Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

ММ Ережесі

-A A +A

 

«Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет бюджетінің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

15. Міндеттері:

1) автомобиль жолдары және жол шаруашылығы, автомобиль көлігі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

2) жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және жол шаруашылығы салаларындағы іс-шаралар жоспарларын іске асыру;

3) экономиканың және тұрғындардың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;

4) өз құзіреті шегінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

5) жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен облысаралық тасымалдауларға байланысты жұмысты үйлестіру және реттеу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

16. Функциялары:

1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;

2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;

3) Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

4) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту бойынша ұсыныстарды әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

6) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыруға рұқсат береді;

7) автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу жөнінде облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

8) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбелерiн келіседі;

9) автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу жөнінде облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары индекстерінің атауларын әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

10) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға кiрме жолдарды және жалғасатын жолдарды салуды келіседі;

11) елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

12) облыстық маңызы бар жолдарда жол жүрiсiн реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;

13) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

14) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітеді;

15) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерін заңнамада белгіленген тәртіппен келісу;

16) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

17) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

18) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

19) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

20) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;

22) өз құзыреті шегінде тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

23) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

24) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жою;

25) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

26) облыс аумағында техникалық байқаудың мобильді желілері үшін, өткізу кестелерін келісу;

27) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

28) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;

29) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

30) интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді маманданушы ұйымдар ұйымдастыру жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

31) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

32) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді, деректерді алу мақсатында мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара әрекеттеседі;

2) «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады;

3) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2) «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

5) «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

7) келісім-шарттар жасасады;

8) сенімхаттар береді;

9) банкте шоттар ашады;

10) өз уәкілеттігі шегінде барлық «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;

12) Мемлекеттік мекеме басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;

13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

«Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

23. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесін және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым:

Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

 

Жарияланған: 12.05.2016 - 16:53:59
Жаңартылған: 19.01.2018 - 09:38:20
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі