Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

-A A +A

 

 
                                                                                                                                     Қазақстан Республикасы Президентінің
                                                                                                                                       Әкімшілігі Басшысының
                                                                                                                                      2015 жылғы     желтоқсандағы
                                                                                                                                                          №           бұйрығымен
                                                                                                                                      БЕКІТІЛГЕН
 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
(іске асыру мерзімі: 2015 жылғы желтоқсан - 2016 жыл)
 
Тапсырманың мазмұны
Аяқталу
нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімдері
Бақылау
 
1
2
3
4
5
6
I. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
 
  1.  
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі – Жолдау) ақпараттық-имидждік сүйемелдеудің негізгі бағыттары туралы кеңес өткізу
кеңес өткізу
МСМ, ПӘ ІСБ
2015 жылғы
желтоқсан           
ІСБ
  1.  
Республикалық БАҚ жетекшілерімен Жолдауды түсіндіру және іске асыру жөніндегі ақпараттық жұмыс жүргізу мәселесі бойынша кездесулер өткізу
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ (жинақтау), ОКҚ
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін         
ІСБ
  1.  
Жолдауда белгіленген негізгі міндеттер, сондай-ақ олардың ақпараттық жариялануы жөнінде орталық мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерін ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО
2015 жылғы
30 желтоқсанға дейін
ІСБ, МБАҰЖБ
  1.  
Астана, Алматы қалалары мен облыстардың, қалалар мен аудандардың активтерінің қатысуымен Жолдаудың негізгі ережелерін ақпараттық-түсіндіру жөнінде кеңес өткізу
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері
2015 жылғы
30 желтоқсанға дейін
ІСБ, МБАҰЖБ
  1.  
«Нұр Отан» партиясының және партияның парламенттік фракциясының Жолдауды түсіндіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру
 
іс-шаралар жоспары;
 
ПӘ-ге ақпарат
«Нұр Отан» партиясының аппараты
 (келісім бойынша)
2015 жылғы
25 желтоқсанға
дейін;
жартыжылдықта бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
10-күніне дейін)
ІСБ
  1.  
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу  жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері
2016 жылғы             15 қаңтарға дейін
ІСБ
  1.  
Жергілікті мемлекеттік органдар басшылары мен өкілдері, мәслихаттар депутаттары, ҚХА, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, ҮЕҰ, БАҚ және т.б. қатарынан, олардың мамандығы мен кәсіби қызметінің бағыттарын ескере отырып, Жолдауды түсіндіру жөніндегі өңірлік ақпараттық топтардың жұмысын ұйымдастыру. Өңірлік БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың           10-күніне)
ІСБ, МБАҰЖБ
  1.  
Жолдаудың идеяларын түсіндіру мен іске асырылу барысы жөніндегі көрнекі үгітті (логотип, билбордтар, лайтбокстер, кермелер, плакаттар) дайындауды және қоғамдық жерлерде (стадиондар, саябақтар, қоғамдық көлік, лифтілер, театрлар, кинотеатрлар, вокзалдар, мәдениет сарайлары және т.б.), сондай-ақ оқу орындарының оқу корпустарында, ЖОО-да, ДББҰ-да орналастыруды қамтамасыз ету
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері
 
 
2016 жылғы      
11 қаңтарға;
 
жартыжылдықта бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
10-күніне дейін)
ІСБ
  1.  
Премьер-Министрдің өкімімен орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшыларының Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және іске асырылу барысы бойынша БАҚ-та сөз сөйлеуі кестесін бекіту. Кестенің орындалуын  қамтамасыз ету
Премьер-Министрдің өкімі;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
«Bnews» сайтындағы үкіметтік баспасөз клубы конференцияларында орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіру және іске асырылу барысы жөніндегі отырыстарының кестесін Премьер-Министрдің тиісті өкімімен бекіту. Кестенің орындалуын қамтамасыз ету
Премьер-Министрдің өкімі;
ПӘ-ге ақпарат
ПМК
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен «www.e-gov.kz» порталында Жолдауды түсіндіру, сондай-ақ оның іске асырылу барысы жөнінде интернет-конференциялар өткізу кестесін Премьер-Министрдің тиісті өкімімен бекіту. Кестенің орындалуын қамтамасыз ету
Премьер-Министрдің өкімі
ПӘ-ге ақпарат
ПМК
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жергілікті мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық өкілдіктері басшыларының (келісім бойынша) БАҚ-та сөз сөйлеу кестесін әзірлеп, бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету  
сөз сөйлеу кестесі;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының, Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің, ҮЕҰ-дың ОКҚ брифингтерінде Жолдаудың іске асырылу барысын түсіндіру бойынша сөз сөйлеулерінің кестесін қалыптастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету 
сөз сөйлеулер кестесі;
 
ПӘ-ге ақпарат
ОКҚ (жинақтау), ОМО,
ұлттық компаниялар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ, МБАҰЖБ
  1.  
Жолдаудың басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының БАҚ-та сөз сөйлеуі кестесін әзірлеуді ұйымдастыру және оның орындалуын қамтамасыз ету
сөз сөйлеу кестесі
ІСБ, СӘТО, ЖБ, ҚХАХ, ППӨ, ҚКХ, ҚКТБ, ҚКӘҚҚБ, МБАҰЖБ, МҚКСБ, ССО, ӘЭМБ
2015 жылғы
10 желтоқсанға дейін
 
ІСБ
  1.  
БАҚ-та сөз сөйлеу мен түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент пен мәслихаттар депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдары, білім және ғылым, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, спорт, мәдениет пен өнер, конфессиялар өкілдері, ҚХА, этно-мәдени бірлестіктер мүшелері мен салалар бойынша сарапшылар қатарынан спикерлер тізімін қалыптастыру
спикерлер тізімі;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ, ҚХАХ
2015 жылғы
15 желтоқсанға дейін
 
ІСБ
  1.  
Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, республика мен өңірлер бөлінісіндегі «оқиғалар қатарын» қалыптастыру, республикалық және өңірлік БАҚ-та оның ақпараттық сүйемелденуін және тоқсан сайын жаңартылуын қамтамасыз ету
 
«оқиғалар қатары»;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
 
тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне)
ІСБ
  1.  
Республикалық және өңірлік деңгейде Жолдаудың негізгі бағыттарын жариялауға маманданған журналистер мен блогерлер тобын қалыптастырып, олардың жұмысын ұйымдастыру
 
журналистер мен блогерлер пулы;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау),  ОКҚ, ИДМ,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
2015 жылғы
15 желтоқсанға дейін;
 
тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне)
ІСБ
  1.  
Журналистер пулы мен блогерлерді Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстың жаңа әдістеріне, технологиялық тәсілдерге оқытуды ұйымдастыру
семинарлар-тренингтер, оның ішінде селекторлық байланыс арқылы
 
ПӘ-ге ақпарат
ОКҚ (жинақтау),  ИДМ,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
2016 жылғы             11 қаңтарға дейін
ІСБ
  1.  
ҚР-дың шетелдердегі елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктерінің шетелдік жұртшылықтың, оның ішінде шетелдік БАҚ-тың көрнекті өкілдерін тарта отырып шетелдерде түсіндіру жұмысын ұйымдастыруы
 
іс-шаралар жоспары;
 
ПӘ-ге ақпарат
СІМ
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
 
тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне)
ССО
  1.  
Шетелдік БАҚ-та Жолдау туралы арнайы материалдар мен пікірлер жариялауды ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
СІМ
жартыжылдықта бір рет (есепті жарты-жылдықтан кейінгі айдың 10-күніне)
ССО
  1.  
Жолдау басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдауы деңгейінің әлеуметтанушылық диагностикасын (нысаналы топтар бойынша), Жолдаудың іске асырылу барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін бағалауды ұйымдастыру және оның қорытындыларының БАҚ-та жариялануын қамтамасыз ету
 
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау), ИДМ
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
жартыжылдықта
бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
БАҚ-тағы, оның ішінде шетелдік БАҚ-тағы материалдарға мониторингті қамтамасыз ету
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, СІМ, ОКҚ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдаудың негізгі ережелерін талқылау бойынша ЖОО-да ғылыми-оқытушы құрамды тарта отырып «дөңгелек үстелдер», семинарлар, кураторлық сағаттар өткізуді ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
БҒМ (жинақтау)
Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері
жартыжылдықта
бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
10-күніне дейін)
ІСБ
  1.  
Жолдаудың негізгі ережелері бойынша әскери бөлімшелер мен құрылымдарда түсіндіру жұмысын жүргізу
ПӘ-ге ақпарат
ҚМ, ІІМ, ҰҚК, МКҚ
2016 жылғы             11 қаңтарға дейін
ҚКӘҚҚБ
  1.  
Жолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық, анықтамалық және әдістемелік материалдар дайындау жолымен БАҚ-тарға әдістемелік көмек жүйесін ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау),  ОМО,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
II. АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС
  1.  
Қаржы нарығын тұрақтандыру (инфляция деңгейін төмендету, пайыздық мөлшерлемелердің икемді өзеруінің тетіктерін енгізу және т.б.) бойынша мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ҰЭМ, ҚМ, ҰБ, ДСӘДМ  
 
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Бюджеттік саясатты оңтайландыру
бойынша (салық жүйесін реформалау, бюджеттік бағдарламаларға ревизия жасау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану және т.б.) мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, ҰБ, «Атамекен» ҰҚП (келісім бойынша)
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру бойынша (монополияға қарсы заңдарды ЭЫДҰ стандартарына сәйкес келтіру, банкроттық институтын ендіру, экономика секторында бағаны қалыптастыру нарығына өту және т.б) мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, ҰБ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ұлттық компаниялар
 
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша (инвестициялық климатты ЭЫДҰ стандартарына сәйкес жақсарту Инвесторларды тарту бойынша Үкіметтік және өңірлік кеңестерді құру, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жаңарту, техникалық және кәсіптік білім мамандарын дайындау бойынша орталықтар ашу) мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ұлттық компаниялар, «Назарбаев университеті» ДББҰ (келісім бойынша), «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ (келісім бойынша), «KazNexInvest» AҚ (келісім бойынша)
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жаңа әлеуметтік саясат бойынша (2020 жұмыспен қамту жол картасын жаңарту, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын кең көлемде ендіру, барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім алуды ендіру және т.б)  мемлекеттік органдар қызметін жария көрсетуді ұйымдастыру
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ДСӘДМ, ҰЭМ, ҚМ, БҒМ, АШМ, ИДМ, ЭМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, «Атамекен» ҰҚП (келісім бойынша)
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Бейнероликтер (15-тен кем емес) циклін әзірлеу және ротациялауды қамтамасыз ету:
1) Жолдау туралы (дайындау мерзімі – а.ж. 25 желтоқсан);
2) Жолдаудың міндеттері мен басты бағыттарын түсіндіру (дайындау мерзімі – а.ж. 25 желтоқсан);
3) Жолдаудың іске асырылу барысы туралы (жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша).    
Роликтердің көрсетілу мерзімі – жыл бойы
бейнероликтер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындаушы электрондық
 БАҚ-тар
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
 
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Аудиоджинглдердің (15-тен кем емес) циклін әзірлеу және ротациялауды қамтамасыз ету:
1) Жолдау туралы (дайындау мерзімі – а.ж. 25 желтоқсан);
2) Жолдаудың міндеттері мен басты бағыттарын түсіндіру (дайындау мерзімі – а.ж. 25 желтоқсан);
3) Жолдаудың іске асырылу барысы туралы (жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша).    
Роликтердің көрсетілу мерзімі – жыл бойы
аудиоджинглдер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындаушы электрондық
 БАҚ-тар
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін;
 
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жыл бойы Жолдау бойынша телеарналар үшін жарнамалық өнімдер дайындауды және ротациялауды ұйымдастыру (тақырыпша, бөліністер, бағдарламааралық кескіндер және т.б.).
Дайындау мерзімі – а.ж. 25 желтоқсан.
Роликтердің көрсетілу мерзімі – жыл бойы
телеарналар үшін жарнамалық өнімдер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ
2015 жылғы
10 желтоқсанға дейін;
 
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдаудың басым бағыттары бойынша ортақ логотиппен республикалық және өңірлік мерзімді баспа басылымдарында  тақырыптық айдарлардың ашылуын ұйымдастыру 
республикалық және өңірлік баспа басылымдары (БАҚ-тың ресми сайттарын қоса алғанда);
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ (жинақтау),
Астана, Алматы және облыстардың әкімдіктері
 
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін
ІСБ
  1.  
Жолдаудың міндеттерін, негізгі бағыттары мен іске асырылу барысын түсіндіре, логотипті қолдана отырып ақпараттық кесте, телекестелер,  модульдер, постерлер  әзірлеп, БАҚ-та орналастыруды және үнемі жаңартылып отыруын  қамтамасыз ету
ақпараттық кесте телекестелер;
модульдер,
постерлер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ
2016 жылғы
11 қаңтарға дейін;
 
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жаңалықтар блоктарында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша, сондай-ақ, Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша Үкіметтің және өзге де құрылымдардың жоспарларының жүйелі түрде көрсетілуін қамтамасыз ету
жарияланымдар, БАҚ-ғы сюжеттер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың               10-күніне)
ІСБ
  1.  
Логотип қолдана отырып, Жолдаудың басты бағыттары мен оның іске асырылу барысын түсіндіре отырып, деректі фильмдер (10-дан кем емес) әзірлеп, көрсетілуін қамтамасыз ету
деректі фильмдер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ (жинақтау), ОМО,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдау бағыттары бойынша іргелі талдамалық мақалаларды дайындап, шығаруды ұйымдастыру. Талдамалық материалдардың өңірлік БАҚ-та көшіріп басылуын қамтамасыз ету 
талдамалық мақалалар;
 
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, ҚСЗИ, ИДМ – орналастырылуын қамтамасыз ету
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың             10-күніне)
ІСБ
  1.  
«Қазақстан», «Хабар», «24.кz», «Kazakh TV», сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындаушы телеарналарда Жолдаудың бағыттары мен іске асырылу барысы бойынша спикерлердің, сарапшылардың, шақырылған қонақтардың қатысуымен тақырыптық бағдарламалардың (айына 10-нан кем емес) шығуын қамтамасыз ету
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Республикалық және өңірлік телеарналарда Жолдаудың іске асырылу барысын талқылау үшін ток-шоулар мен арнайы бағдарламалар шеңберінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, сарапшылардың қатысуын қамтамасыз ету
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау),  ОМО, ұлттық компаниялар,
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың             10-күніне)
ІСБ
  1.  
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар шеңберінде Жолдаудың негізгі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді ұйымдастыру (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы лоттар құру)
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау), ДСӘДМ, БҒМ,  Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
жартыжылдықта
бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың           10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдауды түсіндіру бойынша жұмыстарға елдегі жетекші қоғамдық бірлестіктерді (Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы, Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Ұлттық еріктілер желісі,   Қазақстанның жастар конгресі, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және т.б.) тарту
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау), БҒМ, ДСӘДМ, ҰЭМ, ИДМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
 
тоқсан сайын
 (есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
                                    III. ИНТЕРНЕТТЕГІ ЖҰМЫС
 
  1.  
Жолдаудың логотипін қолдана отырып, орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың ресми сайттарының жаңғыртылуын қамтамасыз ету
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОМО, ұлттық компаниялар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
2015 жылғы               25 желтоқсанға дейін
ІСБ
  1.  
Танымал интернет-ресурстарда Жолдау логотипі бар баннерлердің орналастыруды қамтамасыз ету
баннерлер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, ОКҚ
тоқсан сайын
 (есепті тоқсаннан кейінгі айдың           10-күніне)
ІСБ
  1.  
Танымал интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде Жолдауды түсіндіру бойынша интернет-форумдар, топтар құруды ұйымдастыру
интернет-форумдар, топтар;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың           10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдау тақырыбы бойынша интернет-роликтер (10-нан кем емес) жасауды ұйымдастыру, интернет-ресурстарда оларды ілгерілетуді қамтамасыз ету
интернет-роликтер;
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін
ІСБ
  1.  
Жолдау тақырыбы бойынша интернет-кеңістікке және әлеуметтік желіге мониторинг жасауды қамтамасыз ету
 
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, ОКҚ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың            10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдаудың бағыттары бойынша интернет қауымдастықтарды құру және ілгерілетуді ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, ОКҚ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың   
10-күніне)
ІСБ
  1.  
Жолдаудың маңызын түсіндіру бойынша арнайы бейне және фоторепортаждардың шығуын ұйымдастыру (bnews.kz, baq.kz, el.kz, strategy2050.kz және т.б. ақпарат агенттіктері)
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, ОКҚ
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың               5-күніне)
ІСБ
  1.  
www.e-gov.kz, www.kazinform.kz интернет-порталдарында, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың веб-сайттарында, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындаушы интернет-ресурстарда Жолдауды іске асыру туралы арнайы айдарлар ашуды және олардың жұмысын ұйымдастыру
ПӘ-ге ақпарат
ИДМ, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері
тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың              10-күніне)
 
ІСБ
ІV. БАСПА ҚЫЗМЕТІ
 
  1.  
Жолдаудың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіні бар брошюраларды басып шығаруды және таратуды ұйымдастыру. Олардың халық арасында таратуды қамтамасыз ету.
(МСМ - 1000 дана, әкімдіктер – әр өңірде кемінде 500 дана)
ПӘ-ге ақпарат
МСМ, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері
2015 жылғы               25 желтоқсанға дейін
ІСБ
  1.  
Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі әдістемелік көмекші құралдың жобасын әзірлеу және ПӘ-ге енгізу
әдістемелік көмекші құралдың жобасы;
ПӘ-ге ақпарат
ПМК (жинақтау), ОКҚ, ОМО
2015 жылғы
25 желтоқсанға дейін
СӘТО, ӘЭМБ, ІСБ, ҚКТБ
ЖБ
  1.  
Жолдаудың негізгі ережелерін  түсіндіру жөніндегі әдістемелік көмекші құралды басып шығаруды және таратуды қамтамасыз ету
(МСМ – 700 дана, әкімдіктер –  әр өңірде кемінде 2000 данамен)
 
ПӘ-ге ақпарат
МСМ (жинақтау), Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері
2016 жылғы      
11 қаңтарға
ІСБ
Ескерту: аббревиатураларды жіктеу:
 
АҚ – акционерлік қоғам
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӘЭМБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
БҒМ  – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДББҰ – дербес білім беру ұйымы
ДКҚ – дербес кластерлі қоры
ДСӘДМ – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ЖБ -  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімі
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ҚСЗИ – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты
ҚКӘҚҚБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
ҚКТБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімі
ҚКХ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
ҚМ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚХАХ – Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
МБАҰЖБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі
МКҚ - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
МҚКСБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ОМО – Орталық мемлекеттік органдар
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Премьер-Министрдің Кеңсесі
ППӨ – Президенттің Парламенттегі өкілдігі
СӘТО – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы
ССО – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы
СІМ  – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚП – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
ІСБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
_________________________________________
Жарияланған: 24.12.2015 - 17:38:11
Жаңартылған: 29.11.2016 - 12:16:06
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі