Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық мінездеменің аналитикалық есебі мен көрсеткіштері

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының 2015 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы  

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы (МЕИ) жөніндегі басқармасы облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 2015 жылдың 12 айында мекемелер мен кәсіпорындарда 884 тексеру жүргізді. Жүргізілген тексерулердің барысында 1924 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек туралы – 1386, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 472, халықты жұмыспен қамту – 66. Анықталған бұзушылықтардың ішінде 1868 жойылды немесе заңға сәйкестендірілді, оның ішінде еңбек туралы – 1339, еңбекті қорғау бойынша – 465, халықты жұмыспен қамту – 64.              

Анықталған бұзушылықтардың негізінде 754 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 17 580 340 теңге көлемінде 301 айыппұл салынды, жыл ішінде оның 12 783 900 теңге көлемінде 262 айыппұл өндірілді. Қалғандарының төлеу мерзімі бар немесе сот орындаушыларына өткізілген.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының талабымен 42 адам еңбек заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды. Есепті кезеңде құқық қорғау органдарына шара қолдану үшін 198 іс материалдары жолданды.

Еңбек заңнамасының сақталуы

Еңбек заңнамасы көбіне жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы, еңбек шартын заңсыз бұзушылық, жалақының уақытылы төленбеуі, үстеме, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа, сондай-ақ түнгі уақыттағы жұмысқа тиісінше ақы төлемеу, жұмыс берушілер тарапынан  әйелдердің еңбек құқығына қысым жасалуы сияқты фактілер бойынша бұзылуда.

Еңбек қатынастары саласындағы жоғарыдағы және өзге де заң бұзушылықтар жұмыс берушілердің өздерінің және лауазымды жауапты қызметкерлерінің  ҚР еңбек заңнамасын білмеуі, оны оқып-үйренуге талпынбауы, жұмыс берушілердің осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуі салдарынан орын алуда. Бұған, сондай-ақ, кейбір жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын қасақана бұзуы да кері әсерін тигізуде.

Жалақы қарызы туралы

Облыстың мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 2015 жылдың 12 айындағы тексерулер барысында жалпы 44 мекемеде 3184 жұмысшы алдында – 235 307 536 теңге жалақы қарызы анықталған болса, бүгінгі таңға дейін МЕИ араласуымен оның барлығы төленген. Мысалы, тексерулер барысында және одан кейінгі қолданылған іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласындағы «Команда Гражданской Безопасности» ЖШС-нің 19,5 млн. теңге, «Қуат жылу орталық-3» МКК-ның 11,8 млн. теңге, Ордабасы ауданындағы «АКМ-Планум» ЖШС-нің 11,4 млн. теңге, «Табиғат қорғау» МКК-ның  35,5 млн. теңге, «Арыс жылу» ЖШС-нің 5,8 млн. теңге, «Дена-Рахсаз Қазақстан» ЖШС-нің 26,4 млн. теңге, «Дена-Рахсаз Констракшн» ЖШС-нің 29,8 млн. теңге, «Synohydro Corporation Limited» ЖШАҚ-ның Қазақстандық филиалының 8,2 млн. теңге жалақы қарыздары төленді. Мекемелердің қаржылық қиын жағдайда қалуы және олардың арасында қаржылық өзара есеп айырысудың уақытылы жүргізілмеуі жалақыны уақытылы төлемеудің негізгі себептері болып табылады.

Жалақы қарызы мәселесі облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясында және облыстық дағдарысқа қарсы штаб отырысында тұрақты қаралуда.

Жыл басынан жалақыны уақытылы төлемеу түріндегі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін аталған заң бұзушылық орын алған кәсіпорындар мен мекемелерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан 44 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, 4,65 млн. теңге көлемінде 44 әкімшілік айыппұл салынған.

                                   Шетел жұмыс күшін тарту бойынша

2015 жылдың 31 желтоқсанына Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 57 мекеме тіркелген. Бұл мекемелерде 23254 Қазақстан Республикасының азаматтары  және 1350 шетел мамандары жұмыс істеуде.

2015 жылдың 12 айында шетел қатысуымен тіркелген мекемелерде 18 тексеру жүргізілді, тексеру қорытындылары бойынша 51 заң бұзушылық фактілері анықталып, міндетті түрде орындау үшін 18 нұсқама берілді, 32 лауазымды және заңды тұлғаларға 7 769 440 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

                                       Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген алдын алу шараларына қарамастан облыс кәсіпорындарында 2015 жылдың 12 айында 95 жазатайым оқиға орын алды. Олардың салдарынан 107 адам зардап шегіп, оның 21 қайтыс болды. 41 адам ауыр дене жарақатын алды. Осы кезеңде 10 топтық жазатайым оқиға орын алып, олардың салдарынан 22 адам зардап шекті.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, жұмыстарды қанағаттанғысыз дәрежеде ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібінің бұзылуы, жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қадағалаудың болмауы, ақаулы машиналарды пайдалану, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың өткізілмеуі, зардап шегушінің өрескел абайсыздығы және т.б.

Халықты  жұмыспен қамту туралы

Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары көбіне “Халықты жұмыспен қамту туралы” ҚР Заңының 9 бабы 2 тармағының 2 тармақшасын, яғни жұмыс берушіні өкілетті органға бос тұрған жұмыс орындары туралы үш күн ішінде мәлімет жіберуді міндеттейтін тармақты сақтамайды.

2015 жылдың 12 айында облысымыз бойынша 133 кәсіпорын тексеріліп, оның 60-да жұмыспен қамту заңнамасының жоғарыдағы талабы бұзылғаны анықталды. “Халықты жұмыспен қамту туралы” ҚР Заңының талаптарын сақтамағаны үшін 60 кәсіпорын бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулықтар беріліп, 56 жеке және заңды тұлғалар 1 664 880 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

                 Мемлекеттік еңбек инспекциясының ақпараттық-насихат жұмысы

2015 жылдың 12 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзырына кіретін сұрақтар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына 55 рет шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Есепті кезең ішінде мекемелер мен кәсіпорындарда 79 рет еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша ұжымдармен кездесулер, семинар-кеңестер өткізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының азаматтардың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттарын уақытылы қарауы әлеуметтік даулар мен қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алуда айтарлықтай роль атқарады. Аталған кезеңде  МЕИ 2212 азаматтардың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттарын қараған. Олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілген.

               Мемлекеттік еңбек инспекциясының 2016 жылы атқаратын міндеттері

Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы 2016 жылы 28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай облыстағы кәсіпорындар мен мекемелер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша дәстүрлі байқау-конкурс ұйымдастырып, қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау жүргізілетін болады.

Жаңа Еңбек кодексін түсіндіру бойынша «Оңтүстік Қазақстан» газетінде «Сіз өз еңбек құқығыңызды білесіз бе?» тақырыбында интернет-конференция өткізу, БАҚ-да, радиода 64 рет заңдарды түсіндіру мен Еңбек кодексіне қатысты сұрақтарға жауап беру және облыс көлеміндегі 58 мекеме мен кәсіпорындарда жаңа Еңбек кодексін түсіндіру және еңбек заңнамасының (еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту туралы) сақталуы жөнінде кездесулер мен семинар-кеңестер өткізу көзделуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы мен орынбасарлары аудандар мен қалаларда тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді еңбек заңнамасының сақталуы бойынша кестеге сәйкес жеке қабылдау жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасындағы «Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы 2016 жылы қыркүйек айында өткізіледі.

Басқарма облыс әкімдігінің жанындағы «Дағдарысқа қарсы штаб» отырысы мен Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты әлеуметтік әріптестік комиссиясының жұмысына  еңбек заңнамасының сақталу мәселелері бойынша (жалақы қарызын азайту, т.б.) белсенді қатысатын болады.

Жарияланған: 15.03.2016 - 17:38:39
Жаңартылған: 15.03.2016 - 17:39:56
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі