Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ММ Ережесі

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің

2016 жылғы «  16  »  мамыр

№ 135   қаулысына

1 қосымша

«Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.   Жалпы ережелер

1. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты басымдықтарын іске асыру. Мемлекттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган.

15. Міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму бағдарламасын әзірлеу және келісу;

2) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу;

3) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжау;

16. Функциялары:

1) Облыстың даму бағдарламасына мониторинг жүргізу;   

2) облыстың, оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

3) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытындылар дайындау;

4) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың мониторингін және бағалауын жүзеге асыру;

5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттарды қарау және экономикалық қорытындылар беру;

6) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

7) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда концессиялық ұсыныстар бойынша, конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлеу;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу;

9) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;

10) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекіту және облыстық бюджетті нақтылау жөніндегі облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;

11) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

12) облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі туралы үш жылдық кезеңіне арналған облыстық мәслихат шешімі жобасын әзірлеу;

13) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті дайындау және облыс әкімдігіне ұсыну;

14) Оңтүстік Қазақстан облысының даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және облыс әкіміне бекітуге енгізу;

15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері  және бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындыларды қарастыру, бағалау және дайындау.

17. Құқықтары мен міндеттері:      

1) жоғары органдарға облыстың негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық даму бағдарламасына мониторинг және бағалау жүргізуге;

3) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды республикалық мемлекеттік органдарға және облыс әкімдігіне ұсынуға;

4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды  сұратуға және алуға;

5) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға.

3.   Мемлекеттік органның  қызметін ұйымдастыру

18. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарманың басшысы жүзеге асырады.        

19. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

21. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі  атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда басқарма мүдделерін білдіреді;

2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлігіне билік жасайды;

3) шарттар жасасады, сенімхаттар береді, «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі регламентін, жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

4)  заңда белгіленген тәртіппен меморандумдарға қол қояды;

5) банктерде есеп-шоттар ашады, «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық  қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады, басқарма  қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;

7) заңнамамен, осы ережемен және облыс әкімдігімен жүктелген өзге де  қызметтерді атқарады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4.   Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.  Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жарияланған: 01.03.2016 - 13:57:24
Жаңартылған: 02.12.2016 - 12:13:47
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі