Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Мектеп оқушыларын заңсыз жұмысқа тартқан

-A A +A

ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы ОҚО, Түлкібас ауданының прокуратурасының сенім телефонына осы ауданға қарасты Алғабас ауылында мектеп оқушылары заңсыз жұмыс жасап жатқаны туралы түскен хабарлама негізінде аталған прокуратура өкілдерімен бірлесе тексеру амалдарын жүргізіп, нәтижесінде жеке кәсіпкер А. Бейсалиев «Алғабас-1» жалпы орта мектебінің 9 сыныбының 12 оқушысын жүзім теру жұмыстарына тартқаны, олармен еңбек шарты жасаспағаны анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша оқушыларды тиісті еңбек шартынсыз жұмысқа тартқан А. Бейсалиевке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы одексінің 86 бабының 3 бөлігімен  99 100 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Жарияланған: 25.03.2016 - 17:14:44
Жаңартылған: 25.03.2016 - 17:15:27
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі