Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Максимум» Аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС

-A A +A

«Максимум» АИО-ның  қызметі туралы ақпарат

2009 жылы кіші және орта бизнесті қолдау мақсатында ОҚО әкімдігінің қолдауымен облыс экономикасының басым секторларын 7-8% қаржыландыратын «Максимум» Аймақтық инвестициялық орталығы» құрылды.

«Масимум» АИО өзінің несие саясаты арқылы экономикалық белсенді халықты қаржымен қамтамасыз етеді, кіші және орта бизнестің толыққанды дамуына, сондай-ақ, жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта келесі қаржыландыру түрлері ұсынылады:

-   тікелей несиелендіру (қарыздар) – жылына 7%;

-   қаржылық лизинг – жылына 8%;

-   өзінің еншілес ұйымы «Ырыс» МҚҰ-ы арқылы микронесие беру. 

2016 жылға қарастырылған қаржыландыру бағыты:

– Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобалары:

10-15 бас малға шағын мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру (5 500 бастан аса)

Мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру (50 бастан аса), және жанұялық сүт фермалары (25 бастан аса)

Сүт қабылдау бекеттері (СҚП)

Дайындау бекеттері (Селолық тұтыну кооперативі)

  • АШТӨ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру;

– Индустрияландыру картасы бойынша жобалар;

– Балық фермаларын ұйымдастыру жобалары;

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

– Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және лизингке беру;

– Инновациялық жобалар;

– Ауылдағы бизнесті несиелендіру;

         «Максимум» АИО-ның артықшылықтары:

  • Кепілдікке ауылдық жердегі жылжымайтын мүлік алынады;
  • ОҚО-ның барлық аудан орталықтарында аймақтық өкілдері бар;
  • Start-up жобаларын қаржыландыру қарастырылған;
  • Қолжетімді пайыздық мөлшерлемелер (жылына 7-8%)
  • Қаржыландырудың тиімді шарттары (несие және лизинг бойынша тиімді өтеу кестесі);

2009-2015 жылдар аралығында жалпы сомасы 36,4 млрд. теңгені құрайтын 12 313 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 2015 жылы жалпы сомасы 8,9 млрд. теңге құрайтын 2 245 жоба қаржыландырылды.

Жарияланған: 28.09.2015 - 10:06:53
Жаңартылған: 17.05.2016 - 15:42:00
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі