Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

ММ Тарихы

-A A +A

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарлығы және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 25 қазан 2011 жылдың №1204 қаулысы негізінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының функциялары орталық атқарушы органына берілді (Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі).

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №17 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі таратылды. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы №466 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Өңірлік даму министрлігіне қосылып қайта ұйымдастырылды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №239 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы негізінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау функциялары  жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №15 «Мемлекеттік мекемелер туралы» қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта құрылып жұмыс атқаруда.

Жарияланған: 11.03.2016 - 15:15:00
Жаңартылған: 16.03.2016 - 09:25:33
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі