Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік органның рұқсат беру әрекеттерін орындау тәртібі

-A A +A

Жоба

Сәулет-қала құрылысы

саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес  және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:
  1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті;
  2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті ;
  3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта, жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
  1. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
  1. осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
  2. осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  1.  «Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 192 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2749-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын
  2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. С. Оспановқа жүктелсін.

 

Аким области                                                       А. Мырзахметов

 

Оспанов Б.                                                              Садыр Е.

Жилкишиев Б.                                                        Туякбаев С.

Айтаханов Е.                                                           Абдуллаев А.

Каныбеков С.                                                          Исаева Р.

«Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2015 жылғы «____» __________ № ____ қаулысына. (№ __________ бланк).

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі