Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ММ Тарихы

-A A +A

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4желтоқсандағы«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
  2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3.  Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға қажетті ақпараттар, құжаттармен тапсырманы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынуын қамтамасыз етсін.

4. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.

 

 Облыс әкімі                                                                 Б.Атамқұлов

 

Д.Сатыбалды

Б.Жылқышиев

С.Қаныбеков

Е.Садыр

С.Тұяқбаев

А.Абдуллаев

К.Мендебаев

Жарияланған: 11.03.2016 - 09:52:57
Жаңартылған: 11.03.2016 - 09:56:14
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі