Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қызмет туралы есептер

-A A +A

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2015 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қоғау бойынша

Облыс аумағындағы орман қоры жерлерінде орманды молайту, өсіру жұмыстары

 2015 жылы ағаш көшеттері 2575 га жерге егілді, сексеуіл тұқымын себу 16418 га алқапта және орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау жұмыстары 4000 га орындалды.

Орман өртіне қарсы іс-шаралар

2015 жылы 5044 км өртке қарсы минералды жолақтарды күтіп-баптау, 183 км өртке қарсы жолдар жөнделді. Сонымен қатар, өртке қарсы үгіт-насихат жұмыстарында 340  аншлаг пен панно жаңартылды.

Сұғанақтыққа қарсы атқарылған жұмыстар

2015 жылы бірлескен іс-шара жоспары бойынша сұғанақтыққа қарсы күрес барысында 795 рейдтік бақылаулар жүргізілді. Нәтижесінде 299 заң заң бұзушылықтар анықталып, салынған 4432,6 мың теңге айыппұлдың 2346,5 мың тенгесі өндірілді. Табиғатқа келтірілген 14046,8 мың тенге залалдың  1305,7 мың тенгесі өндірілді.

Шымкент қаласы айналасынан «Жасыл аймақ» құру:

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қала маңынан «Жасыл аймақ» құруға арналған жер учаскелерінің  ұлғаюына байланысты және жасыл екпелерді егу, күтім жасау және қорғау жұмыстарымен айналысатын арнайы «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №57 қаулысымен құрылып,  5064 га жерге  күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. 

         2015 жылдың қазан-желтоқсан айларында 2248 га жерге 2810,0 мың түп қарағаш, 50 га жерге жеміс ағаштарын, 52 га жерге емен және 125 га жерге терек ағаштарының көшеттерін  отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Бұқар бұғылары

2015 жылы Бұқар бұғыларының өсімі артып, 22 бас жас төлдер алынды. Қазіргі уақытта, бұғылардың жалпы саны 103 басқа жетті, оның ішінде бұғы тұқымбағында 54 бас, тоғайда еркіндікте жүрген 49 бас.

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша

2015 жылы басқарманың қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен Түлкібас ауданы Жабағлы және Түлкібас елді мекендеріндегі ҚТҚ полигондарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, балықтар санын өсіру және қалпына келтіру бойынша биотехникалық іс-шаралар мен экологиялық тәрбие мен білім беру іс-шаралары жүргізілді.

Бұдан басқа, Шымкент қаласы Тельман елді мекеніндегі улы химикаттармен ластанған топырақты залалсыздандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

 

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату бойынша

Облыс бойынша 2005-2014 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 3991 шақырымды құрайтын 122 өзенге, 34 су қоймасына, 2 табиғи көлге су қорғау аймақтары мен белдеулері белгілеу жұмыстары жүргізілген.

2015 жылы Арыс қаласындағы Көксарай контрреттегішіне су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ОҚО аумағындағы су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз жер бөлінуін тоқтату мақсатында, басқарма тарапынан  белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулерінің координаттарын «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ОҚ филиалының бірыңғай электрондық базасына енгізу жұмыстары аяқталды.

Жер қойнауын пайдалану бойынша

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 02.10.2014 жылғы №316 қаулысына сәйкес, жер қойнауын пайдалану функциялары мен өкілеттіктері Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялды - инновациялық даму басқармасынан Оңтүстік Қазақстан  облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына берілді. Бүгінгі күнге облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды игеру бойынша  171 келісімшарт және 7 автомобиль жолдарының құрылысы кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат тіркелген.

Жер қойнауын пайдалану құқықтары «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өңірлік индустрияландыру картасына енген жобалар бойынша және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға ұсынылуда.

2015 жылы тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының                       5 отырысы өтіп, 28 өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығы берілді, оның ішінде өңірлік индустрияландыру картасына енген - 15 жобаға, «Шымкент» ӘКК Ұлттық компаниясы арқылы – 1 жер қойнауын пайдаланушыға, автомобиль жолдарының құрылысына қатысатын – 7 мекемеге және барлау жұмыстары аяқталған - 5 жер қойнауын пайдаланушы.

Жарияланған: 26.02.2016 - 12:30:28
Жаңартылған: 26.02.2016 - 12:40:49
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі