Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Қызмет туралы есеп

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының 2017 жылдың атқарған жұмыстары туралы

МӘЛІМЕТ

 

Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының миссиясы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік функцияларды іске асыру болып табылады және ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 Заңының 24 бабына сәйкес реттеледі.

Басқармаға бекітілген штат бойынша мемлекеттік қызметкерлерінің саны – 15, құрылымы 3 бөлімнен тұрады.

 

2017 жылғы 12 айлық бюджет қаржысының есебіне түсініктеме

 

2017 жылдың 12 айына Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 537637,0 мың теңге жоспарланған, оның 537636,3 мың теңгесі игерілді, 100 пайызға орындалды.

 

Бас жоспарлар бойынша

 

Жалпы облыс бойынша 842 елді мекен бар.

Халық саны 5000 адамнан асатын– 53 елді мекен. Халық саны 5000 адамға дейінгі – 789 елді мекен.

Облыстық басқарманың қызметінің негізгі бағыттарының бірі облыс қалалары мен аудандарын бас жоспарлармен, дамыту мен құрылыс салу схемаларымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу болып табылады.

Қазіргі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғындар саны 5000 астам елді мекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету 100% құрайды.

Республиканың басқа өңірлеріндегі халық саны 5000 адамнан асатын елді мекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету бойынша жағдай төмендегідей (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметіне сәйкес):

Қостанай облысы- 35%, Алматы облысы – 71,9%, Батыс Қазақстан облысы - 86,7%, Шығыс Қазақстан облысы – 89,3%, Солтүстік Қазақстан облысы – 91,7%, Ақтөбе облысы – 94,1%, Қарағанды облысы – 96%, Қызылорда облысы – 100%, Атырау облысы – 100%, Павлодар облысы – 100%, Ақмола облысы – 96%, Маңғыстау облысы – 100%, Жамбыл облысы – 100%,

Халық санының қарқынды өсуіне, аумақтарының өзгеруіне және де құрылыстың жоғарғы деңгейде болуына байланысты 2011-2017 жылдар аралағында бірқатар аудан, қалалардың бас жоспарына түзетулер енгізілген:

2011 жылы Түркістан қаласының;

2012 жылы Шымкент қаласының;

2012 жылы Кентау қаласының;

2013 жылы Сарыағаш қаласының;

2016 жылы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының және Сайрам ауданының Ақсукент ауылының;

2016 жылы Созақ ауданының Созақ елді мекеннің;

2017 жылы Арыс қаласының.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Шымкент қаласының бас жоспарын өзектендіру (актуализация) жобасы әзірленуде.

Елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу

схемаларын әзірлеу бойынша

 

2017 жылы бекітілген жоспар бойынша - 124 елді мекеннің схемаларының әзірленуі жоспарланған, 113 схема әзірленіп, 91,1% құрайды.

Жоспарды орындалмаған:

Мақтарал ауданы – 40,0% (жоспар – 40, нақты - 16);

Түркістан қаласы –0% (жоспар – 1, нақты - 0).

2017 жылға дейін жалпы аудан, қала маслихаттардың шешімімен бектілген тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерінің дамыту мен құрылыс салу схемаларымен қамтамасыз ету 50,4% құраған.

2017 жылы 113 схема әзірленіп, жалпы елді мекендерінің дамыту мен құрылыс салу схемаларымен қамтамасыз ету көрсеткіші 511 (64,8%) құрайды.

Республиканың басқа өңірлеріндегі халық саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемаларымен қамтамасыз ету бойынша жағдай төмендегідей (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметіне сәйкес):

Қостанай облысы - 0,2%, Батыс Қазақстан облысы – 3,7%, Қарағанды облысы – 3,6%, Солтүстік Қазақстан облысы – 7,1%, Шығыс Қазақстан облысы – 8,7%, Ақмола облысы – 11,2%, Ақтөбе облысы – 16,8%, Павлодар облысы – 50,3%, Қызылорда облысы – 63,5%, Алматы облысы – 78,9%, Атырау облысы – 84,5%, Жамбыл облысы – 95,4%, Маңғыстау облысы – 100%.

 

Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік

қызметтер көрсету бойынша

 

2017 жылы облыс бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша 82878 анықтама, 4525 сәулет-жоспарлау тапсырмасы, 168 тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім берілді және 391 эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізілді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

 

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына сәйкес, облыстық басқарма тарапынан тікелей 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар, «Ғибадат үйлерін (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (имараттарды) ғибадат үйлері (имараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

2016 жылы басқарма тарапынан облыс бойынша 2 ғибадат үйлерін (имараттарын) салу құрылысын жүргізуге рұқсат берілген, 5 ғибадат үйлерін (имараттарын) салу құрылысын жүргізуге рұқсат беруден бас тартылды.

2017 жылы «Ғибадат үйлерін (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (имараттарды) ғибадат үйлері (имараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» бойынша рұқсат берілген жоқ.

 

Мекенжай тіркелімі

 

Басқарма тарапынан «Мекенжай тіркелімі» ақпарат жүйесінде (әрі қарай «МЖТ» АЖ) жалпы облыс аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (әрі қарай «ҰАТ» АҚ»), барлық аудандық (қалалық) сәулет және қала құрылысы бөлімдері (әрі қарай «АҚСжҚБ»), ОҚО бойынша мемлекеттік кіріс, әділет, статистика департаменттері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы–Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті (әрі қарай «ААҮ» МККЕ АҚ ОҚОФ ХҚКО департаменті) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы–Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті (әрі қарай «ААҮ» МККЕ АҚ ОҚОФ ЖКЖМТТ департаменті) бірлесіп, қажетті тиісті жұмыстарды ұйымдастырып, тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

АҚСжҚБ тарапынан бастапқы, қайталама жылжымайтын мүліктер бойынша дұрыс емес мәліметтер және қайталанған мәліметтер енгізілмеген.

«Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік дерек қорымен (әрі қарай «ЖМТ МДҚ») және МЖТ АЖ өзара ықпалдастыру бойынша синхрондаудан өтпеген бастапқы және қайталама нысандарды сәйкестендіру жұмыстары толық аяқталды. Бүгінгі таңда АҚСжҚБ-не МЖТ АЖ электронды түрде ЖМТ МДҚ-нан түскен барлық 3 385 өтінімдердің қарау және жауабын беру мерзімдері мүлтіксіз сақталды, оның ішінде 1 442 өтінімдер құжаттары толық болмауына байланысты кері қайтарылды, ал 1 943 өтінім қанағаттандырылды.

ҚР Үкіметінің электрондық порталы (e-gov.kz) арқылы жалпы облыс бойынша 24 138 өтінім түскен, оның ішінде 23 778 өтінімді АҚСжҚБ-нің қызметкерлері белгіленген мерзімде қанағаттандырды, 360 өтінім құжаттары толық болмауына байланысты кері қайтарылды.

«ААҮ» МККЕ АҚ ОҚОФ ХҚКО департаментінің мәліметіне сәйкес «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» жөнінде 95 104 өтінім түскен, 88 083 өтінімдерді АҚСжҚБ-нің қызметкерлері орындаған, оның ішінде мекенжай анықтамасы 74 724 жеке және заңды тұлғаларға берілді.

Осы жерде атап айту қажет, 5 мекенжай анықтамасы Ордабасы ауданы бойынша (3 - «ААҮ» МККЕ АҚОҚОФ ХҚКО департаментінің кінәсі, 2 - техникалық ақауларға байланысты) бекітілген мерзімінен асып берілді, 1 мекенжай анықтамасы Мақтаарал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі кінәсінен бекітілген мерзімінен асып берілді және 1 мекенжай анықтамасы техникалық ақауларға байланысты Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мерзімінен асып берді.

МЖТ АЖ мәліметіне сәйкес бүгінгі танда жалпы Оңтүстік Қазақстан облыс бойынша 540 778 бастапқы жылжымайтын мүлікке, 164 102 қайталама жылжымайтын мүлікке және 655 480 жер теліміне мекенжай бойынша мәліметтер тіркелген.

Бүгінгі таңда жылжымайтын мүліктердің сәйкестендіру жұмыстарын жургізу барысында облыс бойынша:

- МЖТ АЖ 540 778 бастапқы жылжымайтын мүлік тіркелген (әділет департаментінде – 557 850, статистика департаментінде – 444 157, «ААҮ» МККЕ АҚ ОҚОФ ЖКЖМТТ департаментінде – 481 742, мемлекеттік кірістер департаментінде – 498 337).

- МЖТ АЖ 164 102 қайталама жылжымайтын мүлік тіркелген (әділет департаментінде – 130 564, статистика департаментінде – 142 195, «ААҮ» МККЕ АҚ ОҚОФ ЖКЖМТТ департаментінде – 111 103, мемлекеттік кірістер департаментінде – 120 547).

- МЖТ АЖ 655 480 жер телімі тіркелген (әділет департаментінде - 276 314 таза жер телімі тіркелген, мемлекеттік кірістер департаментінде-758 480).

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қазіргі таңда ОҚО бойынша әділет, статистика, мемлекеттік кіріс департаментінің, «ААҮ» МККЕ АҚ ОҚОФ ЖКЖМТТ департаменті және МТ АЖ-не енгізілген мәліметтер әлі күнге дейін бір-біріне сәйкес келмейді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті басқармаға жолдаған хаттарында жана пошта индекстері мен QR-code көше аншлагтарының эскиздік стандарттарына сәйкес тақташаларды орналастырылу бойынша арнайы тапсырма берілген. 02.07.2017ж. басқарма тарапынан арнайы мәжіліс өткізіп, хаттамалық тапсырма түзетіп, аталған жұмыстарға тікелей аудан, қала әкімдері жауапты екенін ескертті, алайда соған қарамастан қазіргі уақытта жалпы облыс бойынша бар жоғы тек 805 жана пошта индекстері мен QR-code көше аншлагтар орналасқан, ал Шымкент, Түркістан, Кентау қалалық және Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Созақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері орналастыру жұмыстары бойынша әлі күнге дейін толық атқармаған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорынаң 4 желтоқсан 2017 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мекен-жайлардың тіркеу кодтары жоқ жылжымайтын мүлік нысандарына жүктеме жолданған.

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары А.Жумағалиевтың 11 желтоқсанда 2017 жылы берілген №11-03/05-1853 хаттамалық тапсырмасына сәйкес басқарма тарапынан тиісті жұмыстары жүргізілуде (Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 11 958 жылжымайтын мүлік нысандарың мекен-жайға тіркеу кодтары берілді).

Аталған жылжымайтын нысандарға мекен-жайға тіркеу кодтары берілгенімен, бүгінгі күнге дейін олардың барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті қолданып жаткан «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорында байланбаған (актуализация жасалмаған), сол себеппен аудандық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдердің атқарылып жатқан жұмыстары көрінбейді. Осыған байланысты жоғарыдағы жайттарды ескере отырып, басқарма тарапынан бірнеше рет ауызша және жазба түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіне арнайы хаттар жолдаған, алайда нәтижесі әлі күнге дейін шыққан жоқ.

 

Заңсыз құрылыс

 

Аудан, қала әкімдіктердің мәліметіне сәйкес 2016 жылдың басында жалпы облыс бойынша мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары сақталмай салынған 410 құрылыс нысан болған, оның ішінде 252 заңсыз құрылыс (Шымкент - 133, Арыс - 26, Түркістан-26, Отырар - 26, Кентау - 15, Бәйдібек - 16, Сарыағаш - 7, Сайрам - 3) және қызыл сызықтың үстінде немесе қызыл сызықтан асып кеткен 158 құрылыс нысан (Шымкент - 126, Сайрам - 13, Түркістан - 7, Ордабасы-6, Сарыағаш - 5, Төлеби - 1).

Аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары сақталмай салынған құрылыс нысандар бойынша қарау және шаралар көруге тиісті мекемелерге жолданған болатын. Нәтижесінде 138 құрылыс нысандары бойынша тиісті мекемелермен шара көрілді, 272 құрылыс нысандары бойынша жұмыстар атқарылуда.

Облыстық мемлекеттік және өндірістік мекемелер инфрақұрылым егелерінің мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда жалпы облыс бойынша заң талаптары сақталмай салынған, инфрақұрылым жүйелерінде, өзен қорғау аймақтары мен белдеулерінде орналасқан 5431 құрылыс нысандары анықталған, оның ішінде газ құбыры аумағында - 666, жоғары қысымы газ құбыры мен газ қоймасы - 169, су құбыры - 1405, мұнай құбыры - 284, энергия мен жабдықтау - 878, байланыс жүйелері - 100, жылу жүйесі - 432, каналдар - 45, облыстық маңызы бар автокөлік жолдары - 102, республикалық маңызы бар автокөлік жолдары - 330, су қорғау аумағы мен белдеулері - 600 (Бәйдібек ауданы - 215, Қазығұрт ауданы - 227, Мақтарал - 154, Ордабасы ауданы - 183, Сайрам ауданы-192, Сарыағаш ауданы - 721, Төлеби ауданы-108, Түлкібас ауданы-102, Отырар ауданы - 46, Түркістан қаласы - 165, Кентау қаласы - 138, Арыс қаласы - 104).

 

Сәулет-жоспарлау тапрмасын беру туралы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне (әрі қарай «СжҚҚБ») 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің» (бұдан әрі «ХҚКО») мәліметіне сәйкес «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды беру туралы» (әрі қарай «СЖТ») 4004 өтініш түскен, оның ішінде 3418 өтініш қанағаттандырылған, 3058 СЖТ жасалынып, арызданушыларға тапсырылған, 6 өтініш бойынша қарау мерзімі Арыс қалалық және Сайрам аудандық СжҚҚБ-інде сақталмаған.

Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлердің өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін, кедергілерді қолдан жасау фактілерін болдырмау үшін және мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның талаптары мүлтіксіз сақталуы барысында аудандық, қалалық СжҚҚБ-не келіп түскен СЖТ бойынша өтініштер тек ХҚКО арқылы ғана қабылдануға тиісті.

Аудандық, қалалық СжҚҚБ-нің тарапынан барлық жоспарланған 4187 құрылыс нысандары бойынша жүргізілетін қаржы көздері зерттелді, нәтижесінде 3395 - жеке қаржы есебінен, 782 - мемлекеттік қаржы есебінен салуға жоспарланған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 4187 құрылыс нысандары бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағына сәйкес инфрақұрылым жүйелерінің егелеріне табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін мекемелер алдын ала келісім берген, атап айтқанда, газ құбырлары бойынша – 2786 (66,54 пайыз), энергия мен жабдықтау жүйелері бойынша – 3753 (89,63 пайыз), су, кәріз жүйелері бойынша – 3830 (91,47 пайыз), жылу жүйелері бойынша – 281 (6,71 пайыз), байланыс жүйелері бойынша – 534 (12,75 пайыз) нысандарға

2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы облыс бойынша жоспарланған құрылыс нысандары инженерлік жүйелермен толық қамтылмаған.

«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында дайындау мерзімі нақты бекітілген (техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер - 6 күн, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер – 15 күн), одан бөлек жоспарланған құрылыс нысандарына инженерлік желілері бойынша арнайы талаптар бар (жылу, су, кәріз, электр, газ, телекоммуникация және де тағы басқа қатысы бар жүйелермен) және олардың барлығы қысқа мерзімде алынуы қажет, ал іс жүзінде аудандық, қалалық СжҚҚБ нақтылау техникалық шарттарды алу өте қиын, себебі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚОФ және тағыда осы сияқты басқа инженерлік жүйелерінің иелері монополистер техникалық шарттарды өте кеш береді, СЖТ жасалып болғаннан кейін техникалық шарттары алынады, болмаса мүлдем алмай қояды.

 

Сәулеттік жобалар

 

І. Облыс әкімінің 2017 жылғы тапсырмалары бойынша:

 

1. Облыстық қала құрылысы Кеңесінің жұмысын жандандыру бойынша:

Облыстық қала құрылысы Кеңес құрамын, ережесін қайта қарап, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі №108, 2017 жылғы 23 қарашадағы №324 қаулыларымен бекітілді.

2017 жылы 2 рет Кеңес мәжілісі өткізілді.

2. Түркістан қаласында тарихи-мәдени туризмді дамыту тұжырымдамасының (концепция) жобаларын бекіту:

Түркістан қаласынының даму тұжырымдамасы (концепция) облыстық қала құрылысы Кеңесінің (№1 хаттамасы) отырысында мақұлданды.

3. Көне Сайрам қалашығындағы тарихи орындарды жаңғырту бойынша:

- «Қарашаш ана», «Ибраһим ата», «Қызыр Пайғамбар», «Әбдел Әзиз баба», «Мірәлі баба» кесенелерін абаттандыру, жаңғырту бойынша жобалар жасалды.

4. «Көне Отырар төбе», «Арыстанбаб» кесенесі нысандарын абаттандыруға нақты ұсыныстар бойынша:

- «Арыстан баб» кесенесі бойынша облыстық қала құрылысы Кеңесінің (№1 хаттамасы) отырысында мақұлданып, «Көне Отырар» бойынша абаттандыру жұмыстары атқарылды.

5. «Сарыағаш» курорты аумағын дамыту бойынша ұсыныстар:

- Жобалар әзірленіп, макеті жасалып, облыс әкімінің Сарыағаш ауданында іс-сапармен барғанда талқыланып, ұсыныстар енгізілді.

6. "Қасқасу" демалыс аймағына ұсыныстар беру бойынша:

- Шымкент - Қасқасу бағыттындағы жаңа жол құрылысына (40 км) сызбасы жасалып, жол бойындағы қызмет көрсету (ЖҚС, дүкендер, әжетханалар т.б.) анықталды. Спорт түрлерінен тау спорты кластеріне жоба әзірленді. Осы бағыт бойынша Шымкент-Сайрам-Төлеби ауданына шығатын баламалы жол бағыты анықталып, жобалық эскиздері әзірленд.

7. Шымкент қаласындағы шатқалдарды көгалдандыру бойынша:

- Шымкент қаласы аумағында 25 шатқалдар анықталып, бірінші кезекте 6 шатқалға эскиздік жобалары жасалып, инвесторлардың есебінен іске асырылуда. Эскиздер альбом түрінде жасалды.

8. Шымкент қаласының жаңа әуежайы бойынша:

- Қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болуына байланысты және жобалау жұмыстары тиімсіз болуына байланысты жаңа 3 нұсқасы әзірленіп, альбом түрінде берілді:

1. Қолданыстағы әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігінде;

2. Ордабасы ауданының аумағында;

3. Шымкент қаласының солтүстік жағындағы аумақтарда.

9. Шымкент қаласындағы теміржол вокзалы бойынша:

- Қолданыстағы темір жол вокзалына заманауи келбеттін анықтау және жолаушылардың техникалық қауыпсіздігін сақтау мақсатында эскиздік жобалары әзірленіп, альбом түрінде берілді.

 

ІІ. Хаттамалардағы тапсырмалары бойынша:

 

1. Тараз, Қызылорда, Ташкент бағыттарынан облыс аумағына кіреберіс қақпалар, белгілер бойынша:

- Үш бағыт бойынша жобалық ұсыныстар әзірленіп, облыс әкімінің назарына ұсынылды. Ал, Шымкент қаласына кіреберісіне қойылатын қақпалар облыстық қала құрылысы Кеңесінің (№1 хаттамасы) отырысында мақұлданды.

2. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай'' халықаралық көлік дәлізінің облыс аумағы арқылы өтетін бөлігіндегі жер телімдерін дамыту бойынша:

- 8 аудан аумағынан өтетін жолдардың бойында 39 қызмет көрсету нысандары бойынша егжей-тегжей жобалары (ПДП) әзірленіп, облыстық қала құрылысы Кеңесінің кезекті отырысында қарап, бекіту жоспарланған.

3. "Шымтөбе" қалашығына ұсыныс енгізу бойынша:

- "Шымтөбе" қалашығы орнына эскиздік жобасы әзірленіп, альбом түрінде ұсыныстар берілді.

4. Шымкент қаласына салынатын келбетті тұрғын үйлер кешеннің жобасы әзірлеу бойынша:

- "Шымкент тәжі" 40 қабатты түрғын үй кешенінің жобасы әзірленіп, альбом түрінде берілді. Әкімшілік - іскерлік орталықтағы салынып жатқан тұрғын үйлердің қасбеттерін біркелкі түске бояу және ретке келтіру бойынша альбом түрінде облыстық құрылыс басқармасына ұсыныстар берілді.

5. Әлеуметтік нысандардың сыртқы келбетіне ұсыныстар беру бойынша:

- 300, 600, 900, 1200 орындық мектептердің, фельдшерлік-акушерлік пункттердің, балалар бақшаларының ішкі және сыртқы көрінісінің (түстік шешім) эскиздік жобалары әзірленіп, альбом түрінде ұсыныстар облыстық құрылыс басқармасына берілді.

6. Шымкент қаласында жаяу жүргіншілерге арналған "Арбат" типіндегі жолдар бойынша:

- "Ескі қала" (Цитадель) аумағына;

- Темір жол вокзалынан Ордабасы алаңына аумағындағы ескі үйлердің орнына ұсыныс. Қошқар ата бастамасынан Жангелдин көшесіне дейін (4,5 км), Тәуке хан даңғылынан Қазыбек көшесі бойымен Ордабасы алаңына дейін (1,2 км) және Ордабасы алаңынан Әл-Фараби алаңына дейін (2,5 км) жаяу жүргін көшесінің (Арбат) құрылысына ұсыныстар жасалды.

7. Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес өндіріс және Базарларды, сауда орталықтарын қала орталығынан қала сыртына көшіру бойынша:

- Бас жоспарға сәйкес, бұрынғы пресс-автоматтары зауыты және қолданыстағы базарлардың аумақтары бойынша эскиздік жобалар әзірленді.

8. Шымкент қаласының жолдарындағы автокөлік қозғалысын реттеу бойынша:

- Қаланың ішіндегі жолдардың 12 жолайырығына эскиздік жобалар әзірленді. Оның ішінде, 5 жолайырықтың құрылысын 2017-2018 жж. іске асыру жоспарланған.

 

ІІІ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша:

 

Бағдарламаға сәйкес облыс аумағындағы 500 ескерткіштері анықталып, іріктеліп, оның ішінде, 100 нысанның тізімі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп жасалды:

- Облыс картасына орналасқан тарихи нысандарды ашық аспан астындағы макетінің жобасы;

- Аудан орталықтарындағы салынатын «Достық үйі» жобасы;

- Шымкент қаласының «Ескі қалашық» (Цитадель) жобасы;

- «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешенінің жобасы;

- «Карауыл төбе» (Шымкент қ.) кешенінің жобасы;

- «Керуен сарай» жол бойында қызмет көрсету кешені;

- «Қошқар ата» (Шымкент қ.) өзенінің бойын абаттандыру жобасы;

- «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру. Үш бидің ескерткішіне ұсыныс;

- «Арыстанбаб» мавзолейінің кіре беріс бөлігін және жолдарын абаттандару мен көгалдандыру жобасы;

- «Отырар төбе» қалашығының кіре беріс бөлігін және жолдарын абаттандару мен көгалдандыру жобасы;

- «Ибрагим ата» кесенесінің аумағын және жолдарын абаттандыру бойынша ұсыныс;

- «Қарашаш ана» кесенесінің аумағын және жолдарын абаттандыру бойынша ұсыныс;

- «Қызыр Пайғамбар» мұнарасының аумағын және жолдарын абаттандыру бойынша ұсыныс жобасы;

- «Әбдел Әзизбаба» кесенесінің аумағын және жолдарын абаттандыру бойынша ұсыныс жобасы;

- «Мірәлі баба» кесенесінің аумағын және жолдарын абаттандыру бойынша ұсыныс жобасы;

- «Көне Түркістан» қалашығын қалпына келтіру жобасы;

- «Ұлы дала» саябағын жобасы;

- Астана қаласында орнатылатын Ш.Қалдаяқовтың ескерткішіне ұсыныс;

- «Мұғалімдер үйі» жобасы.

 

 

 

 

Жарияланған: 27.02.2016 - 17:47:09
Жаңартылған: 27.02.2018 - 11:47:02
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі