Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ММ Тарихы

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысын құрылыс басқармасы  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылдың 24 ақпандағы №47 шешімімен «Облыс әкімшілігінің құрылыс, көріктендіру және коммуналдық қызмет көрсету департаменті» болып құрылып, Б.Жылқышиев (кейіннен 2001-2002 ж.ж. Шымкент қаласының, 2002-2006 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып қызмет атқарды) департаменттің бастығы болып тағайындалды. Департаменттің негізгі міндеттері кеңейіп, басқарма болып қайта аталып, аумақтарда құрылыс салу, сәулет және қала құрылысы  мәселелерімен шұғылдану жүктелді. 

 ОҚО әкімідігінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы №27 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет, құрылыс және құрылыс департаменті, Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаменті (2008 жылдан бері басқарма) болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған. Міне сол жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрылыс мәселелерімен айналысатын бірден бір басқарма.  Басқарманы әр жылдары елге танымал, тәжірибелі де білікті мамандар, атап айтқанда, Б.Жылқышиев, Е.Самофалов, С.Тәукебаев, Б.Ахметов, Ю.Ен, А.Сәбденов, Қ.Жамашев, Н.Байғұт, А.Орманчина, Т.Әлиев, Е.Дауылбаев  және К.Орашовтар басқарып,  облыс аумағында құрылыс саласында келелі істер мен үлкен жобалардың жүзеге асырылуына өзіндік үлестерін қосты. 

Басқарманың негізгі міндеттері: әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық, ауыл шаруашылық, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық, абаттандыру мен көгалдандыру, моноқалаларды және қоршаған ортаны қорғау маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асырады және облыс әкімдігінің қарауына құрылыс қызметі саласындағы  мемлекеттік  саясатты іске асыруды жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында  облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтік - экономикалық дамыту жобаларын дайындауға және келісуге қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілердің (кешендерді) қабылдайды, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің  әділет басқармасында тіркейді және есебін жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады, техникалық құжаттамаларды қамтамасыз етеді, әділет органдарында тіркейді; әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй, ауыл шаруашылық, инженерлік-коммуникациялық, абаттандыру мен көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау маңызы бар объектілерді салу және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша тапсырысшы болады; объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (алдағы құрылыстың салынуы, реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;  құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен  кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстарды енгізеді.

Жарияланған: 18.01.2016 - 12:53:08
Жаңартылған: 11.03.2016 - 11:59:39
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі