Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Қызмет туралы

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының құзыреті

          1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      2) жұмыс берушiлер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;

      3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың профилактикасы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

      4) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен тергеп-тексередi;

      5) жұмыс берушiлердегi еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексерудi жүргiзедi;

      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

      7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасайды;

      8) жұмыскерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды;

      9) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асырады;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес тексеру кестелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi ақпараттық жүйе негiзiнде кезеңдiк есептердi, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсынады;

      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингiн жүргiзедi;

      13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты бередi;

      14) жұмыс берушiнiң қызметiн декларациялауды жүзеге асырады.

Жарияланған: 15.03.2016 - 17:47:25
Жаңартылған: 15.03.2016 - 17:47:58
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі