Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

ММ тарихы

-A A +A

Облыстың халықты әлеуметтік қорғау органдарының тарихы

 

1919 – 1921  жылдар

Черняев  уездік  еңбек және  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімдері  құрылды. Уездік  Кеңес  атқару  комитетінің  жанынан  «Компом» – соғыс  мүгедектеріне,  науқастарына,  жараланған  және  әскерден  босатылған  қызыләскерлерге,  соғыста  қаза  болғандар  мен Қызыл  әскерге  шақырылғандардың  отбасыларына  жәрдем беру комитеті құрылды.

1924 жыл

Сырдария  губерниясының  ұйымдастырылуына  байланысты  Черняев  уездік  еңбек және әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімдері  Сырдария  губерниялық  еңбек және әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімдері  деп қайта  аталды.

1928 жыл

Сырдария  губерниясының  ұйымдастырылуына  байланысты  Сырдария  губерниялық  еңбек және  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімдері Сырдария  округтік  еңбек және  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімдері деп қайта  аталды.

1931 жыл

Жәрдем беру  комитеті  (Компом) жәрдем  беру  қоғамы (Обпом), деп  қайта  құрылды.  Облыстың  ұжымшарлары жанынан  «ККОВ» – қоғамдық  өзара  көмек  кассалары  құрылды. Қазақстанда  ол «Қосшы»  деп аталды.

1932 жыл

Оңтүстік Қазақстан  облысының  құрылуына  байланысты  Сырдария  округтік  еңбек және  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімдері  еңбекшілер  депутаттары Оңтүстік Қазақстан  облыстық Кеңесі  атқару  комитетінің  еңбек және  әлеуметтік қамсыздандыру  бөлімдері  болып  құрылды. Облыстық  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімінің  жанынан  қазақ  соқырлар  және қазақ  саныраулар  қоғамдары  құрылды.

1935 жыл

Көмек  комитеттерінің  облыстық  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімінің  қарамағына  өтуіне  байланысты  оның жаны нан  кәсіпорындар мен  еңбекке  орналастыру  басқармасы  құрылды.

1942 жыл

Қорғаныс  үйінің  жанынан  мүгедектерге  мамандық алу үшін  техник-есепші,  малшы, орманшы,  байланысшы мамандықтарының 8 айлық  курстары,  сондай-ақ, бухгалтер, есепші-жоспарлаушы,  экономистер даярлайтын  есеп-жоспар  мектебі  ашылды.

1943 жыл

Облыстық  атқару  комитетінің  жанынан  майдангерлердің  отбасыларына  қызмет  көрсететін  мемлекеттік  қамсыздандыру  бөлімі  қайта құрылды.

1953 жыл

Еңбекшілер  депутаттары  Оңтүстік Қазақстан  облыстық  Кеңесі  атқару  комитетінің  № 442  шешімімен  жұмысшыларды  ұйымдасқан  түрде  жинақтау  бөлімі  құрылды.

1956 жыл

Еңбекшілер  депутаттары  Оңтүстік Қазақстан  облыстық Кеңесі  атқару  комитетінің 24  қыркүйектегі № 522 шешімімен  қоныстанушылар  бөлімі  мен  жұмысшыларды  ұйымдасқан  түрде  жинақтау  бөлімі  біріктіріліп,  қоныстандыру  және  жұмысшыларды  ұйымдасқан  түрде  жинақтау  бөлімі  құрылды.

1958 жыл

Еңбекшілер  депутаттары  Оңтүстік Қазақстан  облыстық  Кеңесі  атқару  комитетінің  жанынан  қоныстанушылар  бөлімі  ашылды.

1962 жыл

Оңтүстік Қазақстан  облысы  Шымкент  облысы  болып  өзгеруіне  байланысты  облыстық  бөлім  еңбекшілер  депутаттары  Шымкент  облыстық Кеңесі  атқару  комитетінің  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімі  болып қайта аталды.



Еңбекшілер  депутаттары Шымкент  облыстық Кеңесі  атқару  комитетінің  3 наурыздағы №159 шешімімен  еңбек  ресурстарын  пайдалану  бөлімі құрылды.

1967 жыл

Облыстық  еңбек  ресурстарын  пайдалану  бөлімінің жанынан  жиналу  пункті  ашылды.

1977 жыл



30 маусым

Еңбекшілер депутаттары Шымкент  облыстық  Кеңесі  атқару  комитетінің  № 308 шешімімен еңбек  ресурстарын  пайдалану бөлімі  еңбек  бөлімі  деп  өзгертілді.

1988 жыл 



30 наурыз

Облыстық  Кеңес  шешімімен  еңбек бөлімі  еңбек  және әлеуметтік  мәселелер  бөлімі  болып  қайта  құрылды.

1990 жыл 



30 наурыз

Халық  депутаттары  Шымкент облыстық Кеңесінің  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімі  облыстық  әлеуметтік  қамсыздандыру  басқармасы  болып аталды.

1991 жыл 



18 қаңтар

Халық  депутаттары  Шымкент  облыстық Кеңесі  атқару  комитетінің  еңбек және әлеуметтік  мәселелер  жөніндегі  бөлімі еңбек және  халықты  жұмыспен  қамту  басқармасы деп  аталды.

1992 жыл



21 сәуір

Халықты әлеуметтік  қамсыздандыру  басқармасы  Шымкент  облысы  әкімшілігінің  халықты  әлеуметтік  қорғау  басқармасы  деп аталды.



Шымкент  облысы  әкімінің №  86 шешімімен  еңбек  және  халықты  жұмыспен қамту  басқармасы  еңбек  басқармасы  болып  қайта  құрылды.

1994 жыл



21 сәуір

Еңбек басқармасы  облыс  әкімшілігінің  еңбек Бас  басқармасы  деп  аталды.

1997 жыл

Оңтүстік Қазақстан  облысы  әкімінің  9  қаңтардағы  № 3 шешімімен  еңбек Бас  басқармасы  халықты  әлеуметтік  қорғау  басқармасымен  біріктіріліп,  еңбек  және халықты  әлеуметтік  қорғау Бас  басқармасы  болып  аталды.

1999 жыл

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің  25 ақпандағы     № 56 шешімімен  Бас  басқарма  облыс  әкімшілігінің  еңбек, халықты жұмыспен қамту  және әлеуметтік  қорғау департаменті  болып аталды. Департаменттің  ведомстволық  газеті  шыға бастады.

2001 жыл

Облыс  әкімінің  20 сәуірдегі № 150 шешіміне  сәйкес  «Оңтүстік Қазақстан  облысы  әкімшілігінің  еңбек  және  халықты  әлеуметтік қорғау  департаменті»  «Оңтүстік Қазақстан облысының  еңбек және  халықты  әлеуметтік  қорғау департаменті»  деп  аталды.

2002 жыл

Облыс  әкімінің  8 қаңтардағы  №1 шешіміне сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының  еңбек және  халықты  әлеуметтік  қорғау департаменті»   таратылып «Оңтүстік Қазақстан облысының  еңбек,   халықты  жұмыспен қамту және  әлеуметтік  қорғау департаменті»  болып  қайта құрылды.

2003 жыл

Облыс әкімінің 24 қаңтардағы № 9 шешіміне сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының  еңбек ,   халықты  жұмыспен қамту және  әлеуметтік  қорғау департаменті» «Оңтүстік Қазақстан облысының  еңбек және   халықты  әлеуметтік  қорғау департаменті» болып  қайта аталды.

2005 жыл

Облыс әкімиятының 5 қаңтардағы № 1 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» және «Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамту басқармасы» біріктіру жолымен «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» болып қайта ұйымдастырылды.

2008 жыл

Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы №184 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» болып қайта аталды.

 

Жарияланған: 27.02.2016 - 21:02:41
Жаңартылған: 03.03.2016 - 16:43:08
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі