Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Объектілердің санаттарға бөлінуі және мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырылатын құжаттар

-A A +A

ОҚО табиғи ресуртсар және табиғатты пайдалану басқармасы ІІ, Ш және ІV санатқа жатқызылған объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді.
ҚР Экологиялық кодексінің 40 бабы бойынша жоспарланатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнген:
I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады.
Санитарлық сыныптауға сәйкес 1 сыныпқа – 1000 м, 2 сыныпқа -  500 м  санитарлық қорғаныш аймағы белгіленеді.
II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады. Санитарлық сыныптауға сәйкес 3 сыныпқа–300м санитарлық қорғаныш аймағы белгіленеді.
III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады. Санитарлық қорғаныш аймағы – 100 м.
IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады. 5 сынып нысандарының санитарлық қорғаныш аймағы – 50 м.
Негізгі тапсырылып жатқан құжаттар сипаттамасы. Мемлекеттік экологиялық сараптама қарауына негізінен облыс аумағында құрылысы жоспарланатын шағын және орта кәсіпкерлік  нысандары, өндіріс орындарының жобалау материалдары, қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары, кең таралған пайдалы қазбаларды   барлау, өндіру жобалары тапсырылады. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары пайдаланудағы кәсіпорындарға  жасалады.
Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жасау қажеттілігі.  ҚР Экологиялық кодексінің 36 бабына сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаєға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерiн баєғаламай әзiрлеуге және iске асыруға тыйым салынады. Әсердi бағєалау нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау (1-кезең);
2) қоршаған ортаға әсердi бағалау (2-кезең);
3) жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең)
Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе 3- қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi әзiрленедi.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жобалау құжаттамалары төмендегі құрамда тапсырылады:
1) Сараптама жасауға өтінім;
2) Бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімді тапсырғаны жөнінде хабарландыруі;
3) Сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
3) Жұмыс жобасының түсініктеме жазбасы, тиісті сызбалар, альбомдар;
5) Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының;
6) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі ;
7) Қоғамдық тыңдау хаттамасы (Iске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тiкелей ықпал етуi мүмкiн жобалар бойынша).
Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобалары төмендегі құрамда тапсырылады:
1) Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің жобасы (түсініктеме жазба) алдын алынған сараптама қорытындылары, эмиссияға рұқсат қоса тіркеледі;
2) Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қорытындысы.

Жарияланған: 29.09.2015 - 17:39:28
Жаңартылған: 25.05.2016 - 11:14:07
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі