Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Кооперация - ауыл шаруашылығының болашағы

-A A +A

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы

Биылғы Жолдаудағы тапсырманы орындау мақсатында аудан, қалалардың барлық өңірлерінде кооперация негіздері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес, облыста бүгінгі таңда (06.05.2017ж. Әділет департаментінің мәліметі бойынша) 50,4 мың ұсақ шаруашылық мүшелерінен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыс жасауда.

2016 жылы 242 кооператив тіркелсе, 2017 жылдың 4 айында 196 кооператив тіркеліп, жұмыстар атқарылуда.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында «Үш жақты» индикативті қөрсеткіштердің іс-шара жоспары бекітілді. Аталған жоспарда министрліктің талабы бойынша 75 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және 6,786 млрд қаражат игеру көзделген.

Сонымен қатар, индикативті көрсеткіштер жоспарына енгізілген кооператитер үшін «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына 1,9 млрд тенге және «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалына 1,3 млрд тенге бөлінген. Қазіргі таңда 9 мал сою бекеті мен 12 сүт жинау бекетін құруға аталған қаржы ұйымдары арқылы несиелендіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын құру бойынша кепілсіз қамтамасыздандыру үшін «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кредит беру жолымен модульдік сүт қабылдау және мал сою пунктерін бастапқы жарнасыз және қосымша кепілсіз сатып алу схемасы енгізілді. Бастапқы жарна ретінде жалпы құнның 50 % көлемінде бөлінетін инвестициялық субсидияны пайдалану көзделеді.

 

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі