Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Қызметі туралы ақпараттық сипаттағы шолулар және талдау баяндамалары

-A A +A

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат

 

Қазіргі таңда облыстағы орман қорының жері 3132,2 мың гектарды (оның 1573,6 мың га орманмен көмкерілген алқабы) құрайды.

2016 жылы орман қорындағы сексеуіл алқаптарын молайтудың іс-шара жоспарына сәйкес, 8000 га жерге сексеуіл ағаштары егіліп, 10000 га жерге сексеуіл тұқымы себілді. Бұдан бөлек, орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау жұмыстары 4000 га жерде орындалды.

Орман қорының таулы, тоғай алқаптарында орман ағашын егу жұмыстары 166 га орындалды және орман екпелерін күтіп баптау және толықтыру жұмыстары 13139 га жерге жүргізілді. Сондай-ақ, орман қорының жерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 26.03.2016 жылы «Отан Ағаш» акциясы аясында, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің 60 га жерінде жеміс ағаштарының 25 000 көшеттері егілді және 15.12.2016 жылы басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» ММ-нің Бөржар учаскесінде «Жасыл ел – мәңгілік ел» акциясында 40 га жерге 10 мың емен және 15 мың дана үйіңкі көшеттері егілді.

Орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында бүгінгі 15194,9 мың түп 40 аса түрлі ағаш көшеттері өсірілуде (оның ішінде, қылқан жапырақтылар 118,6 мың дана, үлкен жапырақтылар 14945,2 мың түп және бұталар 131,13 мың түп).

Орман өрттерінің алдын алу шаралары бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, жаңадан 567,8 км минералдық жолақтар жасалды, 5869 км минералды жолақтарды күтіп-баптау және 180 км өртке қарсы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сұғанақтыққа қарсы күресте 796 рет рейдтік шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде 336 заң бұзушылықтар анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 4939,8 мың теңге айыппұл салынып, оның 3133,8 мың теңгесі өндірілді. Табиғатқа келтірілген 2397,4 мың теңге залалды өндіруге талап қойылып, 1934,6 мың теңгесі өндірілді.

2016 жылы Бұқар бұғыларының өсімі артып, 23 бас жас төл алынды. Қазіргі уақытта, бұғылардың жалпы саны 126 басқа жетті, оның ішінде бұғы тұқымбағында 63 бас, тоғайда еркіндікте жүрген 63 бас. Соңғы уақытта қала тұрғындарының наразылығын тудырып жүрген Шымкент қаласы, Тельман елді мекеніндегі тұрғын үйлер аумағында орналасқан улы химикаттармен ластанған топырақты залалсыздандыру жұмыстарына тиісті қаржы қаралып, улы химикаттармен ластанған топырақты залалсыздандыру жұмыстары да шешімін тауып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Жарияланған: 26.02.2016 - 13:41:26
Жаңартылған: 13.04.2017 - 10:39:42
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі