Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік қызметкердің имиджі

-A A +A

 

Облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау туралы материалдарын жариялау бойынша мемлекеттік органдардың құрылымдары мен функциялары туралы үнемі жаңартылып тұратын ақпараттар орналастырылатын, сондай-ақ мемлекеттік қызметке тарту үшін бағытталған ақпараттар веб-сайттар құрылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жақсы жұмыстары үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрды. Барлық дәрежедегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері облыстық, қалалық және аудандық газеттерде жарық көрді. Теле-радио-бағдарламаларда аймақтың актуалды әлеуметтік – экономикалық мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдардың басшыларымен кесдесулер, брифингтер, пресс-конференциялар өткізілді. БАҚ-та «Мемлекеттік қызметке», «Мемлекеттік қызметкерлердің білімі» және тағы да басқа айдарлармен мемлекеттік қызметкерлердің дәрежесін көтеру мақсатына бағытталған материалдар жарияланды.
2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық оталығында 1707 мемлекеттік қызметкер оқып шықса, олардың 1227-і біліктілігін арттырған, 480-і қайта даярланған, ал 451-і мемлекеттік тілді және іс жүргізуді үйренген, құқықтық білім алуға 434 мемлекеттік қызметкер қатысқан. Барлық білім құрылымдарында мемлекеттік қызметкерлерге 2320 сабақ өткізілген. Ағымдағы жылдың 6 айында оқудан 1707 мемлекеттік қызметкер өткен, олардың 1227-і біліктілігін арттыру, 480-і қайта даярланған, жергілікті және аймақтық мемлекеттік органдардың 40 мемлекеттік қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттырған. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары шеңберінде барлық бағдарламаларға Ар-намыс Кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығын сақтау бойынша білім алу модульдері қосылған.
Білім алу процесін сапалы түрде жетілдіру және оның халықаралық стандарттарға, әкімшілік реформаны іске асыру процестеріне сіңісіп кетуі үшін орталықта тынымсыз жұмыс жүргізіліп келеді.
Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау білімді және арнайы тәртіп блоктары бар бағдарламалар бойынша іске асырылуда, сондай-ақ компьютерлік біліктілікті, электронды құжат айналымды үйрету бойынша практикалық дәрістер өткізіліп келеді.
Біліктілігін және икемділігін жүйелі түрде қалыптастыруды құрылымдау компьютер және видеотехниканың заманауй үлгісін қолдана отырып тренингтер мен басқа да пайдалы тәсілдер  арқылы іске асырылуда. Өз білімін өздігінше тұрақты  түрде жетілдіруге де үлкен көңіл бөлініп келеді. Мәселен, «Үкіметті модернизациялау» сабағы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 17 маусымдағы халықаралық конференциядағы «Елдің бәсекелестік қабілетін арттыруда мемлекеттік қызметтің рөлі» тақырыбындағы сөйлеген сөзін және үкімет басшысы К.Мәсімовтың «Казахстанская Правда» газетінде 13.05.2008 жылы жарық көрген материалын тыңдаушылар өздігінше үйренуде.
Семинар кезінде әр мемлекеттік қызметкер үйренген тақырыбы бойынша методикалық жәрдем алады, мекемелерге барып сабақ беретін тәсіл қоладынылып келеді.  Семинар соңында білімінің сапасы мен үйренгендерін білу мақсатында тыңдаушылардан семинардағы тақырыптары бойынша тест түрінде емтихан қабылданады.
Сонымен бірге мемлекеттік органдарда Ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын сақтау бойынша кеңейтілген жиналыстар өткізілген, БАҚ-та және веб-сайттарда сенім телефондары орналастырылды. Келіп түскен заң бұзушылық фактілері қолданыстағы заңдылықтар бойынша қаралды.
Мемлекеттік қызмет саласында заңдылықтардың сақталуын бақылап отыру Тәртіптік кеңестерге жүктелген. Тәртіптік кеңестер мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапасын білу мақсатында тұрғындардың әлеуметтік сұратымдары арқылы комплексті тексерулер жүргізеді. Тексерулерді жүргізуге азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партия институттары тартылады; Тәртіптік кеңестің лауазымды тұлғалары қабылдайтын күнделікті қабылдаулар ұйымдастырылады; сенім телефондары мен тұрғындардың хаттарына арналған жәшіктер орнатылған, тексерулер жайында ақпараттар жергілікті және республикалық басылымдарда жарық көреді. Бұл тәсіл  тұрғындардың билікке деген сенімін нығайтады және заң бұзушылықтарды азайтады.
Патриоттылыққа үйретуге, азаматтық борыш сезімін оятуға жетелейтін жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында облыстың барлық білім беру орындарында мектеп оқушылармен және студенттермен бірге өсіп келе жатқан ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, әр ұлттың балдарын біріктіру үшін түрлі жиындар, іс-шаралар өткізіліп келеді.
Жеке біреудің интеллектуалды қасиетін қалыптастыру бойынша мәселелері шешімін тауып жататын  ұлттық жаңғыру мектептері жұмыс жасайды. Мемлекеттік рәміздерді білу және насихаттау бойынша кездесулер өткізіледі.
ЖОО-нын бітірген түлектерді мемлекеттік қызметке тарту үшін студенттермен кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізілуде.
Стипендианттар мен студенттерге қолданыстағы заңдылықтар негізінде облысты басқару сұлбасы бойынша, мемлекеттік қызметке келуде үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша кеңестер және түсіндірмелер беріледі.

Жарияланған: 25.09.2015 - 16:20:33
Жаңартылған: 12.07.2016 - 14:47:25
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі