Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қоғамдық тыңдаулар

-A A +A

Жергілікті атқарушы органның ғаламтор-ресурсының

«Қоғамдық тыңдаулар» айдары


Орналастыру күні

Хабарлама

 02.06.17

ОҚО әкімі орынбасарының 2017 жылғы 1 ақпандағы № Д-717/17-1-32/15214 тапсырмасын орындау мақсатында «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-п бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 5-тарауына сәйкес, орман қорының жерлерін ауданы 2430,4 га орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру, атап айтқанда табиғи уранды барлау және өндіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуді ұйымдастырады.

Жергілікті атқарушы органның атауы:

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Созақ ауданының әкімдігі

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін жауапты тұлғаның байланыс деректері:

Даушеева З.Ж., Тавиева П.Т. - тел. +7/7252/99 73 93, ішкі: 45812, 45858, факс: +7/7252/99 71 86

Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Тапсырыс берушінің атауы:

«Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ОТХК» БК» ЖШС)

Жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның ғаламтор-ресурсының мекенжайы:

http://ontustik.gov.kz/ru

http://sozak.gov.kz/

Мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акті

Құжаттаманы әзірлеушінің атауы: «ПВ-5» ЖШС

Күні, уақыты, орны:

Өткізу күні – 2017 жылдың 23 маусымы. Өткізу уақыты – 11-00.

Өткізу орны – Созақ ауданының әкімдігі.

 

 

Мүдделі жұртшылықтың жоба бойынша құжаттамаға қатысты ескертулері және (немесе) ұсыныстары

 

тапсырыс берушінің мүдделі жұртшылықтың ескертулері және (немесе) ұсыныстарына берген жауаптары

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы - жоба

 

 

«Оңтүстік Ыңғай» кенішінің Оңтүстік Қазақстан блысының Созақ ауданындағы аумағы 2430,4 гектар орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру (уранды өндіру)»

жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу хаттамасы

 

Өткізу күні: 2017 жылдың 23 маусымы, сағат 11:00 (жергілікті уақыт)

Өткізу орны: Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімдігі

 

Қоғамдық тыңдаулар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ұйымдастырылған.

 

Қоғамдық тыңдаулар өткізу жөнінде ақпарат жұртшылыққа келесі тәсілдермен жеткізілді: «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2017 ж. 2 маусымдағы №________ нөміріне қоғамдық тыңдаулар өткізу жөнінде ақпараттық хабарлама жариялау, сонымен қатар келесі сайтта:

http://sozak.gov.kz/

http://ontustik.gov.kz/ru

Қатысқандар:

1)​ Созақ ауданы әкімінің орынбасары – Әлмағанбет Б.

2)​ Қаратау ауылдық округының әкімі – Ермахан О.Н.

3)​ «Созақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» ММ инженері – Жуматаев А.М.

4)​ Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы – Примкулов К.

5)​ ОҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы – Тағабай Е.

6)​ «Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ОҚО бойынша Экологиялық департаменті» РММ инспекторы – Қожатайұлы М.

7)​ Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы – Сахиұлы Ә.

8)​ Созақ ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Уркинбаев Ә.

9)​ «Нұр Отан» партиясынің Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Аужанов Р.И.

10)​ «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгi Созақ аудандық филиалының төрағасы» – Еспенбетов К.А.

11)​ «Созақ үні» редакциясының жауапты хатшысы – Қарғабаев М.

 

Тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын таңдау (қарсылық жоқ):

1)​ Төраға – Созақ ауданы әкімінің орынбасары Әлмағамбет Б.

2)​ Хатшысы – «Оңтүстік Ыңғай» кеніші бастығының орынбасары Дуйсемуратов К.К.

 

«Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің («ОТХК» БК» ЖШС) өкілдері:

1)​ «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің бастығы Нысамбеков О.А.

2)​ Бас геологтың м.а. Атамуратов Б.А.

3)​ Оңтүстік Ыңғай» кенішінің бас инженері Михеев А.В.

4)​ ЕҚРҚжәне ҚОҚ қызметінің бас техникалық жетекшісі Тарынин В.К.

5)​ «Оңтүстік Ыңғай» кеніші бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Дуйсемуратов К.К.

Тыңдауларға 25 пен 75 жас арасындағы 75 адам қатысты: Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, Созақ ауданының тұрғындары, ауылдық округтердің ақсақалдары, Созақ ауданы маслихатының депутаттары.

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

 

1)​ «ОТХК» БК» ЖШС (бұдан әрі – Тарсырыс беруші) тиесілі «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің Оңтүстік Қазақстан блысының Созақ ауданындағы аумағы 2430,4 гектар орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға арналған басқа санаттардың жерлеріне ауыстыру туралы мәселені талқылау;

2)​ Белгіленетін қызметтің жобалық материалдарының қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) материалдарын қарау.

 

Күн тәртібі қоғамдық тыңдауларға қатысқан дауыстардың көпшілігімен бекітілді.

Қоғамдық тыңдауларда Тапсырыс берушінің өкілдері мына құжаттаманы және көрнекі материалдарды ұсынды:

1)​ Уранды өндіру бойынша белгіленетін қызметтің жобалық материалдарының толық жиынтығы;

2)​ Белгіленетін қызметтің жобалық материалдарының қысқаша сипаттамасы;

3)​ Көрсетуге арналған материалдар;

4)​ Белгіленетін қызметтің жобалық материалдарының қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдары (ҚОӘБ);

5)​ Орман қорындағы жерлерді шаруашылық қызметпен байланысты емес мақсаттарға арналған басқа санаттағы жерлерге ауыстыру қажеттілігінің себептерінің сипаттамасы - өнеркәсіп үшін (уранды өндіру).

Сөз сөйледі:

Тапсырыс берушінің өкілінің қысқа сөз сөйлеуі - Михеев А.В

 

Осы жобамен «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің аумағында жерастылық ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісімен уранды өнеркәсіптік өндіруді жүргізу қарастырылады.

ЖҰС әдісі басқа тәсілдермен салыстырғанда төмендегідей артықшылықтары бар:

  • өндіру кезінде бетіне тек пайдалы құрауыш шығарылады;
  • өңдеудің дәстүрлі кен тәсілдерімен салыстырғанда жер бетіне ең аз жағымсыз әсері;
  • жер бетінің отыруы мен бұзылуының жоқтығы.

Өңдеудің осы тәсілі кезінде шаңның пайда болуы толық шығарылады. Кенді қабылдау және кенді дайындау операцияларын технологиялық сұлбадан шығару есебінен өңдеу өндірісінің көлемдері едәуір қысқартылады. ЖҰС технологиясы пайдаланушылық ұңғымаларды дайындау кезінде тек азғана салмағын бетіне шығарумен байланысты және іс жүзінде қалдықсыз өндіріс болып табылады.

ЖҰС кезінде жер бетінің ластануының негізгі көздері болып табылады:

  • құбырлар ажыраған кезде технологиялық ерітінділердің ағулары;
  • ашық ЗС қабылдағыштығы төмендеген кезде ерітінділердің құйылулары;
  • технологиялық ұңғымаларды тазалау немесе сынамаларды сұрыптау кезінде ерітінділердің шығулары, ол кезде ӨЕ арнайы жылжымалы сыйымдылықтарға келіп түспейді, тікелей жерге түседі.

Ластанудың көрсетілген көздерін шығару үшін құбырларды сенімді саңылаусыздау және пайдалану қызметін ұйымдастырудың жоғары деңгейі сенімді шаралар болып табылады және оларды біз толық көлемде қамтамасыз етеміз. Төгілген жағдайда төгілген жерлер бейтараптандырылады және көмуге шығарылады. ЖҰС жұмыстарын дұрыс жүргізгенде жұмыстар аумағының беті іс жүзінде ластанбайды.

Өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық технологиялық ұңғымалар жабылуға жатады, табиғи минералсыздандыру жағдайларындағы қабат сулардың техногенді ареалдарын қалпына келтіру процесін көпжылдық бақылаудың режиімдік желісіне кіретін бақылауларды қоспағанда.

Ұңғыманы жабу жер қойнауының пайдаланушысымен әзірленетін және уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жабу жобасына сәйкес жүргізіледі.

 

Қорытындысында мыналарды атап өткім келеді:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарымен пайдаланылатын жерастылық ұңғымалық сілтісіздендіру (ЖҰС) әдісі қоршаған ортаға ең аз жағымсыз әсерін көрсетеді, ол көпжылдық зерттеулермен расталған. Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) осы технологияны кенорындарын өңдеудің ең экологиялық таза және қауіпсіз тәсілі ретінде мойындайды. Жерастылық ұңғымалық сілтісіздендіру табиғи урнанның иондарын тікелей жер қойнауында өнімді ерітіндіге таңдап ауыстыру арқылы бетіне кенді көтерусіз құмдақ типті кен орындарын әзірлеу тәсілі болып табылады. Сонда топырақ құнарлығын қайта қалпына келтіруге елеулі шығындарды талап ететін (шахталық және карьерлік) дәстүрлі өндіру әдістерімен салыстырғанда құрамында уран бар кен жердің астында қалады, соған байланысты ЖҰС осы әдісі жоғары экологиялық қауіпсіздігімен, төмен шығындармен және технологиялық операциялардың оңайлатылғандығымен ерекшеленеді.

Мемлекет алдында келісімшарттық міндеттемелерді орындау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс баңдарламасын орындау мақсатында «ОТХК» БК» ЖШС жер қойнауының пайдаланушысы ретінде жер телімін орман қорындағы жерлер санатынан өнеркәсіп жерлері санатына ауыстыру процедурасын және «ОТХК» БК» ЖШС-не берілген геологиялық және тау-кен телімінің шеңберіндеорналастырылған «уранды өндіруге арналған» нысаналы тағайындалуымен 2430,4 га жер телімін одан әрі ресімдеуге бастамашылық етеді.

«ОТХК» БК» ЖШС-і өз кезегінде, аталған аймақты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және тиісінше рәсімдегеннен кейін ғана, онда уранды барлау және өндіру жұмыстарын бастауға міндеттенеді. Одан басқа, уранды барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу және өнеркәсіптік алаңды дайындау кезінде «ОТХК» БК» ЖШС-і көшеттерді және өсімдік жабынын кесу аймағын қажетті минимумға дейін және қажетті коммуникацияларды (уақытша технологиялық жолдар, электр беру желілері, құбыр жолдары) төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылымдарды тұрғызу бөлігіне дейін қысқартуға міндеттенеді.

Ал өндіріс салдарын жою кезінде, жерді қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдауға міндеттенеді.

Сөз сөйледі: «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Созақ мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің өкілі, аумағы 2430,40 га жер телімін орман қорындағы жерлер санатынан өнеркәсіп жерлері санатына ауыстыру кезінде, көшеттерді кесу қажеттігі туындаған жағдайда, мәлімдеушімен шарт бойынша кесуді оның аумағынан жер ауыстырылатын орман иесі жүзеге асырады, сонда алынған сүрек Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Созақ мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілуге жататынын хабарлады.

Сөз сөйледі: ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО бойынша Экология департаменті РММ өкілі белгіленетін қызметтің ҚОӘБ ұсынылған материалдары көрсетілген өңірдің қоршаған ортасына әсерінің қажетті талаптарына сәйкес келетінін хабарлады.

Сөз сөйледі: Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы әкімдігінің өкілі, сондай-ақ аумағы 2430,40 гектар жер телімін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес (уран өндіру) мақсаттарға арналған басқа санаттардың жеріне орман қорының жерлерін ауыстыру ұсынысын қолдады.

Сұрақтар мен жауаптар: Аужанов Р.И, «Нұр Отан» партиясының Созақ аудандық филиалының төрағасының бірнші орынбасары: «Жұмысқа жұмыскерлерді қабылдаған кезде белгіленетін шаруашылық қызметтің маңында орналасқан тұрғылықты халыққа басымдық берілетін болады ма?»

Нысамбеков О.А., «ОТХК» БК» ЖШС кенорнының бастығы: Әрине біз әрқашан ең алдымен жергілікті халықты жұмысқа қабылдаймыз және қабылдайтын боламыз.

Еспенбетов К.А., «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің Созақ аудандық филиалының төрағасы: «Сіздердің қызметіңізден қоршаған орта қаншалықты зардап шегетін болады?»

Михеев А.В., «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің бас инженері: Жерастылық және ашық тау-кен жұмыстарынан айырмашылығы мұнда жыныстардың үйінділері және қалдыққоймалар жоқ, сулы деңгейжиектердің кебуі болмайды, жер бетін, атмосфераны және сумен қамту көздерін ластайтын шахталық және шығарынды сулар жоқ. Сондықтан жерастылық сілтісіздендіру әдісімен өндіру кен тәсілімен салыстырғанда едәуір аз. Радонның және оның ыдырауының қысқа өмір сүретін өнімдерінің кейбір мөлшері атмосфераға шығарылғаннан кейін бірден жойылып кетеді, өз белсенділігін жоғалтады, және болашақта нақты қауіптілігі жоқ. Процестің қауіпсіздігі тиісті ережелер мен нормалармен қарастырылған іс-шаралар есебінен жүзеге асырылады. Айтылғандай қоршаған ортаға әсері ең аз болады.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері: Ұсынылған материалдар мен белгіленетін қызмет бойынша сұрақтар мен ескертулер одан әрі түскен жоқ.

Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:

1)​ «ОТХК» БК» ЖШС тиесілі «Оңтүстік Ыңғай» кенішінің Оңтүстік Қазақстан блысының Созақ ауданындағы аумағы 2430,4 гектар орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға арналған (уран өндіру) басқа санаттардың жерлеріне ауыстыру бойынша жобасын мақұлдау.

2)​ «ОТХК» БК» ЖШС-на жұмысқа жұмыскерлерді қабылдаған кезде белгіленетін қызметтің маңында тұратын жергілікті халыққа басымдық беруді ұсыну.

3)​ «ОТХК» БК» ЖШС көшеттерді кескен жағдайда алынған сүректі «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Созақ мемлекеттік мекемесі» ММ теңгеріміне беру.

4)​ «ОТХК» БК» ЖШС тиесілі «Оңтүстік Ыңғай» кенорнының Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы аумағы 2430,4 гектар орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға арналған (уран өндіру) басқа санаттардың жерлеріне ауыстыру бойынша жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдау.

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі аяқталуына және қатысушылардың ескертулері, сұрақтары мен ұсыныстарының жоқтығына байланысты Төраға тыңдауларды аяқталды деп жариялады.

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы:

Созақ ауданы әкімінің орынбасары Әлмағамбет Б.

__________________

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы:

«ОТХК» БК» ЖШС төрағасы Дуйсемуратов К.К. ______________________

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі