Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік органның негізгі мақсатты

-A A +A

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты: облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.   

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты:                                                                                                                     

1) облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:                                                                                                              

1) облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;

2) тапсырыс берушінің электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;

3) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

4) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

5) конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;

7) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

8) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;                                                                                                                                                  

9) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;

10) заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

11) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз етеді;

12) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;

13) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;

14) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа қуынымдарды жібереді;

15) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Облысының аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;                                                                                                

2) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымдық тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;                                                                                                                              

3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;                                                                     

4) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

Жарияланған: 09.03.2016 - 15:35:25
Жаңартылған: 09.03.2016 - 15:36:35
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі