Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық мінездеменің аналитикалық есебі мен көрсеткіштері

-A A +A

ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиевтың  2015 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі 

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағат саласындағы жұмыстар негізінен Қазақстан Республикасы «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Заңына және басқа да тиісті қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес  жоспарлы түрде жүргізілді.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармаға қарайтын 19 мұрағат мекемелері жұмыс істейді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша облыстың мұрағат мекемелеріндегі  қорлар саны 4606 бірлікті құраса, оның ішінде сақтау бірліктерінің саны 1,5 миллионға жетіп отыр.  

Сақтауға қабылданған және жасақталған құжаттар

Жалпы мұрағат саласында 336 қызметші жұмыс істейді.                   

Жыл сайын Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрам  бойынша құжаттар көлемі орта есеппен алғанда 30 мың сақтау бірлігіне өсуде. Есепті мерзімде 10451 басқару құжаттарының сақтау бірлігі, 599 ғылыми-техникалық құжаттар, 167 фотоқұжат, 4 үнқұжат, 405 жеке тектік құжаттардың сақтау бірлігі, оның ішінде 500 құжат,  131 фотоқұжат 1 киноқұжат, 1620 бейнеқұжат  және  18721 жеке құрам құжаттары мемлекеттік сақтауға алынды.

Мекемелердің ресми бланктерінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік қағидалары», талаптарына сай дайындалуын қамтамасыз ету жұмысы жүзеге асырылды. Есепті мерзімде 588  мекеменің  ресми бланктері басқармадан тиісті келісуден өтіп, типографиялық тәсілмен дайындалды. 

2016 жылдың 1 қаңтарына Оңтүстік Қазақстан облысында 2579 мекеме, ұйым, кәсіпорындар ҚР-ның ұлттық мұрағат қорын толықтыратын мекемелерді, оның ішінде  құжаттары мемлекеттік сақтауға өткізілуі тиіс 56 мемлекеттік емес заңды тұлғаларды құрайды, яғни мұрағаттар осы мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу және құжат сақтау жағдайын қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру, құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау, оларды белгіленген тәртіппен реттеу жөнінде  ұйымдастыру-әдістемелік жағынан көмектесіп, қадағалайды. 2015 жылы іс-қағаздарын жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайы бойынша 32 мекемеге жоспарлы тексеру жүргізілді.

Есепті мерзімде облыс әкімдігінің жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының 23 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында  320  істер номенклатурасы, 109  сараптау комиссиясы туралы Ережесі,  55 ведомстволық мұрағаты туралы ереже,   4 әдістемелік ұсыным, 3 нұсқаулық, 3 тізбе, 6 қысқаша анықтамалық, 320 мекеменің құжаттары ретке келтіріліп – басқарушы құжаттаманың 21200 іс тізімдемесі, жеке құрам бойынша 16127 іс тізімдемесі,  364 фотоқұжаттар тізімдемесі, 605 ғылыми-техникалық құжаттарының,  284 фотоқұжаттар, 4 есеп бірлігін құрайтын үнқұжаттары, 4 есеп бірлігін құрайтын киноқұжаттары, 195 аса құнды құжаттар істер тізімдемелері,  40 азаматтың жеке текті құжаттарының 387 сақтау бірлігі, оның ішінде 1092 құжат, 199 фотоқұжат, 21 бейнеқұжат келісілді,   3082 істен тұратын 1 қор жетілдірілді.

Мұрағат саласының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы мен дамуына 2015 жылға қарастырылған 500448,0 мың теңге жыл ішінде мақсатты түрде толығымен игерілді. 2016 жылға  421240,0  мың теңге бөлінді    ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен оған қарасты мекемелерге бөлінген бюджеті, штат саны және жалақы қоры туралы мәлімет). Сарыағаш аудандық мұрағатының Келес филиалы, Мақтаарал аудандық Мырзакент филиалы Жетісай өңірлік мемлекеттік мұрағаттарында  14829,5 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 75675,0 мың теңге қаржыға  Созақ, Түлкібас аудандық және Мақтарал аудандық мұрағатының Асықата филиалына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. (Бұрынғы жылдармен салыстырғанда күрделі жұмыстарына бірінші рет қаржы бөлініп отыр). 2015 жылы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген мұрағат мекемелері

2015 жылғы 28 қазанда «Нұрсат» шағын ауданында 525,0 млн. теңге қаржыға соғылған, жалпы аумағы 4082 шаршы метрлік, сиымдылығы 500 мың сақтау бірлігіне арналған, 6 қабатты  Шымкент қалалық мұрағатының ғимараты іске қосылды.

2015 жылы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалану жұмысы қоғамның өткенін шолатын ретроспективтік ақпараттарға деген шынайы қажеттілігін есепке ала отырып жүргізілді. Ақпараттық хабарламалар жасалынды, облыстық және аудандық БАҚ құралдарында 28 мақала жарыққа шықты, жергілікті радиодан 14 радиохабарлар берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік мұрағаттардың оқырман залдары арқылы 25 мыңнан  астам құжат берілген.

2015 жылы 40 мыңнан астам еліміз бен шетел азаматтарына қызмет көрсетілді.   Есепті мерзімде заңды және жеке тұлғалардан  46477  сұраныстар  келіп түсті, оның ішінде тікелей келгені 12385 сұраныс, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскені 34092 сұраныс. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 34850 сұраныс. Оның ішінде тақырыптық сұраныстар саны - 17818. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 13595 сұраныс. Соның ішінде шетелден түскен сұраныстардың саны - 3609. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 2896.

(Барлығы қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 75% пайызды құрайды). 2014 жылы түскен сұраныстардың жалпы санымен-38933 салыстырғанда, сұраныстардың саны 19% пайызға өсіп отыр. 2015 жылы «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметін  көрсету туралы мәлімет

Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіне көшуі бойынша жұмыстар жүргізіліп облыстық мемлекеттік мұрағатына 30 млн теңгеге «Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

         Электрондық мұрағат ақпараттық жүйесі

2015 жылдың қорытындысы бойынша №809 қор Шымкент қаласы әкімдігінің 1992-2008 жылдардағы құжаттары Электронды мұрағат жүйесіне енгізілді. Жоспарға сәйкес  Шымкент қаласы әкімдігінің 1125 сақтау бірлігі саңдық таңбаға көшірілді, 50015 құжат карточкалары құрылып, 175148 парақ сканерден өткізілді. 

«Ақпаратты Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін толықтыру мақсатында орталық қор каталогы бойынша кестелер толтырылуда. Облыстағы мемлекеттік мұрағаттарда сақтауда тұрған 1500390 сақтау бірлігі бойынша қазіргі таңда 1500390 сақтау бірлігі кестеге енгізілді. Мәлімет республикалық базаға енгізу үшін мұрағат ісі және құжаттама департаментіне жіберілді.

2013 жылғы 26 қыркүйекте облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде  Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат саласын дамыту  барысы туралы мәселе қаралып,  Мақтаарал, Отырар, Сайрам аудандары мен Түркістан және Шымкент қалаларының әкімдеріне мұрағат ғимараттарының мәселелерін шешу жөнінде тапсырмалар берілген болатын. Қазіргі уақытта №258 Қаулыда берілген тапсырмалардың  басым көпшілігі орындалды, атап айтқанда:

1.Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының құрылысы аяқталып іске қосылды. Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының құрылысы

2. Түркістан қалалық мұрағатының ғимаратына жалғастырыла тұрғызылатын құжат сақтайтын қойма салу  мәселесі бойынша құрылыс басқармасы жобалау-сметалық құжаттарын дайындап қойған. Қазіргі уақытта құрылыстын қаржыландырылуы 2017 жылға арналған  бюджетте қарастырылды ( 300 млн тенге);

3. Мақтаарал аудандық мұрағатының Мырзакент филиалы үшін ғимарат  табылып, сатып алынды. Оған ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және мұрағат көшіп орналасты.

4. Отырар аудандық мұрағатына аудандық мекемелердің бірінің босаған ғимаратын беру жоспарланған болатын. Алайда оған көп уақыт қажет болғандықтан, бос ғимарат  сатып алу көзделуде. Ол үшін облыстық бюджеттен  21000,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлу жөнінде 2015 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ұсыныс жасалды. Бірақ, жасалған ұсынысқа облыстық бюджеттік комиссия қолдау білдірген жоқ, кейінгі мерзімге қалдырылды.

5. Сайрам аудандық мұрағатының отырған жайы бойынша аудандық әкімшілік пен мұрағат арасында қабылдау - өткізу актісі қабылданып, облыстық қаржы басқармасымен келісілді. Жайдың техникалық құжаттары дайындалып,  әділет органдары арқылы тіркелді.

6. Мұрағат саласы мамандарының кәсіби деңгейін көтеру қолға алынып 2014 жылдың шілде айының 18-19 күндері Астана қаласының «Даму»  білім беру – бизнес орталығы облыстағы мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызметкерлеріне «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі»  тақырыбында семинар өткізді. Семинарға 23 мұрағат мекемелерінің қызметкерлері қатысып, біліктілігін арттырды. Семинардың қорытындысы бойынша қызметкерлерге сертификат тапсырылды.      

2015 жылғы мамыр, маусым айларында барлық мұрағат директорлары мен басқарманың бөлім басшылары Астанадағы Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар, құжаттамалық қызмет қызметкерлері үшін біліктілік арттыру бойынша курстарында оқып, сертификат алып қайтты.    

Алдағы 2016 жылы Мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін

дамыту жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты  Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру  жөніндегі іс-шараларына сәйкес  әзірленді.  Жоспар бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталады:  

- Республика бойынша 3 жылда бір рет өткізілетін  орталықтандырылған мемлекеттік есеп облыстағы мекеме, ұйым, кәсіпорындарында ведомстволық  сақтауда тұрған  құжаттардың  есебі жүргізіледі және қорытынды деректер республикалық базаға енгізіледі.

- Ұлттық мұрағат қорын толықтыру мақсатында мекемелерден толыққанды құжаттарды жинақтап мемлекеттік сақтауға қабылдау;

- халыққа қызмет көрсетудің сапасын  арттыру;

- бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін белгіленген лимит шегінде мұрағат мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланып отыр.

Жарияланған: 20.04.2016 - 12:20:54
Жаңартылған: 20.04.2016 - 12:24:34
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі