Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару және дамуға» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын ОҚО жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарын бекіту туралы» облыс әкімдігінің 11.03.2009ж №79 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу

-A A +A

2009 жылғы 4 мамырдағы №153

«Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы
«Дағдарыстан жаңару және дамуға» атты Қазақстан
халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын)
Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру
жөніндегі іс шаралар жоспарын бекіту туралы»
 облыс әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы
№79 қаулысына өзгеріс және толықтыру
енгізу туралы   

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 Заңының, «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан-жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы №765 Жарлығының, «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы » «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №264 қаулысының, «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы №274 қаулысының негізінде, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету шараларын кеңейту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы №79 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару және дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын (Жол картасын )Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1) 5-тармақтың атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын және жастар практикасын кеңейту, жұмыстан босаған жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету»;
2) 5-тармақ мынадай мазмұндағы 5.6-тармақшамен толықтырылсын:

1

2

3

4

5

5.6

Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламасын және жастар практикасын іске асыру

ЖҚӘББ, аудан, қала әкімдері

Комиссияға ақпарат

ай сайын

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары У.А.Қайназаровқа жүктелсін.

Облыс әкімі                                                                  А. Мырзахметов

Жарияланған: 28.09.2015 - 11:31:26
Жаңартылған: 11.01.2016 - 10:09:11
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі