Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Мүлікті жария ету туралы СҰРАҚ-ЖАУАП

-A A +A

 

  1. Әкімдіктер жанындағы комиссияларға қандай мүліктерді жария ету үшін өтініш беруге болады?

Әкімдіктер жанындағы комиссияларға құқығы рәсімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету ғана қалдырылды.

  1. Мүлікті жария ету үшін комиссияға қандай құжаттар тапсыру қажет? Ол комиссиялар қайда отырады?

Заңға сәйкес мүлікті жария ету үшін комиссияға мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1. Мүлiктi жария етуге өтініш, екi данадан; 2. Өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасын көрсету қажет; 3.Ғимараттар мен құрылыстарға тех­никалық тексеру жүргізген сарапшының қорытындысы; 4. Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжаты. Комиссиялар барлық аудан, қала (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері жаңынан құрылған.

  1. Жария етуге берілген өтініштер әкімдіктерде қанша мерзім қаралады.

Өтініштерді комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.

  1. Мүлікті жария ету субъектісі болып кімдер танылады?

Заңға сәйкес мүлікті жария ету субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

  1. Жария етілген мүліктердің рәсімделуіне қаралған қаржылай шығындарды кім өтейді?

Бұндай шығындарды мүлікті жария ету субъектілері өтейді.

  1. Қандай мерзімнен бастап мүлік жария етілген болып саналады?

Мүлікті жария ету бойынша комиссия жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап мүлік жария етілген болып саналады.

  1. Мүлікті жария ету субъектілері қандай жағдайда жылжымайтын мүлікті жария етуге қайта өтініш бере алады?

Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептер жойылған кезде, жылжымайтын мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектісі қайтадан өтініш беруге құқылы.

  1. Мәселен, Мен, жер учаскемді жария ете аламын ба?

Жер учаскесі заңдастырылуға жататын мүліктердің тізіміне кірмейді.

  1. Сот талқылаулары жүріп жатқан мүлік жария етілуге жатады ма?

Бұндай мүліктер жария етуге жатпайды.

  1. Жақында, құрылысы жүріп жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алдық. Оның құрылысын осы жылдың соңына дейін бітірсек, осы мүлікті жария етуге мүмкіндік барма?

Мүлікті жария ету заңы бойынша, жылжымайтын мүліктер 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн мүлікті жария ету субъектілеріне тиесілі болған және өздері алған кезде қолданылады.

  1. Менің ағамның мемлекеттен жалға алған жері бар. Ол жерде ғимарат соқтым және осы ғимаратты ТҚКС ретінде жалға беремін. Осы ғимаратты заңдастыра аламын ба?

Жоқ, Заңға сәйкес заңдастырылуға жататын мүлік жария ету субъектісіне тиесілі жер учаскесінде орналасуы қажет.

  1. Біз қала  маңындағы ауылға көшіп келгенде, әкімдік бізге жер бөлді. Әкімдіктің жер бөлу туралы ше­шімі қолымызда. Бірақ әлі жердің актісін алған жоқпыз. Жерімізге үй салып алдық. Осы үйді заңдастыра аламыз ба?

Қолданыстағы заң­намаға сәйкес жер учаскесін беру туралы мәселені шешу және жер учаскесіне мемлекеттік акт беру жергілікті атқару органдарының құзыретіне жатады. Егер сізде жер учаскесін беру туралы шешім болса, бірақ оған мемлекеттік акт алын­баған жағдайда, сіз осы құжатты алу үшін тиісті әкімдікке жүгінуіңіз қажет. Сізге мемлекеттік акт берілмеген жағ­дайда, өз құқығыңызды қорғау жөнінде сот органдарына жүгіне аласыз. Мемлекеттік актіні алғаннан кейін, оны Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әділет органдарында тіркеуіңіз қажет. Осы рәсімдерден кейін ғана, сіз өз үйіңізді заңдастыру бойынша акцияға қатыса аласыз

  1. Жария етілген мүлікті тәркілеуге болады ма?

Жоқ, 2015 жылғы 13 қарашада  мүлікті жария ету заңына енгізілген нормаларға сәйкес жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салынған.

  1. Тексеруге құқылы құзырлы органдар заңдастырылған ақша туралы ақпараттарды қандай жағдайда сұрата алады?

Банктік заңнамаға сәйкес жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру туралы нормалары қабылданды.

  1. Банк шотына салынған ақшаны қандай мерзімге дейін сақтау қажет?

Бұрынғы 5 жыл сақтау мерзімі, қазіргі кезде алынып тасталған. Азаматтар банкке салынған ақшасын  алымдарды төлемей, шектеусіз өзінің қарауы бойынша иелік етуге құқылы.

  1. Қандай жағдайда 10 пайыз мөлшерінде алым төленеді?

Бірінші: Банк шотына ақшаны салмастан декларация тапсыру арқылы ақшаны жария еткен кезде;

Екінші: ҚР-ның аумағынан тыс жерде орналасқан мүліктерді жария еткен жағдайда, 10 пайыз мөлшерінде алым төленеді.

  1. Шетелдегі шоттарды жасырғаны үшін қандай шаралар қолдануы мүмкін?

Заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес бұл үшін әкімшілік жаза қатаңдатылды:

бұрын – ескерту берілген (ескертуден кейін бір жыл ішінде шетелдегі шоттарындағы ақшасын жарияламаса - 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын); қазір – бірден 250 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады (ал егерде бір жыл ішінде жоймаса - 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады)

  1. Жария ету субъектілері мүлікті жария еткеннен кейін құқық қорғау органдары тарапынан қудалануы мүмкін бе?

   Жария ету субъектілеріне құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдардың, банктер мен өзге ұйымдардың қызметкерлерінен қудаланбауға кепілдіктер көзделген. Яғни аталған органдардың мен ұйымдардың қызметкерлері  заңға сәйкес келмейтін әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады.

  1. Жария етілген мүліктер туралы алынған ақпарат азаматтардың өздеріне қарсы пайдаланып жүрмейді ме?  

Заңға сәйкес жария ету барысында алынған ақпаратты қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде пайдалануға болмайды.

  1. Мүлікті жария ету туралы мәліметтің құпиялығына қандай кепілдіктер берілген?

Мүлікті жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салынды.        

  1. Қандай мерзімнен бастап ақша жария етілген болып саналады?

         Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе екiншi деңгейдегі банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаның сомасынан алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады..

  1. Мүлікті жария ету кезінде комиссиялардың, мемлекеттік кірістер органдардың шешімдерімен және өзгеде іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, шағым жасау тәртібі қандай?

         Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, тұлға сот органдарына жүгінуге құқылы.

  1. Техникалық тексеру үшін сарапшыны ұйымдастыру үшін аттестатталған сарапшылардың тізімін қайдан алуға болады?

         Сарапшылардың тізімі kds.gov.kz сайтында орналастырылған (сынақтан өткен сарапшылар тізімі бөлімінде).

  1. Мен, ауылшаруашылығы мақсатындағы маған тиесілі жер учаскіме үй салдым. Осы мүлікті заңдастыруға болады ма?

      Жоқ, Заңға сәйкес заңдастырылуға жататын мүліктің құрылыстарының шарттары жазылған, сонымен қатар бұндай нысандар жер учаскесінің мақсатына сай болуы тиіс. Сондықтан да, сіздің мүлкіңіз заңдастырылуға жатпайды.  

Жарияланған: 28.09.2015 - 12:29:09
Жаңартылған: 18.05.2016 - 12:00:22
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі