Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың Оңтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы орындалуы

-A A +A
1) ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы бойынша инвестиция көлемі 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 13,8 мың жұмыс орны ашылды.
2015 жылы іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарланған қуаттылықтың 90-100% жүктелген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада алдыңғы қатарда.
2015 жылы құны 44,6 млрд. теңгеге 27 жоба іске қосылды, 2,6 мың жұмыс орны ашылды.
 Нәтижесінде, Бағдарламада жоспарланған түйінді индикаторларға қол жеткізілді: өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі – 103,1%, өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 101,3% құрады.
2) ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, салаға 2015 жылы 73,1 млрд.теңге бағытталды.
  2015 жылы  26  денсаулық сақтау нысанын салу  және қайта жаңғырту жүргізіліп, 24 нысаны пайдалануға берілді. 17 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 1,1 млрд.теңге бағытталды, медициналық  ұйымдардың МТБ нығайтуға бюджеттен 1,3 млрд.теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 63,0%-дан 65,4%-ға жеткізілді.
Нәтижесінде, 2015 жылы жоспарланған негізгі индкаторларға қол жеткізілді: жалпы өлім көрсеткіші бір деңгейде қалып 5,1 құрады, ана өлімінің көрсеткіші 11,39 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 30,7%-ға төмендеді, балалар өлімі (0-5 жас) 13,7 құрап, 0,7% азайды.
3) ҚР білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, салаға 2015 жылы 187,5 млрд. теңге қаржы бағытталды.  Сала бойынша 104 нысанның құрылысына жалпы 24,1 млрд.теңге жоспарланды, 66 нысан пайдалануға берілді.
2015 жылы 6,81 млрд. теңгеге 98 білім нысандары  күрделі  жөндеуден өткізілді.
Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 1524, 3-6 жас аралығындағы 156 053 бала мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылып, қамту көрсеткіші 80,5% құрады, жоспар – 77,7%.
4) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылуынан бастап құны 482,1 млрд. теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, 16 048 жұмыс орындары ашылды.
Оның ішінде, 2015 жылы құны 202,6 млрд. теңгеге 275 жоба мақұлданды, оның бағдарлама аясында ағымдағы жылы 8,47 млрд. теңгесі бөлінді.
 
5) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту шараларымен 57 842 азамат қамтылды, бұл мақсатқа 5,5 млрд. теңге бағытталды.
Нәтижесінде, Бағдарламаның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді: облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ға, жастардың жұмыссыздығы 4,0%-ға, әйелдердің жұмыссыздығы 5,9%-ға дейін төмендеді.
6) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қаржыландырудың барлық көздерінен 2015 жылы 445,2 мың ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылды (жоспар – 405,5 мың ш.м.).
- «Моноқалаларды дамыту» бағыты аясында, 2015 жылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға 1273,5 млн. теңге бағытталды, сонымен қатар ШОБ қолдауға және жұмыспен қамтуға – 517,8 млн. теңге.
Кентау қаласында 2015 жылы «ЮгЭлектроПривод» ЖШС-нің «зәкірлік» жобасы іске асырылуда, жоба құны - 842,0 млн теңге. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарының  саны – 50.
Нәтижесінде, жылдың қорытындысымен, 2015 жылға жоспарланған индикаторларға қол жеткізілді.
-     «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау» басымдығы аясында 114 ауылдық елді мекенде 1,5 млрд. теңгеге 128 жобалар іске асырылды.
7) Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы:
Жалпы облыс бойынша бағдарламаны іске асыруға 2015 ж. 11,22 млрд.тг. бөлініп, 11,198 млрд.тг. немесе 99,7%  игерілді (30,3 млн.тг. игерілмеген):
1. Инфрақұрылымдық жобалар бойынша: 24 нысанның құрылысына 7,44 млрд. тг. бөлініп, игерілгені 7,41 млрд. тг. немесе 99,6% Игерілмеу себебі- Шардара қаласыңдағы индустриалды аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы бойынша – 11,7 млн.тг. (орындалған жұмыс көлемінің болмауынан)
2015 жылы іске қосуға жоспарланған 12 нысанның (12 нысан өтпелі), 11 нысанның құрылысы аяқталған , 1 нысанның құрылысы аяқталмаған (Шардара қ. индустриалды аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы)
1) Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы бойынша 2015 ж. 13 нысанның құрылысына 4,5 млрд.тг. бөлініп, оның 4,49 млрд. тг. немесе 99,3% игерілді (30,3 млн.тг. игерілмеді )
2015ж. пайдалануға тапсырылуы тиіс 11 нысанның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 10 нысан пайдалануға тыпсырылды, 1 нысан тапсырылмады , 2 нысан 2016 ж. өтпелі.
2) Облыстық құрылыс басқармасы бойынша 2015 ж. 11 нысанның құрылысына  – 2,9 млрд тг. бөлініп, 100,0%игерілді.
2015 жылға пайдалануға тапсырылуы тиіс 1 нысан толығымен тапсырылды (Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығының жаңа тұрғын массивіндегі (жайлылығы 3-сыныпты) тоғыз қабатты 324 пәтерлі №В-2 тұрғын үйдің құрылысы), 9 мектеп және 1 балабақша 2016 жылға өтпелі.
3) Облыстың білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы бойынша 2015 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыстарын іске асыруға 2,8 млрд.тг. бөлініп, 100% игерілді.
4) Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 592,2 млн.тг.бөлініп, 100% игерілді. 
5) Облыстың кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 346,0 млн.тг. бөлініп, қаржылар  100% игерілді.
Жарияланған: 09.03.2016 - 09:23:13
Жаңартылған: 29.11.2016 - 15:28:57
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі