Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық мінездеменің аналитикалық есебі мен көрсеткіштері

-A A +A

 Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

облыс аумағында арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде және балалардың құқығын қорғауда мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру;

білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

2. Міндеттері:

 «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты салалардағы Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

3. Функциялары:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ету;

2) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету;

3) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

5) облыс әкімдігіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жөнінде ұсыныс енгізу;

6) облыс әкімдігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде ұсыныс енгізу;

7) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;

10) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету;

11) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

12) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

14) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

15) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;

16) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;

19) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсыну;

20) облыс әкімдігіне облыстық мәслихатқа ұсыныс енгізу үшін білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы материалдар мен құжаттар дайындау;

21) білім беру мониторингін жүзеге асыру;

22) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау;

24) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;

25) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

26) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлеу;

27) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

28) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

29) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізу;

30) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізу;

31)дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

32) «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде бекітілетін орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын белгілеу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

33) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

34) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу;

35) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыру;

36) білім саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

4. Құқықтары мен міндеттері:

  1. конференциялар, семинарлар мен оқыту нысандарын және білім беру саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
  2. белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдармен бірлесе іс-қимыл жасау, олардан өзінің функцияларын орындау мақсатында;
  3. тәрбие, бiлiм беру саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
  4. өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу.
Жарияланған: 11.03.2016 - 15:05:08
Жаңартылған: 11.03.2016 - 15:05:47
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі