Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қызмет туралы есеп

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының  2015 жылдың 6 айында 
атқарған жұмыстары жөніндегі мәліметі 
ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының негізгі міндеті сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік  функцияны жүзеге асыру болып табылады.  
2015 жылға облыстық басқармаға жүктелген мемлекеттік функцияларды іске асыру мақсатында жалпы  (аппаратты ұстау үшін) 47544,0 мың.т. қаржы қаралған. Оның ішінде 6 айдағы жағдай бойынша 29129,0 мың.т. қаралып, игерілген. 
Жыл басынан облыс әкімі тарапынан басқармаға  жалпы  42 хаттамалық  тапсырма келіп түсіп, 17-тапсырма орындалды, 14-і тұрақты бақылауда, 31 тапсырма- орындалу үстінде.  
Жалпы облыс бойынша 832 елді мекен бар. 
халық саны 5000 адамнан асатын– 52 елді мекен. 
халық саны 5000 адамға дейінгі – 780 елді мекен. 
Бас жоспарлар бойынша
Облыстың бес мыңнан астам 52 елді мекендері 2014 жылға дейін бас жоспарлармен толық қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда, іске асырылуда. Соның ішінде, 2011-2015 жылдар аралағында бірқатар ауда,қалалардың бас жоспарына түзетулер енгізілген:  
2011 жылы Түркістан қаласының; 
2012 жылы Шымкент қаласының 
2012 жылы Кентау қаласының 
2013 жылы Сарыағаш қаласының 
2014 жылы Арыс қаласының бас жоспарына түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстары аяқталып, қалалық мәслихатпен бекітілген. Қазіргі таңда, облыс мәслихатының қарауына енгізу үшін құжаттары әзірленуде.
 Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының бас жоспарына түзетулер енгізу жұмыстарын бастауға  2014 жылы облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы жұмыстар жалғасын тауып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аяқтау мерзімі 2015 жыл.
Сондай-ақ, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының бас жоспарына түзету енгізуге ұсыныстар әзірленуде.   
Елді мекендердің дамыту мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу  бойынша
Облыс әкімінің орынбасарымен облысымыздың тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу бойынша 2012-2015 жылдарға арналған кестесі бекітілген.  Облыс  бойынша 780 елді мекеннің ішінен 2014 жылға дейін бекітілген кестеге сәйкес 218  елді мекеніне дамыту мен құрылыс салу схемалары әзірленген. 
2015 жылға жоспар бойынша 127 схема әзірленуі тиіс, қазіргі таңда 135 елді мекеннің схемасы әзірленуде. Сондай-ақ, қазіргі таңда, облыстың тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерін толығымен схемамен қамтамасыз ету мақсатында  2016-2018 жылдарға арналған жаңа жұмыс кестесі әзірленуде. 
Заңсыз құрылыс бойынша
Қазіргі танда басқарма тарапынан аудан, қалалар аумағында 361 заңсыз салынған, қызыл сызықтын үстінде болмаса қызыл сызықты асып кеткен 255 құрылыс нысандар және инженерлік жүйелерінің қорғау аумағында орналасқан 5072 құрылыс нысан анықталды. 
Құрылыс нысандар иелері өз бетінше салып, рұқсатсыз және бекітілген тәртіппен іске қосылмаған. Мысалы атап айтқанда Шымкент қаласы бойынша үлкен көшелерде заңсыз салынған 201 нысан анықталған, Сайрам ауданы Қарабулақ е.м. орталықта өтетін үлкен автокөлік жол бойында рұқсатсыз 108 нысан пайдалануда. 
Қызыл сызықтың үстінде немесе қызыл сызықтан асып кеткен анықталаған 255 құрылыс нысандардың ішінде 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Арыс, Түркістан қалаларында анықталды.  
Басқарма тарапынан облыстық сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен бірлесіп 10.04.2015 жылы облыс бойынша орта және төмен қысымдағы газ құбырларың қорғау аумағында заң талаптарын бұза салынған құрылыс нысандарына қатысты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жауапты тұлғаларымен талдау жиналыс өткізіліп, арнайы тапсырмалар берілді.
24.04.2015ж. облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановтың төрағалығымен «Интергаз Центральная Азия» АҚ филиалы «Оңтүстік» арналы газ құбырлары басқармасымен бірлесіп қатысы бар аудан әкімдіктердің, мемлекеттік және өндірістік мекемелердің басшыларымен ғаз қоймалары және жоғары қысымды магистралды газ құбырлардың қорғау аумағында орналасқан құрылыс нысандар бойынша мәжіліс өткізілді. 
Аудан, қала әкімдері тарапынан заң талаптарына қайшы салынған және құрылыс нормалары мен талаптары сақталмаған құрылыс нысандары бойынша тиісті денгедей жұмыстар жургізбегеніне байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановтың төрағалығымен 29.04.15ж. қатысы бар өндірістік мекеме басшыларымен бірлесіп кенейтілген мәжіліс өткізіліп, талдау жасалып, хаттама толтырып, бірқатар арнайы тапсырмалар берілді.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан 04.03.2012ж. бастап қазіргі уақытқа дейін  20 нысан соттардың қауылысымен бұзылды, 345 нысан бойынша айыппұл салынды.  
2012-2014 жылдары 2008 әкімшілік іс қозғалып, 150,2 млн.теңге айыппұл салынды. 2015 жылдың наурыз айының 25-нен бері басқарма тарапынан ҚР ӘҚБтКодексінің тиісті баптарымен 6 әкімшілік іс қозғалып, 901 810 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 10 нысанға тексеру тағайындау актілері тағайындалып, құқық бұзушылық анықталған жағдайда заңға сәйкес шара көрілетін болады.
Мекен жай тіркелімі
Бүгінгі таңда, МЖТ АЖ мәліметтерімен мемлекеттік мекемелердің, жеке және заңды тұлғалардың жұмыс жүргізу барысында қолдануы артып келеді. 
Бүгінгі таңда облыс бойынша МЖТ АЖ 628186 бастапқы жылжымайтын мүлік тіркелген (әділет-461801, статистика-463538, Жылжымайтын мүлік орталығы-464591, мемлекеттік кірістер департаменті-453022).
МЖТ АЖ 172589 қайталама жылжымайтын мүлік тіркелген (әділет-105304, статистика-165858, Жылжымайтын мүлік орталығы-105668, мемлекеттік кірістер департаменті-128350).
МЖТ АЖ 693937  жер телімі тіркелген (әділет-279902, мемлекеттік кірістер департаменті-542824).
Сәулет жоспарлау тапсырмалары бойынша
Бүгінгі таңда дайындалып берілген 309 СЖТ бойынша 219 құрылыс нысанының қаржы  көзі-жеке қаржы есебінен салу жоспарланған, 90-мемлекеттік қаржы есебінен. 
Барлық аудан, қалаларда СЖТ –лар тек халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілуде, бұл бағытта тұрақты жұмыстар жүргізілуде. 
Аудан, қала орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту (абаттандыру, көгалдандыру, көркейту, ретке келтіру)
Облыстың бірқатар аудан, қалаларында жобаны іске асыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттерден жалпы 113,35 млн.т. қаржы қаралып, жұмыстар атқарылған. Соның ішінде, игерілген қаржы  51,3 млн.т.  Жобаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 2014 жылы 635,5 млн.т. жергілікті бюджеттен 476,0 млн.т. қаралған. Қазіргі таңда, облыстың 10 аудан, қаласында  жобалау сметалық құжаттамалары дайын. 
Сәулеттік жобалар
Жыл басынан «Қазына» кешенінің эскиздік жобалары (кіре беріс тақтайшасы, стелла), Сарыағаш, Шымкент қалаларындағы резиденцияның эскиздік жобасы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтің эскиздік жобалары әзірленіп, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан» кинотеатрын қайта құрылымдау (реконструкция), Қошқар ата өзенінің 2 кезеңінің, Дендросаябағын абаттандыру бойынша 2 кезеңінің, Бадам өзенінің 2 кезеңі бойынша эскиздік жобалары әзірленді. Қазіргі таңда, «Қасірет» мемориалын абаттандыру жұмыстарының эскиздік нұсқалары әзірленуде. 
Жарияланған: 27.02.2016 - 17:47:09
Жаңартылған: 04.03.2016 - 14:29:51
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі