Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Әлеуметтік экономикалық даму

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының 

2016 жылғы қаңтар-қазан айларының

 әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы

Өнеркәсіп. Облыста 643,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 104,3% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 29,7% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 4,0% артып, 191,3 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 61,6%) өнімінің нақты көлем индексі – 108,5%, немесе өнім көлемі 396 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда –  45,5  млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,1% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 10,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 108% құрады. 

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта маталары – 25,4% (24581,1 мың шаршы метр), мұнай өңдеу өнімдері – 6,8% (3916,3  мың тонна), портландцемент – 23,3% (2226,1 мың тонна), электроэнергия – 25,8% (834,7 млн.кВт/сағ) артты. 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 383,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға артып, оның ішінде егін шаруашылығы – 216,3 млрд. теңге (100,5%), мал шаруашылығы – 166,4 млрд. теңгені құрады (102,2%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 165,4 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 615,6 мың тонна – сүт, 256,1 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103%, 101,7% және 102,9% құрады.

2016 жылдың 1- қарашасына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 874,2 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 104,3%, қой – 3748,1 мың басты, немесе 102,9%, ешкі – 295,3 мың басты, немесе 95,8%, жылқы – 238,2 мың басты, немесе 108,7%, түйе – 23,8 мың басты, немесе 103,0%, шошқа – 26,8 мың басты, немесе 84,3%, құс саны – 2480,1 мың басты, немесе 108,1% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 127,9 млн. тонна жүк және 1987,6 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 103,2% және 105,1% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 4,4%-ға, жолаушылар тасымалдау – 1,7%-ға артты, тиісінше, 935 тонна жүк және 1081,9 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 8614,1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңінен  6,9% кеміді.  Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,4% құрады.

Табыстың басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 21,7%, интернетке – 45,5% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2016 жылғы 1 қарашаға 178,8 мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 95,2% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылғы 1 шілдеге 329,3 мың адамды, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 99,5% құрады.

2016 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 334,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 102% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 275,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңіне – 81,7% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 183 млрд. теңгені, немесе – 66,4% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 34,6%, немесе 95,4 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 40,3% немесе 111,2 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 20,3%, немесе 55,9 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 38,5% және 21,6% құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 142,4  млрд. теңгені, немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 97,1% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 25,6 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 96,4% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 434,6 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,8% құрады.

Сыртқы сауда. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйегінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1725,3  млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылғы   қаңтар-қыркүйегіне 73% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 901 млн. АҚШ долларын немесе 74,2%, импорт – 824,2 млн. АҚШ долларын немесе 71,7% құрады.

Евразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспорт – 216,4 млн. АҚШ долларын (немесе 68%), импорт – 226,2 млн. АҚШ долларын (немесе 75,1%) құрады.      

Салықтық-бюджеттік сала. 2016 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 245,5 млрд. теңгені, немесе жоспарға –103,5%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 144,9% құрады.

Республикалық бюджет 158,7 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,6%), немесе, жоспарға – 101,1%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 172,9% құрады.

Жергілікті бюджетке  86,8 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 108,2% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 111,9% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2016 жылғы 1 қазанға екінші деңгейлі банктермен 160,8  млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 4,5 млрд. теңге несие берілді, немесе 26,2% артты.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 29,9 млрд.теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 82,3% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 60,6%, ауыл шаруашылығы – 1,2%,  өнеркәсіп – 17,3%, сауда – 16,8%, құрылыс саласына – 4,1% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі 223,3 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 34,3% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (50,5%) ұлттық валютада.

Бағалар. 2016 жылдың қазанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2015  жылдың желтоқсанына 106,8 % құрады. Азық-түлік тауарлары –5,1%-ға,  азық-түлік емес тауарлары – 7,9%, ақылы қызметтер – 7,7%-ға жоғарылады.

Азық‐түлік тауарлары нарығында бағаның өсімі шайға – 3,4%, жұмыртқаға – 6,3%, балық және теңіз өнімдеріне – 1,6%, ірімшік және сүзбеге – 3,5% байқалды.

Азық‐түлік емес тауарларынан дизель отынының бағасы – 12,8%, киім мен аяқ киім – 0,7%, жеке гигиена тауарлары  – 0,5% жоғарылады.

Ақылы қызмет көрсету саласында қалааралық автобус – 2,5%, әуе көлігі – 1,9% қымбаттады.    

Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 803 адамды немесе облыс халқының 0,03% құрады.

1721 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 497 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 299,2 мың балаға жәрдемақы төленді.

Тұрғын үй көмегі 5929 отбасыға 161 млн.теңге төленді, немесе 277 отбасыға кеміді.

Демография. 2016 жылдың 1 мамырына облыс халқының саны  2861,3 мың адамды құрады (2015 жылдың 1 мамырына – 2803,7 мың адам), оның 1289,6 мыңы қала халқы (45,1%), 1571,7 мыңы – ауыл халқы (54,9%).

Жұмыспен қамту. 2016 жылдың ІІІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1226,8 мың адамды, жұмыссыздар саны –     62,1 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,1% құрады. 

2016 жылғы 1  қарашаға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген  61,8 мың  жұмыссыздан, 39,7 мың адам, немесе 64,2% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 42563 жаңа жұмыс орны ашылды.

Халықтың табысы. 2016 жылғы  ІI тоқсанда  облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 42042 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті, нақты ақшалай табыс 4,2%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау. 10 нысанның құрылыс  жұмыстарына бюджеттен  4,6 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылы облыстық бюджеттен 4 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 407,4 млн. теңге қарастырылды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1641,8 млн. теңге бөлінді. 

Сала желісі 857 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде:  103 – аурухана, 247 – амбулаторлы-емханалық мекеме,  226 – медициналық пункт, 266 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 15– басқалары.

Білім беру. Облыста 171,5 мың тәрбиеленушісі бар 1600 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 1117-і балабақша, 483-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 48,1%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін)  бойынша – 81,8% құрады.

2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1021, ондағы оқушылар саны – 611,3 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1018 қосылған, интернет жүйелеріне - 1020  қосылған. Мектептер 40,9 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 14 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы). 

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 704 мектепке 1477 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 91 колледж (оның ішінде 43 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 70,8 мың оқушыны (мемлекеттік – 35,6 мың оқушы) құрады.

Мәдениет. Облыста 730 мәдениет және өнер мекемелері,  оның ішінде: 423 – кiтапхана, 254 – клубтық мекеме, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 8 – театр, 8 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.   

Спорт. Облыста 5224 – спорт нысандары, оның ішінде 23 – стадион, 3799 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарына бағытталған. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны   681,6 мың адамды немесе облыс халқының  23,8% құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының 

2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының

 әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы

Өнеркәсіп. Облыста 574,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 104,9% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 29,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 4,1% артып, 171,6 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 61,2%) өнімінің нақты көлем индексі – 112,7%, немесе өнім көлемі 351,7 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 41,7  млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,5% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,1% құрады. 

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта маталары – 28% (22092,1 мың шаршы метр), мақта талшығы – 16,0% (13306 тонна), мұнай өңдеу өнімдері – 16,9% (3748,0  мың тонна), портландцемент – 19,9% (1946,8 мың тонна), электроэнергия – 26,7% (779 млн.кВт/сағ) артты. 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі    319,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға артып, оның ішінде егін шаруашылығы – 168,6 млрд. теңге (99,6%), мал шаруашылығы – 150,3 млрд. теңгені құрады (102,0%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 146,3 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 565,0 мың тонна – сүт, 232,3 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 102,2%, 101,9% және 103,5% құрады.

2016 жылдың 1-қазанына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 897,5 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 104,5%, қой – 3895,3 мың басты, немесе 102,9%, ешкі – 314,6 мың басты, немесе 96,0%, жылқы – 243,9 мың басты, немесе 109,1%, түйе – 24,1 мың басты, немесе 103,0%, шошқа – 27,9 мың басты, немесе 85,1%, құс саны – 2637,6 мың басты, немесе 107,2% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 115,6 млн. тонна жүк және 1771,7 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 104,8% және 105,0% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 2,7%-ға, жолаушылар тасымалдау – 0,1%-ға кеміді, тиісінше, 787 тонна жүк және 988,8 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 7799,3 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңінен  6,7% кеміді.  Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,3% құрады.

Табыстың басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 21,7%, интернетке – 45,4% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2016 жылғы 1 қазанға 178,5 мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 95,6% құрады.

ШОК жұмыспен белсенді  қамтылғандар саны 2016 жылғы 1 шілдеге 329,3 мың адамды, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 99,5% құрады.

2016 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 334,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 102% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 240,8 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңіне – 82,4% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 160,4 млрд. теңгені, немесе – 66,6% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 34,6%, немесе 83,4 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 40,5% немесе 97,6 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 20,6%, немесе 49,6 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 37,5% және 21,5% құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3  млрд. теңгені, немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 101,0% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 23,0 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 98,7% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 385,2 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110% құрады.

Сыртқы сауда. 2016 жылғы қаңтар-тамызында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1496,8  млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылғы   қаңтар-тамызға 72,8% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 788,5 млн. АҚШ долларын немесе 77,7%, импорт – 708,3 млн. АҚШ долларын немесе 68,1% құрады.

Евразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспорт – 186 млн. АҚШ долларын (немесе 59,5%), импорт – 196,4 млн. АҚШ долларын (немесе 72,2%) құрады.

Салықтық-бюджеттік сала. 2016 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 225,1 млрд. теңгені, немесе жоспарға –135,3%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 151,1% құрады.

Республикалық бюджет 144,9 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,4%), немесе, жоспарға – 152,9%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 182% құрады.

Жергілікті бюджетке  80,2 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 112,1% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 115,7% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2016 жылғы 1 қыркүйекке екінші деңгейлі банктермен 138,6  млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 4,0 млрд. теңге несие берілді, немесе 26,6% артты.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 25,7 млрд.теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 84,3% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында  және басқада жеке қызмет түрлеріне – 61,9%, ауыл шаруашылығы – 1,5%,  өнеркәсіп – 16,4%, сауда – 16,4%, құрылыс саласына – 3,8% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі 220 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 1,4 есеге артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (50,5%) шетел валютасында.

Бағалар. 2016 жылдың қыркүйегінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2015  жылдың желтоқсанына 106,4 % құрады. Азық-түлік тауарлары –4,6%-ға,  азық-түлік емес тауарлары – 7,3%, ақылы қызметтер – 7,5%-ға жоғарылады.

Азық‐түлік тауарлары нарығында бағаның өсімі күнбағыс майына – 5,8%, жұмыртқа – 3,2%, ет пен құсқа – 3,1%, қой еті – 2,9%,  айран – 1,4% байқалды.

Азық‐түлік емес тауарларынан дизель отынының бағасы – 3,3%, киім мен аяқ киім – 1,2%, фармацевтикалық өнімдер  – 0,6% жоғарылады.

Ақылы қызмет көрсету саласында білім беру қызметі – 2,6%, қалааралық автобус – 3,8% қымбаттады.    

Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 қазанына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 811 адамды немесе облыс халқының 0,03% құрады.

1721 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 496 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 298,2 мың балаға жәрдемақы төленді.

Тұрғын үй көмегі 5929 отбасыға 161 млн.теңге төленді, немесе 277 отбасыға кеміді.

Демография. 2016 жылдың 1 мамырына облыс халқының саны 2861,3 мың адамды құрады (2015 жылдың 1 мамырына – 2803,7 мың адам), оның 1289,6 мыңы қала халқы (45,1%), 1571,7 мыңы – ауыл халқы (54,9%).

Жұмыспен қамту. 2016 жылдың ІІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1209,1 мың адамды, жұмыссыздар саны –     62,3 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,2% құрады. 

2016 жылғы 1  қазанға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 54,6 мың  жұмыссыздан, 34,2 мың адам, немесе 62,6% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 39232 жаңа жұмыс орны ашылды.

Халықтың табысы. 2016 жылғы  ІI тоқсанда  облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 42042 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті, нақты ақшалай табыс 4,2%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау. 10 нысанның құрылыс  жұмыстарына бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылы облыстық бюджеттен 4 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 414,3 млн. теңге қарастырылды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1634,9 млн. теңге бөлінді. 

Сала желісі 857 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 103 – аурухана, 247 – амбулаторлы-емханалық мекеме,  225 – медициналық пункт, 267 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 15– басқалары.

Білім беру. Облыста 170,7 мың тәрбиеленушісі бар 1582 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 1085-і балабақша, 497-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 48,6%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін)  бойынша – 83,3% құрады.

2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 584,1 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1018 қосылған, интернет жүйелеріне - 1020  қосылған. Мектептер 40,9 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 14 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы). 

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 704 мектепке 1477 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 90 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 70,9 мың оқушыны (мемлекеттік – 35,6 мың оқушы) құрады.

Мәдениет. Облыста 730 мәдениет және өнер мекемелері,  оның ішінде: 423 – кiтапхана, 254 – клубтық мекеме, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 8 – театр, 8 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.   

Спорт. Облыста 5193 – спорт нысандары, оның ішінде 22 – стадион, 3773 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарына бағытталған. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны   657,0 мың адамды немесе облыс халқының  23% құрайды.

 

Ескертпе: Білім беру саласы 2016 жылдың 1 қыркүйегіне

Оңтүстік Қазақстан облысының 

2016 жылғы қаңтар-мамыр айларының

 әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы

Өнеркәсіп. Облыста 312,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 105,1% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 36,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 11,5% артып, 113,3 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 53,4%) өнімінің нақты көлем индексі – 102,6%, немесе өнім көлемі 167,1 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда –  28,0 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,0% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 4,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 99,6% құрады. 

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта маталары - 48,9% (12109,0 мың шаршы метр), мұнай өңдеу өнімдері – 45,5% (1930,1 мың тонна), портландцемент – 21,6% (797,8 мың тонна), электроэнергия – 5,9% (521,5 млн.кВт/сағ) артты. 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі    99,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға артып, оның ішінде егін шаруашылығы – 16,7  млрд. теңге (100%), мал шаруашылығы – 83,3  млрд. теңгені құрады (102,1%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 83,3 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 288,8 мың тонна – сүт, 123,9 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 101,8%, 102,6% және 104,8% құрады.

2016 жылдың 1-маусымына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 1038,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 102,0%, қой – 4600,1 мың басты, немесе 102,4%, ешкі – 417,3  мың басты, немесе 101,1%, жылқы – 262 мың басты, немесе 106,1%, түйе – 25,8 мың басты, немесе 103,5%, шошқа – 31,2 мың басты, немесе 115,2%, құс саны – 2217,6 мың басты, немесе 98,9% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 55,8 млн. тонна жүк және 974,5 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 106,8% және 104,0% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 9,7%-ға, жолаушылар тасымалдау – 11,1%-ға артқан, 389 тонна жүк және 382,1 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 4443,7 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңінен  3,6% кеміді.  Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,7% құрады.

Табыстың басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 21,5%, интернетке – 46,0% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2016 жылғы 1 маусымға 184,2  мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 99,8% құрады.

ШОК жұмыспен белсенді  қамтылғандар саны 2016 жылғы 1 қаңтарға 329,5  мың адамды, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 99,8% құрады.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 816,7 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 106,0% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 90,3 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңіне – 96,0% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 53,6  млрд. теңгені, немесе – 59,4% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 37,5%, немесе 33,9 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 41,3% немесе 37,3 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 17,7%, немесе 16,0  млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 36,7% және 22,3% құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 42,3  млрд. теңгені, немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 88,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 9,3 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 119,3% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 237,3 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 195,1% құрады.

Сыртқы сауда. 2016 жылғы қаңтар-сәуірінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 691,7 млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылғы   қаңтар-сәуірге 68,4% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 422,3 млн. АҚШ долларын немесе 81,6%, импорт – 269,4 млн. АҚШ долларын немесе 54,6% құрады.

Евразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспорт – 94,3 млн. АҚШ долларын (немесе 49,2%), импорт – 79,0  млн. АҚШ долларын (немесе 67,4%) құрады.

         Салықтық-бюджеттік сала. 2016 жылдың 1 маусымына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 126,5 млрд. теңгені, немесе жоспарға –139,9%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 149,1% құрады.

Республикалық бюджет 81,9 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,7%), немесе, жоспарға – 139,8%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 179,3% құрады.

Жергілікті бюджетке  44,6 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 140,2% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 113,9% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2016 жылғы 1 мамырға екінші деңгейлі банктермен 59,8  млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 1,6 млрд. теңге несие берілді, немесе 24,5% артты.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 9,5 млрд.теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 106,7% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында  және басқада жеке қызмет түрлеріне – 59,7%, ауыл шаруашылығы – 0,3%,  өнеркәсіп – 21,7%, сауда – 14,4%, құрылыс саласына – 3,9% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі 198,7 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 51,4% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (56,2%) шетел валютасында.

Бағалар. 2016 жылдың мамырында облыста тұтыну бағаларының индексі 2015  жылдың желтоқсанына 104,8% құрады. Азық-түлік тауарлары –4,4%-ға,  азық-түлік емес тауарлары – 5,0%, ақылы қызметтер – 5,2%-ға жоғарылады.

Азық‐түлік тауарлары нарығында бағаның өсімі сәбізге  – 16%, қант-құмшекерге – 2,5%, шайға – 3,8%, қызылшаға – 2,3%,  қарақұмық жармасына – 15,8% байқалды.

Азық‐түлік емес тауарларынан  фармацевтикалық өнімдер – 1,8%, киім мен аяқ киім – 0,6% өсті.

Ақылы қызмет көрсету саласында әуе көлігі бағасы 15,5%, тұрғын үйлерді жөндеу бойынша қызметтер 1,5% жоғарылады.  

Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 маусымына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1133 адамды немесе облыс халқының 0,04% құрады.

1605 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 497 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 280,3 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 18 мың балаға кеміді.

Демография. 2016 жылдың 1 мамырына облыс халқының саны 2861,3 мың адамды құрады (2015 жылдың 1 мамырына – 2803,7 мың адам), оның 1289,6 мыңы қала халқы (45,1%), 1571,8 мыңы – ауыл халқы (54,9%).

Жұмыспен қамту. 2016 жылдың 1-тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1157,8 мың адамды, жұмыссыздар саны –  61,8 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады. 

2016 жылғы 1  маусымға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 26,5 мың  жұмыссыздан, 14,1 мың адам, немесе 53,2% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 18546 жаңа жұмыс орны ашылды.

Халықтың табысы. 2015 жылдың IV-тоқсанында  облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 37699 теңгені құрап, 2014 жылдың IV -тоқсанымен салыстырғанда 3,2%-ға артып, нақты ақшалай табыс 13%-ға кеміді.

Денсаулық сақтау. 10 нысанның құрылыс  жұмыстарына бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылы облыстық бюджеттен 3 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 401,8 млн. теңге қарастырылды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1634,9 млн. теңге бөлінді. 

Білім беру. Облыста 165,4 мың тәрбиеленушісі бар 1517 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 1025-і балабақша, 492-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 47,2%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін)  бойынша – 81,5% құрады.

2015-2016 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 584,1 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1018 қосылған, интернет жүйелеріне - 1020  қосылған. Мектептер 40,9 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 14,3 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы). 

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 704 мектепке 1477 интерактивті тақталар орнатылған.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының 

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы

Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыста 668,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,1% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 27,4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 15,6% артып, 182,9 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 62,9%) өнімінің нақты көлем индексі – 101,3%, немесе өнім көлемі 420,5 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда –  53,4 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 78,8% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 11,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,9% құрады. 

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібі – 38,4% (10806 тонна), мақта маталары – 18,8% (24,3 млн. шаршы метр), құрылыс кірпіштері – 36,3% (229,6 мың м3), артқан. 

Сонымен қатар, керосин – 8,9% (өндірілгені – 253,9 мың тонна), бензин өндіру – 12,3% (988 мың тонна), бетон  – 8,1%  (957,8 мың тонна) кеміген.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға артып, оның ішінде егін шаруашылығы – 184,8 млрд. теңге (103,1%), мал шаруашылығы – 158,7 млрд. теңгені құрады (104,0%).

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 202,4 мың тонна – мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2014 жылдың  тиісті кезеңіне – 105,1%, сүт –703,1 мың тонна, немесе 101,5%, жұмыртқа – 293,8 млн. дана, немесе 105,7% өндірді. 

2016 жылдың 1-қаңтарына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 778,4 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 93,8%, қой – 3342,7 мың басты, немесе 97,3%, ешкі – 280,3 мың басты, немесе 92,3%, жылқы – 207 мың басты, немесе 96,5%, түйе – 21,9 мың басты, немесе 102,8%, шошқа – 28,4 мың басты, немесе 111,6%, құс саны – 2484,8 мың басты, немесе 105,0% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 154,6 млн. тонна жүк және 2347,1 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 106,3% және 103,7% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 10,6% артып, жолаушылар тасымалдау – 2,7%-ға кеміп, 1,1 мың тонна жүк және 1218,6 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 10654,5 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2014 жылдың  тиісті кезеңіне – 103,6% құрады. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 92,6% құрады.

Табыс көлемінде басым үлес – жергілікті телефон байланысына (26%), халықаралық және қалааралық телефон байланысына (6,8%), интернетке – 43,1% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 2016 жылғы 1 қаңтарға 184,9 мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 92,4% құрады.

ШОК жұмыспен белсенді  қамтылғандар саны 2015 жылғы 1 қазанға 334,3  мың адамды құрады, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 102,3% құрады.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 563,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 105,7% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 416 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2014 жылдың  тиісті кезеңіне – 90,1% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 254,8 млрд. теңгені, немесе – 99,0% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 27,6%, немесе 115 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 49,1% немесе 204,1 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 23,3%, немесе 96,9 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 45% және 20,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында тұрғын үй құрылысына 30549,7 млн. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 111,2% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 445,1 мың шаршы метрді, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,9% құрады.

Сыртқы сауда. 2015 жылғы қаңтар-қарашада облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2841,3 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 67% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 1515,4 млн. АҚШ долларын немесе 69,1%, импорт – 1325,9 млн. АҚШ долларын немесе 64,7% құрады.

Экспорт Кеден одағы елдерімен 385,9 млн. АҚШ долларын (немесе 100,2%), импорт – 343,5 млн. АҚШ долларын (немесе 77,5%)  құрады.

Салықтық-бюджеттік сала. 2016 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 240,6 млрд. теңгені, немесе жоспарға –117,2%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 109,3% құрады.

Республикалық бюджет 139,5 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 58%), немесе,  жоспарға – 122,9%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 98,7% құрады.

Жергілікті бюджетке  101,2 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 110,1% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 128,4% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 желтоқсанға екінші деңгейлі банктермен 206,2  млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 4,5 млрд. теңге несие берілді, немесе 24,1 % кеміді.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 43,2 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 101,5% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында  және басқада жеке қызмет түрлеріне – 57%, өнеркәсіп – 19,7%, сауда – 16,5%, ауыл шаруашылығы – 0,5%, құрылыс – 4,6%, көлік саласына – 1,7% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 182,6 млрд. теңгені құрап 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 41% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (70%) шетел валютасында.

Бағалар. 2015 жылдың желтоқсанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2014  жылдың желтоқсанына 113,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 10,3%-ға,  азық-түлік емес тауарлары – 21,1%, ақылы қызметтер – 8,8%-ға жоғарылады.

Азық-түлік тауарлары нарығында баға макарон өнімдеріне – 2%,   жұмыртқа –  17,3 %-ға баға өсімі байқалды.   

Азық-түлік емес тауарларынан киім мен аяқ киім бағасы – 1,5% құрылыс материалдарына – 8,9% қымбаттады.   

Ақылы қызмет көрсету саласында жылу орталығының тарифі – 19,8%,  теміржол көлігі – 2,4%-ға  жоғарылады.

Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1310 адамды немесе облыс халқының 0,05% құрады.

2300 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2744 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 242,2 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 34,6 мың балаға кеміді.

Тұрғын үй көмегі  6310 отбасыға көрсетілді, немесе  310 отбасыға кеміді.

Демография. 2015 жылдың 1 желтоқсанына облыс халқының саны 2837,5 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 желтоқсанына – 2784,7 мың адам), оның 1275,6 мыңы қала халқы (44,9%), 1562,0 мыңы – ауыл халқы (55,1%).

Жұмыспен қамту. 2015 жылдың IІІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1197,8 мың адамды, жұмыссыздар саны – 60,2 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,0% құрады. 

2016 жылғы 1  қаңтарға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 57,8 мың  жұмыссыздан, 41,8 мың адам, немесе 72,3% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 51939 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 24490 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Халықтың табысы. 2015 жылдың ІI-тоқсанында  облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 40392 теңгені құрап, 2014 жылдың ІI-тоқсанымен салыстырғанда 4,7-%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 100,2% құрады.

Денсаулық сақтау. 26 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1122,9 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1350,3 млн. теңге бөлінген. 

Сала желісі 857 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 101 – аурухана, 245 – амбулаторлы-емханалық мекеме,  229 – медициналық пункт, 266 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 16– басқалары.

Білім беру. Облыста 164,8 мың тәрбиеленушісі бар 1524 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 985-і балабақша, 539-ы шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 46,9%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін)  бойынша – 80,5% құрады.

2014-2015 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 584,1 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1018 қосылған, интернет жүйелеріне - 1020  қосылған. Мектептер 40,9 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 14,3 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы). 

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 704 мектепке 1477 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 90 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 70,9 мың оқушыны (мемлекеттік – 35,6 мың оқушы) құрады.

Мәдениет. Облыста 729 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 423 - кiтапхана, 104 – мәдениет үйі, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 157 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде. 

Спорт. Облыста 5178 – спорт нысандары, оның ішінде  22 – стадион, 3758 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарына бағытталған. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны   632,5 мың адамды немесе облыс халқының  22,3% құрайды.

 

Жарияланған: 28.09.2015 - 11:02:47
Жаңартылған: 17.11.2016 - 09:36:17
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі