Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

-A A +A

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Конкурсты ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: ОҚО, Шымкент қаласы, Арығынбеков көшесі 100 үй;

Электрондық поштасы: dkbuko@mail.ru;

Байланыс телефоны: 8 (7252) 39-39-21; 39-39-63; 39-39-64;

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға

(өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Үміткерлер тарапынан жобаларын конкурста таныстыру мақсатында конкурс өткізу орны проектормен жабдықталатын болады. (электронды слайдтар, фото және бейне жазбалар көрсету мүмкіндігімен).

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын: ОҚО, Шымкент қаласы,  Арығынбеков көшесі 100 үй;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді. (ontustik.gov.kz сайтында «Өңір туралы» бөлімінің «Бизнес» бөлімшесінде  орналастырылған).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 ж. «4» маусымынан бастап 2018 ж. «22» маусымы  аралығында, жұмыс  күндері  (дүйсенбіден жұмаға дейін)  сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «4» маусымы  сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «22» маусымы  сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен ontustik.gov.kz сайтында «Өңір туралы» бөлімінің «Бизнес» бөлімшесінде танысуға болады.

 

 

_______________________________

Жарияланған: 24.05.2018 - 09:13:40
Жаңартылған: 25.05.2018 - 10:22:52
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі