінің нәтижесінде 2016 жылы «Электрондық үкіметтің» порталы арқылы ұсынылатын қызметтердің саны артты.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң барынша көп саны денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда, «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» - 12 481 836, «Дәрiгердi үйге шақыру» -1 165 973, «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» - 335 478 қызмет.

Құжаттардың мерзімдерінің бұзылуы бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 198 құжаттың мерзімін, «электронды портал» арқылы 11, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы 47 құжаттың мерзімін бұзып орындады.

Осы мерзімі бұзылған құжаттар бойынша 43 қызметкерге тиісті шаралар көрілді. Оның ішінде 11 қызметкерге «ескерту», 19 қызметкерге «сөгіс», 10 қызметкерге «қатаң сөгіс», 2 қызметкерге «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» тиісті тәртіптік шаралар көрілді және бір қызметкер атқаратын лауазымынан босатылды.

Қызмет ұсыну сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың және қызметтің сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 357-ні құрады, оған қатысқан халықтың саны - 54540.

Сонымен қатар, бекітілен іс-шаралар жоспарына сәйкес 137 объектіге (114 ЖАО мекемесі, 23 ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) 137 ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 32 бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 32 қызметкерге шара көрілді ( 22-«ескерту», 9 «сөгіс», 1 «қатаң сөгіс).

Жарияланған: 29.03.2017 - 12:51:51
Жаңартылған: 29.03.2017 - 12:51:51
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі