Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады

-A A +A

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурстық негізде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.

Конкурсты бос қызмет орны бар мемлекеттік орган өткізеді, конкурс жөнінде хабарлама жариаланғаннан соң, мынадай кезеңдерден өтеді:

1) бос қызмет орнын хабарлаған конкурс өткізуші мемлекеттік органның қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдап, талдайды;

2) конкурсты өткізіп жатқан уәкілетті органның үміткерлерді тәртіп бойынша тестілеуі;

3) конкурсты өткізіп жатқан комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасушы тұлғалар, төменгі талаптарға сай болуы қажет:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болу;

2) он сегіз жастан жас болмауы қажет,егерде, осы лауазымға сәйкес республика заңында белгіленбеген болса;

3) кәсіби дайындық дәрежесі және белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне, қажетті білімінің болуы.

Орталық мемлекеттік органдарында және оның аймақтық бөлімдерінде конкурстарды өткізерде, хабарлама «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарында конкурс өткізу туралы хабарландырулар әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес келетін сол аумақта таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланды. Қосымша ақпаратты Агенттіктің www.kyzmet.kz web-сайтынан алуға болады.

Жарияланған: 05.05.2016 - 11:30:54
Жаңартылған: 05.05.2016 - 11:31:29
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі