Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі

-A A +A

Жаңғырудан – жарқын болашаққа

Облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі

 

Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан қанаттанған облыс халқы өткен жылдың экономикалық және әлеуметтік дамуында лайықты табыстарға қол жеткізді. Қоғамдық-саяси ахуал мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтауда да өңір жұртшылығы биік белестен көрінді.

 

Өнеркәсіп

Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етті.

2017 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 858,4 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 69,5 млрд. теңгеге немесе 2,1%-ға артты (2016ж. – 789,0 млрд. тг.).

Өнеркәсіп саласында үлесі 68,2%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 585,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ол 98,1 млрд. теңгеге немесе 5,0%-ға артты (2016ж. – 487,6 млрд. тг.).

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі өткен жылмен салыстырғанда бірқатар салаларда артып отыр. Атап айтқанда, тамақ өнімдерін өндіру – 4,7%-ға, сусындарды өндіру – 5,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 15,6%-ға, мұнай өңдеу өнімдері – 3,2%-ға, химия өнеркәсібі – 13,1%-ға, фармацевтикалық өнімдерді өндіру – 40,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 16,6%-ға, металлургия өнеркәсібі – 16,6%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 9,7%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіру – 21,3%-ға, машина жасау 28,5%-ға өскен.

Индустриялық–инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері Индустрия­ландыру картасы аясында жалпы құны 242,0 млрд. теңгеге, 10 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 175 жоба іске қосылды.

Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына (2015-2019 жж.) құны 1,3 трлн. теңгенің, 18 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 137 жоба енген, оның ішінде 2 жоба («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шардара СЭС» АҚ) республикалық Индустрия­лан­дыру картасының жобалары.

2017 жылы 36,4 млрд. теңгені, мыңға жуық жұмыс орнын құрайтын 18 жоба іске қосылды. Оның ішінде облыс үшін аса маңызды және ірі жобалар:

1. Технологиялар трансферті шеңберінде «Рахат Шымкент» ЖШС (Шым­кент қ.) вафли түтікшелері өндірісін іске қосты. Зауыт заманауи үлгідегі оңтүстіккореялық «LOTTE Confec­tionery» трансұлттық компаниясының технологиясын қолданады. «LOTTE Confectionery» компаниясы өзіне қарасты кәсіпорындарда кондитер саласындағы соңғы әзірлемелерге сәйкес еуропалық өндірушілердің автоматтандырылған жабдықтары мен технологияларын қолдануда. Атап айтқанда, негізгі өндірістік процестерінде: вафли өндірісінде – FrancHaas (Аустрия), печенье өндірісінде – IMAFORNI (Италия) жабдықтарын қолдануда.

Сонымен қатар, қамыр илеуде – Liakaztelina (Италия), EuroSigmaspa (Италия), Velteco (Чех Республикасы), Vamatosteil (Германия) қаптауыш машиналары, Errebi (Италия) вальцевтік машинасы және т.б. қолданылуда. Кәсіпорын өнімдерінің 20%-ы (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан) экспортталуда.

2. «Химфарм» АҚ (Шымкент қ.), қатты формадағы дәрілер шығаратын цехты іске қосты. Оған 4,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, жаңадан 60 жұмыс орны ашылды. Цехтың жобалық қуаттылығы – жылына 200,0 миллион дана қатты формадағы дәрілер шығарады. Зауытта жүріп жатқан жаңғырту жұмыстары еліміздің фармацевтика саласындағы алғашқылардың бірі болып өндірісте GMP халықаралық стандарттарына сәйкес заманауи және инновациялық технологияларды қолдануына мүмкіндік беруде. Бұл өз кезегінде еліміздің ұлттық қауіпсіздік мәселесін, яғни «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан халқын сапалы дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. Импорт алмастыратын өнімдердің шығарылуы дәрі нарығында отандық дәрілік препараттар үлесінің артуына ықпал етуде. Зауыт шығарып жатқан дәрілік препараттар 5 елге (Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және Түркіменстан) экспортталуда.

3. «Шымкентцемент» АҚ (Шымкент қ.) цемент зауытын жаңғырту жобасын «HEIDELBERGCEMENT Group» неміс компаниясымен бірлесе жүзеге асырды. Жоба құны 20,0 млрд. теңгені құрайды. «HEIDELBERGCEMENT Group» әлемдік цемент өндірісіндегі алдыңғы қатарлы заманауи технологияларды қолданатын компания. Компания өзінің барлық өнімдерін экономикалық тиімді технологияға және экологиялық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіреді. Мұнда барлық өндірістік процестер цифрландырылған және заманауи технологияларға көшірілген. Зауытты жаңғырту энергиялық тұрғыдан тиімді болып табылады, өйткені цемент «құрғақ» тәсілмен өндіріліп, энергиялық шығын 2 есеге төмендетілген. Сонымен қатар, кәсіпорын тампонажды цемент шығаруды жолға қойды, бұл өнім құрылыс және мұнай өндіру салаларында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын өнімдері Ресейге, Қырғыз­станға, Тәжікстанға экспортталуда.

4. «HillCorporation» ЖШС (Шымкент қ.) – қолданылған майларды регенерациялау мен консистенттік материалдардың өндірісі. Өндіріске Германияда әзірленген заманауи және инновациялық технологиялар ендірілген. Қолданылған майларды регенерациялау өндірісі бойынша бұл кәсіпорынның Қазақстанда аналогы жоқ. Ал, консистенттік материалдар өндірісі толығымен импорт алмастырушы өнімдер шығаратын болады. Жобалық қуаттылығы жылына 30 мың тонна, инвестиция көлемі 5,5 млрд. теңге.

5. «Бөрте Милка» ЖШС (Ордабасы ауданы) – сүт өнімдерін өңдеу зауыты. Мұнда жылына 4 320 тонна өнім шығарылады. Жобаның құны 900,0 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба облысымыздағы тауарлы-сүт фермаларында алғашқы болып роботтарды қолданатын өндіріс. Өндірісте әлемдегі осы саладағы алдыңғы қатарлы шведтік «DeLaval» компаниясының технологиясы қолданылады. Шведтік компания әлемнің сүт фермаларындағы сауу, жем тарату және басқа да технологиялық процестерді автоматтандыру үшін жабдықтарды шығаратын жетекші өндіруші. Өз кезегінде «DeLaval» компаниясы әлемге танымал «TetraPak» және «Sidel» компанияларымен бірге «TetraLavalGroup» тобының бір бөлігі болып табылады.

«Бөрте Милка» компаниясының фермасында 6 робот-сауыншы, автоматтандырылған көңді жою жабдығы, сиырларды салқындату жүйесі, метеостансасы бар желдету жүйесі, жарықтық күн жүйесі, сиырлардың қоңдылығын анықтайтын камера, сауу аппараттары бар сүт құбыры, бұзаулар үшін жабдықтар орнатылған.

 

Индустриялды аймақтар

Облыстың индустриялды аймақтарында 155,2 млрд. теңгеге 169 жобаны іске асырып, 9 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда аймақтарда іске асырылған жобалар саны 78-ге жетіп, 35,9 млрд. теңге инвестиция тартылды және 4,0 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

2017 жылы 7,3 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылып, 402 жұмыс орны құрылды.

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялды аймақта (337 га) 55,9 млрд. теңгеге 86 жобаны іске асырып, 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінде жалпы 48 жоба жүзеге асырылып, 3,0 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 21,6 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Аудан, қалалардағы индустриялды аймақтарда 99,3 млрд. теңгеге 83 жобаны іске асырып, 4 мың жұмыс орнын құру көзделген болса, бүгінгі таңда жалпы 30 жоба жүзеге асырылып, 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, 14,3 млрд. теңге инвестиция тартылды.

 

«Оңтүстік» АЭА

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 87,2 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба іске асырылуда. 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі күнде 27,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1187 жаңа жұмыс орнын құрайтын 10 жоба іске қосылды.

Кәсіпкерлік

2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 177 411 бірлікті құрады. Республика бойынша үлесі 15,4%-ға жетіп, облыстар арасында субъектілерінің саны бойынша бірінші орынды иеленді.

2017 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 755,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға өсіп отыр.

2017 жылы «Ontustik» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 18 403 тұлға жүгінген, оның ішінде кәсіпкерлерге

3 258 рұқсаттама құжаттарын рәсімдеу,

1 160 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сүйемелдеу, 1 124 бизнес және маркет-жоспарлар әзірлеу, 24 120 кеңес беру (аталған қызмет бойынша 1 тұлғаға 2-3 кеңес берілген) және 5 823 кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қызметтері көрсетілді.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жобаларды 7% мөлшерінде несиелендіруде, сонымен бірге орталық 8%-дық лизинг негізінде жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жабдықты және техниканы береді.

Аталған өңірлік даму институтының ауылдар мен шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдауда рөлі маңызды. 2017 жылы орталық арқылы 8,3 млрд. теңгені құрайтын мал шаруашылығы, қарқынды бау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, көктемгі егін егу жұмыстары, кіші құс фермаларын ұйымдастыру бағыттарындағы 2342 жоба қаржыландырылып, 4 618 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде «Ырыс» микрокредиттік ұйымы арқылы 6,6 млрд. теңгеге 2 293 жоба қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бері 2010 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдауға бюджеттен жалпы 38,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 344 жобаға қолдау көрсетілді, 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2017 жылы 3,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 497 жобаға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 11 жобаға 417,9 млн. теңге қарастырылды. Жалпы, 2 183 жұмыс орны ашылды.

Бұдан басқа, шағын және орта кәсіп­керлік субъектілерін кредиттік қар­жыландыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға бюджеттен 500,0 млн. теңге кредит бөлініп, нәтижесінде 23 жобаға қолдау көрсетілді.

 

Инвестициялар

2017 жылы облысқа 482 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2016 жылмен салыстырғанда оның көлемі 20,2%-ға артып отыр. 2017 жылы өңдеу өнер­кә­сібіне тартылған инвестициялар көлемі 129,0 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты.

Инвестиция көлемінің ұлғаюы мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру («Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС) және дуадақ құстарын өсіру питомнигін кеңейту («INTERNATIONAL FUND FOR HOUBARA CON­SER­VA­TION- KAZAKHSTAN») есебінен болып отыр.

Өңірде Польшаның «ПОЛЬФАРМА», Оңтүстік Кореяның «ЛОТТЕ», Ресейдің «ФАРМАСИНТЕЗ», Германияның «ХАЙ­ДЕЛЬБЕРГ», тағы басқа да ірі шетелдік компаниялары белсенді жұмыс істеуде.

2017 жылы шетелдік инвесторларды тарту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Шетелдік инвесторларды тарту, инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру мақсатында 2017 жылдың ақпанында облыста қазақ-түрік инвестициялық форумы өткізілді. Аталған форумға 500-ге жуық адам қатысты. Форум аясында 5 екіжақты меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, ЭКСПО–2017 халық­аралық көрмесі аясында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері шеңберінде «Ontustik Business»: мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында бизнес-форум өткізілді. Аталған форумда өңірдің инвестициялық жобалары, инвестициялық преференциялары және туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Форум аясында 6 ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

2017 жылдың қарашасында «Ontus­tik Tourism. Invest – 2017» халық­аралық туристік инвестициялық форумы өткізілді. Форумға 500-ден астам адам қатысып, екіжақты ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылды.

Инвестиция тарту жұмыстарын күшейту және шетелдік инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың маусым айынан бастап облыста «KAZAKH INVEST» «Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның өңірлік өкілдігі ашылды.

Облыс әкімінің төрағалығымен инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарастыру және оларды шешу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің 3 отырысы өткізілді.

Отырысқа жергілікті және шетелдік инвесторлар, сондай-ақ кәсіпкерлік саласы бойынша шақырылған қонақтар қатысып, кеңесте инвесторлардың өзекті мәселелері, нақты инвестициялық жобалардың мәселелері, сонымен қатар, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, Индустриялды аймақтар, Арнайы экономикалық аймақтардың және «KAZAKH INVEST» «Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның жұмыс істеу механизмдерін дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, облысқа инвестиция тарту мақсатында 2017 жылдың басынан бері 40-тан астам шетелдік әлеуетті инвесторлармен және дипломатиялық өкілдермен іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Осы іскерлік кездесулердің нәтижесінде бірқатар әлеуетті инвесторлармен нақты жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда:

Ресейлік «Росатом Центральная Азия» ЖШС-і қуаттылығы 7,5 МВт, жалпы сомасы 12,7 млн. АҚШ долларын құрайтын кіші гидроэлектростанса құрылысы жобасын іске асыруда. «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ-мен меморандумға қол қойылған.

Индустрияландыру және инвестиция саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы шеңберінде қытайлық «Qindao Beihai Petroleum Equipment Technologies Co. Ltd» компаниясымен қуаттылығы 200 МВт, жалпы сомасы 300 млн. АҚШ долларын құрайтын күн элек­тростансасының құрылысы жобасын іске асыру бойынша келісім жасалды. Облыс әкімдігі және «Qindao Beihai Petroleum Equipment Technologies Co. Ltd» компаниясы арасында екіжақты меморандумға қол қойылып, қазіргі таңда жобаны іске асыру үшін жер учаскесін таңдау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қытайлық «Feicheng Jin Wei Machinery Co. Ltd» компаниясымен фосфор тыңайтқыштары өндірісі зауыты және биоэтанол өндірісі зауытының құрылысы жобаларын іске асыру бойынша келісім түзілді. Кездесу қорытындысында облыс әкімдігі мен «Feicheng Jin Wei Machinery Co. Ltd» компаниясы арасында екі жақты меморандумға қол қойылып, жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда зауыт құрылысы үшін жер учаскесін таңдау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар тізімі жасақталып, ол бойынша тұрақты түрде мониторинг жасалып, «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ-мен жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Көліктік-логистикалық аймақтары

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен Қазақстанның еуразиялық көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптасуы тұрғысында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында үш көліктік-логистикалық аймақтары құрылған. Атап айтқанда, Шымкент қаласында – 92 га, Түркістан қаласында – 20 га, Мақтаарал ауданында – 9 га.

Үш аймақтың аумағында жалпы инвестиция көлемі 34,5 млрд. теңгені құрайтын 10 жеке инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде, Шымкент қаласында – 8 жоба, Түркістан қаласында – 1 жоба және Мақтаарал ауданында 1 жоба жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» көліктік-логистикалық аймағында бүгінгі таңда 8 инвестициялық жобаның үш жобасы іске асырылған («Kazakhstan Logistics group» ЖШС, «Зерде» ЖШС, «Continental Logistics Shymkent» ЖШС).

Ал, 2017 жылдың 6 желтоқсанында ҚР Президентінің қатысуымен Индус­трия­ландыру күніне арналған жалпы ұлттық телекөпір арқылы «Continental Logistics Shymkent» ЖШС-нің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Іске қосылған жобалардың жалпы «А» санаттағы қоймалар алаңы – 22,0 мың шаршы метр, «В» санаттағы қоймалар алаңы – 18,3 мың шаршы метр. Іске қосылған жобалардың жалпы қуаттылығы – 1,2 млн. тн/жыл.

Қалған 7 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында облыста арнайы штаб жұмыс істеуде және оның тиісті іс-шаралар жоспары бекітілген. Бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде облыс аумағында сауда орындарының басшыларымен 280 меморандумға қол қойылған.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі де тұрақты түрде өткізілуде. Облыс бойынша жыл ішінде 114 жәрмеңке өткізіліп, 6 850,6 тонна өнім шығарылды, жалпы сомасы 1 927,5 млн. теңгенің тауары сатылды.

Сонымен қатар, желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай да ауқымды жәрмеңкелер өткізілді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша жалпы сомасы 874,5 млн. теңгеге 6 800 тоннаны құрайтын фьючерлік/форвардтық келісімшарттары арқылы қант, картоп, пияз сәбіз, күріш, сиыр еті, макарон өнімдері сатып алынды.

Тұрақтандыру қорының тауарлары Шымкент қаласындағы ірі сауда жүйелеріне («Фиркан Сити»), сауда базарларына (Алаш, Самал, Барыс, Жібек жолы, Қазыбек, Автонұр және Орталық базары), тұрғындар тығыз қоныстанған 18 шағынауданға, «Теріскей», «Жаңа шахар» шағынаудандарында апта сайын өтетін жәрмеңкеге (сенбі, жексенбі) тікелей жеткізілуде. Тауарлардың сатылу бағасы нарықтағыдан 15-20% -ға төмен.

Бүгінгі таңда қордың 1 512,8 тонна өнімі 159,2 млн. теңгеге сатылды.

Сонымен қатар, тауарларды тұрақтандыру қорынан сатудың тиімді жүйесі жолға қойылған.

 

Туризм

ЭКСПО–2017 көрмесі кезеңінде облысқа келген туристердің саны 82 000 адамды құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,4 пайызға артқан.

Мұнан бөлек «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы 3 923 туристке қызмет көрсеткен.

Азаматтары біздің облысқа турист ретінде келетін әлеуетті шет мемлекеттердің елшіліктері мен туристік ұйымдарына (Түркия, Оңтүстік Корея, Франция, ҚХР, Өзбекстан, БАӘ және т.б.) өңір туралы ақпараттық материалдар жолданды. Ресей Федерациясына (Новосибирск және Омск қалалары) роуд-шоу ұйымдастырылды.

Өңірдің туристік мүмкіндіктерін отандық және шетелдік нарықта танымал ету мақсатында 2017 жылы облыс делегациясы бірқатар халықаралық туристік іс-шараларға қатысты (Алматы, Астана қалалары, Павлодар, Ақмола облыстары, РФ, ҚХР, Түркия, Сингапур, Ұлыбритания, Өзбекстан және т.б.).

Облыстың туристік имиджін қалыптастыру мақсатында 2017 жылы «Ontustik Tourism. Invest» халықаралық туристік форумы, «Silk Road Fair» жәрмеңкесі, «Ұлы Жібек жолы» фотокөрмесі, қазақстандық және шетелдік туроператорлар мен БАҚ өкілдеріне 8 ақпараттық тур, туристік бизнес өкілдеріне 5 семинар-тренинг өткізілді.

«Ontustik Tourism. Invest» форумына туризм саласының эксперттері, мемлекеттік орган, ұлттық компаниялар мен қоғамдық бірлестіктер, туроператорлар мен БАҚ өкілдері, жалпы 10 елден 500-ге тарта маман қатысты. Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде Астана қаласында «OntustikBusiness: жаңа мүмкіндіктер» халықаралық форумы, «Оңтүстік өнімдері» көрмесі,

ЭКСПО–2017 комиссарлары клубында өңір­дің көрікті жерлерінің фотокөрмесі өткізілді.

Қазақстандық және шетелдік «ESPN» (АҚШ), «АзТВ» (Әзірбайжан), «Узбекистанойлави» (Өзбекстан), «Хабар 24», «Хабар», «МИР» телеарналарында, «Аргументы и факты», «Форбс», «Туризм» және т.б. газет-журналдарда облыс туризмі бойынша материалдар жарық көрді.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттермен бірлесе «Заманауи Жібек жолы» туристік маршруты қалыптастырылып, аталған маршрутқа Оңтүстік Қазақстан облысы да енгізілді. Сондай-ақ, Оңтүстік өңірлерінің (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы) бірлескен туристік маршруты әзірленді.

Жаңадан 3 туристік бағыт әзірленді. Олар:

1) Созақ ауданында «Сафари тур»;

2) «Chateau Silk Alley». Сарыағаш ауданындағы шарап зауытына экскурсия;

3) Шымкент қаласының саябақтарына «Вело тур».

2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде өңір жастарына облыс бойынша танымдық экскурсиялар өткізілді. Жалпы, маусым-қараша айларының аралығында 14 экскурсия ұйымдастырылды. Оған 350 адам қатысты. Биыл аталған бағыттағы жұмыстар жалғасады. Осындай экскурсияларды әлеуметтік осал топтағы азаматтарға да арнап ұйымдастыру жоспарланып отыр.

2017 жылы облыста 8 туристік нысан ашылды (4 қонақүй, 3 демалыс аймағы, 1 этноауыл).

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2017 жылы туризм саласында жұмыс істейтін 143 маман оқытылып, оларға арнайы сертификат берілді.

Облыс көлемінде туризм саласының 165 маманы қайта даярлау курстарынан өтті. Олардың 118-і жұмыспен қамтылды. Осы ретте туризм саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 22,8 пайызға артқанын айта кеткен жөн.

Өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандум түзілді.

 

Ауыл шаруашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы әрқашан аграрлы өңір болып саналған. Облыста ауыл шаруашылығы саласы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары агроөнеркәсіптік өндірісінің дамуында оң үрдістер байқалып отыр.

2017 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42 млрд. теңгеге артты. Өндірілген өнім көлемі бойынша облысымыз республикада 2-орында.

Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі 38,1 млрд. теңгені құрап, 3,4 есеге артты. 2017 жылы 24,9 млрд. теңге субсидия бөлініп, 40 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді.

2017 жылы облыстық бюджеттен коммуналдық меншіктегі 23 су шаруашылығы нысандарын жөндеу үшін және 90 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін 2,3 млрд. теңге бөлінді.

Нәтижесінде 3 106 гектар жерді ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі жақсарды. 1 057 гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылады. Тағы 15 263 гектар жердің мелиоративтік жағдайы түзеледі.

Сонымен қатар Түркістан қаласы Үшқайық ауыл округіндегі Қарашық өзеніндегі шағын су қоймасының құрылысына 332,9 млн. теңге қарастырылып, суармалы жер көлемі 310 гектарға ұлғайтылды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 818,1 мың гектарды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 29,3 мың гектарға көп. (2016 ж 788,8 мың га).

2017 жылы майлы дақылдардың өнімі (104 мың тонна) 1,7 есеге, мақта (327,8 мың тонна) 14,6 пайызға, бақша өнімдері (1,3 млн. тонна) 8,3 пайызға, көкөніс (963 мың тонна) 16,3 пайызға, картоп жинау (292,2 мың тонна) 9,2 пайызға артығымен орындалды.

2017 жылы 800 гектар жерге қарқынды бау отырғызылды. Облыстағы қарқынды баудың жалпы алаңы 2 800 гектарға жетті. Жалпы, жеміс-жидек және жүзім дақылдарының алаңы 29 мың гектарды құрап, 193 мың тонна өнім алынды.

Тамшылатып суару әдісі өткен жылы облыста 8,1 мың гектарға ендіріліп, осы әдіспен ылғалдандырылатын егістік көлемі 59,1 мың гектарды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың республикадағы үлесі 72 пайыз.

2017 жылы 201,8 гектар жылыжай салынып, оның жалпы алаңы 1 325 гектарға жетті. Бұл республикадағы барлық жылыжайлардың 80 пайызы осы өңірде орналасқан деген сөз.

Сонымен қатар соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы терең қопсыту технологиясы 109 мың гектар алқапқа енгізілді.

Облыста ірі қара малдың басы – 9,5 пайызға (987,1 мың), қой мен ешкі – 4 пайызға (4071,4 мың), жылқы – 12,7 пайызға (306,8 мың), түйе – 6,8 пайызға (25,4 мың), құс 10,4 пайызға (2768,1 мың) көбейді.

Бұл өз кезегінде алынған еттің – 6,1 пайызға (222,6 мың тонна), сауылған сүттің – 1,7 пайызға (726,0 мың тонна), жұмыртқаның 10,5 пайызға (339 млн. дана) көбеюіне негіз қалады.

2017 жылы 3 022 шағын бордақылау алаңдары салынды. Облыстағы осындай алаңдардың саны 12 200-ге жетті. Сондай-ақ, 793 отбасылық сүт фермалары ашылып, олардың жалпы саны 2,7 мыңды құрады. Мұнан бөлек 18 отбасылық құс фермасы ашылды. Облыстағы отбасылық құс фермаларының жалпы саны 38-ге жетіп отыр.

Өңірде Үкімет тарапынан қабылданған бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 18 051 аналық ірі қара сатып алынып, бағдарлама басталғалы алынған малдың саны 66 820-ға жетті. Ал, «Алтын асық» бағдарламасының аясында 65 683 уақ мал сатып алынып, олардың саны 161 525-ке жетті. «Құлан» бағдарламасы шеңберінде 3 135 асыл тұқымды жылқы сатып алынып, олардың саны 11 818 басты құрады. Мал шаруашылығын дамытуды көздейтін осы үш бағдарламаның орындалуы бойынша облыс республикада бірінші орынды иелендік.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында Елбасының тапсырмасына сәйкес кооперативтерді құру жұмыстары облыста жүйелі жүргізілуде.

Облыста кооперациялауды кең ауқымда насихаттау нәтижесінде 655 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. 2017 жылы бағдарлама аясында 8 млрд. теңге қаралып, 158 (жоспар – 75) кооператив құрылды (республикада 1-орын).

Ауыл шаруашылығы кооперативтері 2017 жылы 7 710 тонна (жоспар – 1 100 тонна) ет, 26 458 тонна (жоспар – 25 220 тонна) сүт, 9 438 тонна (жоспар – 9 000 тонна) көкөніс өндірді.

2017 жылы жануарлардың ауру-сырқауының алдын алатын бүкіләлемдік ұйымы (Париж қаласындағы Халықаралық эпизоотиялық бюросы) сарапшылары облысымызды тексеруден өткізді. Нәтижесінде аусыл (ящур) ауруына вакцина егу арқылы Оңтүстік Қазақстан облысына қолайлы аймақ мәртебесі берілді. Аталған мәртебеге сәйкес, облыста өндірілген ет өнімдері кедергісіз экспортталатын болды.

 

Бюджеттік – салықтық саясат

Облыс бюджетінің көлемі 2017 жылы 609 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға өсті. Әлеуметтік саланың маңыздылығы ескеріліп, бұл бағытқа 382 млрд. теңге бөлінді. Бұл жалпы бюджет көлемінің 62,7 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалды деген сөз.

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 318 млрд. теңгені құрады. Бұл жоспардан – 2,1 пайызға, ал, 2016 жылғы көрсеткіштен 5 пайызға, яғни 15,1 млрд. теңгеге көп.

Жергілікті бюджетке 124,4 млрд. теңге түсім түсті. Бұл жоспардағыдан 3,4 пайызға көп. Ал, 2016 жылғы көрсеткіштен 17,4 пайызға немесе 18,4 млрд. теңгеге артты.

2017 жылы бюджеттің шығыстары 99,9 пайызға игерілді.

Бюджет қаржысын игеруде облыстың көрсеткіші республика бойынша алдыңғы қатарда (3-орын) болып отыр.

 

Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру

114 шаруашылық жүргізу құқығындағы ұйым 2017 жылды жалпы 1,4 млрд. теңге табыспен аяқтады.

«Yellow Pages» қағидаттарына сай келмейтін 15 ұйымның 11-і жойылып, мемлекеттік реестрден алынды.

Ал, 3 ұйымды жою бойынша әкімдіктердің шешімдері қабылданып, жою жұмыстары жалғасуда. 1 ұйым соттың шешімімен банкрот деп танылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2014-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес 2017 жылы жекешелендіруге жататын 21 ұйымның 10-ы жалпы 557,6 млн. теңгеге сатылды. Ал, 7 нысан кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға 12,2 млрд. теңгеге берілді.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласына 55,2 млрд. теңге бағытталып, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жарақталу көрсеткіші 65,1%-ға жеткізілді. Облыстың медициналық ұйымдарына

2 056 дана компьютер алынып, емдеу мекемелерін компьютермен қамтамасыз ету көрсеткіші 78%-ға жетті.

2017 жылы денсаулық сақтау саласы бойынша 38 нысанның құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 33 нысан, оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 1 ауылдық емхана, 17 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медициналық пункт және басқа да 3 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, ауысымына 500 адамды қабылдауға мүмкіндік беретін 4 емхананың құрылысы басталды. Мұндай типтік емханалардың 2-еуі халық тығыз орналасқан Мақтаарал ауданында, қалған 2-еуі Сайрам ауданы мен Кентау қалаларынан бой көтерді. Ағымдағы жылы бұл емханалардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында №10 «Қайтпас» емханасының құрылысы басталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестігін қолдана отырып Шымкент қаласында облыстық онкология орталығы мен туберкулезге қарсы диспансерінің және Сарыағаш қаласында облыстық перинаталдық орталығының құрылысы жоспарлы түрде жүргізілетін болады.

Денсаулық сақтау саласын жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде республикада алғаш рет 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 14 жасқа дейінгі неврологиялық аурулармен ауыратын балаларға арналған арнайы облыстық оңалту орталықтары ашылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда бірінші рет 3Д-эндоскопиялық технологияларды пайдалану арқылы 4 гинекологиялық операция жасалды. Қазір облысқа осы технологияның көмегімен ем алғысы келетіндер республиканың түкпір-түкпірінен келуде.

Облыстық клиникалық аурухананың инсульт орталығы мен гепато орталығы республикадағы үздік орталықтар ретінде танылды. Алдағы уақытта заманауи ангио- графиялық құрал-жабдықтарды пайдаланып, кардиохирургиялық шара қолдану, нейрохирургиялық операциялар мен офтальмологиялық операциялардың саны мен спектрін көбейту жоспарланып отыр.

Облыстағы медицина саласын дамытуда жаңа технологияларды ендіру жұмыстары жалғасын табуда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде облыста алғаш рет облыстық консультативтік-диагностикалық орталығында референс зертханасы іске қосылып, №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасында арнайы балаларға арналған паллиативтік көмек көрсететін қосымша бөлімше ашылды. Сонымен қатар, облыстық тері-венерологиялық диспансерінде витилиго тері-венерологиялық ауруын емдейтін орталық ашылды.

2017 жылы 17 бүйрек және 5 бауыр трансплантациясы бойынша операциялар сәтті жүргізілді.

2017 жылдан бастап облыстық тіс емханасы халыққа тәулік бойы қызмет етуге көшті.

Жедел жәрдем көмегінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасына 30 санитарлық автокөлік беріліп, қосымша 9 бригада жасақталды.

2017 жылы 3 дәрігерлік амбулатория мен Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасына қосымша «В» корпусының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Облыстық онкологиялық диспансеріне қосымша 75 төсек-орынды ғимараттың құрылысы жүргізілуде.

Модульдік (жинақталатын) медициналық пункттерді орнату жобасы іске қосылып, аудан, қалаларда осындай 20 пункт орнатылды. 2018 жылы қосымша 67 пункт орнату жоспарланып отыр. Бұл облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін 100% өтеуге мүмкіндік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында 1 678 кездесу өткізіліп, оған 2,2 млн. адам қамтылды. Халық арасында 404 мыңнан аса ақпараттық материал таратылды.

35 амбулаториялық-емханалық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйе толығымен орнатылды.

Медицина мамандарын қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бағытында 7 567 маман, оның ішінде 80 маман шетелдерде өз білімін жоғарылатты. Атап айтар болсақ, Оңтүстік Кореяда – 19, Ресейде – 32, Белоруссияда – 8, Монғолияда – 6, Түркияда 15 дәрігер біліктілігін жетілдіріп қайтты.

Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде облыста ана өлімінің көрсеткіші 35,1%-ға, нәрестелердің өлім-жітімі 3,4%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 8%-ға төмендеді.

 

Білім беру

Білім беру саласына 258,0 млрд. теңге қаралып, ол 2016 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға артты.

Облыста жаңадан 133 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылып, онда 14 мыңға тарта орын пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 1784-ті құрап, онда 191,4 мыңға тарта бала балабақшамен қамтылды. Балабақ­шамен қамту деңгейі 87,1%-ға жетті. 2016 жылы бұл көрсеткіш 84,6%-ды құраған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Түлкібас ауданында 100 орынға арналған 1 балабақша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 1535 орынға арналған 6 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың 3-еуі Сайрам ауданында бой көтерсе, қалғандары Сарыағаш ауданы мен Шымкент, Түркістан қалаларында.

2017 жылы облыс орталығында мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және жолдама беру толық электронды түрде жүргізілді. Сонымен қатар, аудан, қалаларда балаларды кезекке қою халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылуда.

Жалпы 2017 жылы 29,8 млрд. теңгеге 82 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 32 нысанның құрылысы аяқталды. Оның ішінде, 8 апатты және 13 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді.

2016-2017 оқу жылында облыстағы 32 871 мектеп бітірушінің 21 668-і ұлттық бірыңғай сынаққа қатысты немесе қамту деңгейі 4,1%-ға артты. Облыстың орта балы 76,8 балды құрады.

Республикадағы ең жоғары 138 балды Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы №8 облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназияның түлегі А.Жаңабаева жинады.

«Алтын белгіге» облысымыздың 1 347 түлегі ие болды, яғни, республикадағы 6000 «Алтын белгі» иегерінің 22,4%-ын облыстың түлектері құрап отыр. Сонымен қатар, 853 түлек мектепті «Үздік» аттестатпен бітірді.

Сонымен бірге, 50-ден астам оқушы республикалық және халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында І орындарға ие болса, 23 мыңнан астам оқушы республикалық және халықаралық интернет олимпиадаларына қатысып, 7 мыңға жуық оқушы жүлделі орындарды олжалады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, педагог кадрларды қайта даярлаудан өткізу мақсатында 7 197 педагог қайта даярлаудан өтсе, 11 131 педагог біліктілігін арттырды.

Жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшіру бағытында информатика, физика, химия, биология пәндері мұғалімдерінен 2 579 педагог ағылшын тілі бойынша біліктілігін арттырды. Бүгінде облысымыздағы 3 лицей-интернатында «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндері ағылшын тілінде оқытылуда.

«Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығында «Smart Ontustik Bilim» жобасы жүзеге асырылуда. Ол бойынша педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау автоматтандыру үрдісімен жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін педагог қызметкерлерден 718 өтініш беріліп, 495 педагог жұмысқа қабылданған.

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша мектепке дейінгі білім ұйымдарына балаларды орналастыру үшін «balabaksha.shymkent.edu.kz» жүйесі арқылы 67 756 өтініш қабылданып, 27 500 жолдама электронды түрде берілді.

Сондай-ақ, қала мектептеріне енгізілген «mektep.shymkent.edu.kz» жүйесі арқылы 21 945 өтініш түсіп, қала мектептерінің 1-сыныбына барлық оқушылар электронды түрде қабылданды.

Бүгінде бұл жүйені облысымыздың барлық аудан, қалаларында жетілдіре отырып енгізу жұмыстары басталды.

Білім беру ұйымдарын онлайн режимде басқару бойынша «kundelik.kz» жүйесінің функциясы мобильді түрде кеңейтіліп, аталған жүйеге облысымыздың 779 мектебі қосылған.

Алдағы уақытта мұғалімнің сынып журналы, сабақ кестесі, күнтізбелік және сабақ жоспарлары, үй тапсырмалары бойынша жұмыс істеудің мобильдік қосымшасы енгізілетін болады.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

Оңтүстік Қазақстан облысында 94 колледж бар. Бүгінгі таңда 74,2 мың оқушы 95 мамандық бойынша осы колледждерде білім алуда. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқып жатқандар жалпы оқушылар санының 46,6%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта кәсіптік білім беру мекемелері ғимараттарының бірсыпырасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Созақ ауданындағы №1 колледждің, Кентау көпсалалы колледж жатақханасының, Сайрам ауданындағы №24 колледж шеберханасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы тұста айта кету керек, өңірдің индустриалды-инновациялық даму жағдайы жастардың техникалық және кәсіптік білімді игерудегі құлшынысын арттыруға, түптеп келгенде, кәсіптік мамандықты оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Мәселен, құлағы нашар еститін және саңырау балаларға 9-сыныптан кейін мамандық алуына 32 орын, түрмедегі сотталушы азаматтарға 500 орын беру қарастырылған. Сондай-ақ, облыс әкімінің жолдамасымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 300 баланы тегін оқыту көзделсе, медицина саласы бойынша мамандар даярлауға 350 орын бөлінген.

Өз кезегінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 9-шы, 11-сыныпты бітіргендер мен жұмыссыз, ешқандай мамандықты игермеген жастардың тізімін қалыптастыру мақсатында облыста 43 мобильді топ жұмыс істеуде. Олардың атқарған жұмыстарының нәтижесінде бүгінде 27 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде 4584 студент 26 кәсіптік мамандық бойынша білім алып жатыр. Бағдарламаға қатысушылар шәкіртақымен, бір реттік ыстық тамақпен және жолақысымен қамтамасыз етілген.

Колледждердің барлығына да «Баршаға арналған техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы енгізілген. Соның негізінде «Кәсіпқор» холдингінің ұйымдастыруымен облыста 560 педагог жаңа бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтіп қайтты.

Бүгінгі таңда дуальді оқыту жүйесі негізінде 38 колледж (2751 студент) 55 мамандық бойынша 172 кәсіпорынмен меморандум түзген. Дуальді оқыту жүйесі практикалық сабақты 60%-ға дейін ұлғайту мақсатын көздейді.

 

Жастар саясаты

Жастар саясатын жүзеге асыруға мемлекет қазынасынан 342,7 млн. теңге қарастырылды.

Бүгінгі таңда жастар облыс халқының 26%-ын құрайды. Олармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу мақсатында «Жастар ресурстық орталықтарының» жүйесі құрылды. Бұл орталықта жастарға әртүрлі көмектер беру үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша «Жастарға қызмет көрсету секторы» іске қосылған. Онда қызметтер 8 түрлі бағытта ұсынылады, бүгінге дейін 306 жас өздерін қызықтырған салаларға қатысты кеңестер алып үлгерді.

Сонымен қатар, өңірлік әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысы күшейтілді. Аталған кеңестерге аудан, қала әкімдерінің өздері төрағалық етеді.

Бүгінгі таңда облыста жастардың 62 қоғамдық бірлестігі бар (2016 жылы – 56). Сондай-ақ, 7 республикалық жастар ұйымдарының филиалы мен этномәдени орталықтардың жанынан құрылған жастар қанаттары жұмыс істеуде.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1 275 жас сарбаз кезең-кезеңімен көгалдандыру жұмыстарына тартылды. «Студенттік құрылыс жасақтары» ұйымдастырылып, 424 жұмыссыз жас құрылыс алаңдарында екі қолға бір күрек тапты.

«Серпін – 2050» бағдарламасы аясында 2014-2017 жылдары еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жоғары оқу орындарында

6 490 оңтүстікқазақстандық білім алды. Ал, колледждерде оқығандар саны 1 097-ге жетті.

Жалпы, 4 жыл ішінде осы бағдарлама аясында ЖОО-ға оқуға қабылданған студенттердің 50%-ы біздің облыстың үлесінде.

Жастар арасында құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында жыл басынан бері 34 семинар-кеңес, 264 кездесу, 51 «дөңгелек үстел» мәжілісі және аудан, қалаларда 1 013 рейдтік іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін бүгінде облыста 5 470 спорттық ғимарат іске қосылды. Онда 212,6 мың жас спортпен шұғылданып жатыр. Олардың ішінде маргиналды жастар да бар.

Ал, «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» атты жоба аясында «Street Workout» көше спорты түрінен облыстық 3 турнир ұйымдастырылды. Оған 500-ге жуық жас спортшы қамтылды. Қазіргі таңда облыста 55 «Street Workout» көше спорттық алаңшасы ашылып, пайдалануға берілген.

Халықаралық студенттер күніне орай облыс жастарының балы және «Үздік жастар премиясы» іс-шарасы өткізілді. Аталған салтанатты жиын 500 адамның басын қосты.

 

Тілдерді дамыту

2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 92,1%-ға, ағылшын тілін білетіндер 15,6%-ға артса, үш тілге де жетік азаматтар халық санының 10,5%-ын қамтыды.

Облыста мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын (ересек тұрғындарды) 15 орталық жұмыс істейді. Былтыр бұл орталықтарда 8 176 тыңдаушы (қазақ – 3391, орыс – 1986, ағылшын – 2799) тіл оқыту курстарына қатысты.

Бүгінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек жастағы түрлі этнос өкілдері облыс тұрғындарының 70%-ын құрайды.

 

Әлеуметтік сала

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» 2017 жылы 93 173 адам қатысты. Соның нәтижесінде межеленген жылдық жоспар 44,8%-ға артық орындалды (жоспар – 64 314 адам).

Оның ішінде:

906 адам 4,1 млрд. теңге көлемінде шағын несие алды.

54 903 адам түрлі салалар бойынша жұмысқа орналасты және бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5729 адамға көбейген.

Өңірде облыс әкімдігінің «Әр ауылға өз шебері» жобасы қолға алынды. Нәтижесінде әрбір аудандағы қажетті салаларға мамандар даярлануда. Қысқа мерзімді кәсіби оқуға 12 159 адам жіберіліп, 8 116 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (67%).

Әлеуметтік жұмыс орындарына 6 145 адам жіберіліп, оның 4 835-і тұрақты жұмысқа орналасты (78,7%).

Жастар практикасымен 5 586 адам еңбекпен қамтылды. Практикадан өткендердің 3 424-і тұрақты жұмыс тапты.

Жалпы, жыл басынан бері 82 227 жаңа жұмыс орны ашылды (тұрақты - 55628).

Осынау тындырымды тірліктердің нәтижесінде 2017 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды, жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,9%-ды, ал, әйелдер арасындағы жұмыссыздық 5,3%-ды құрады.

Облыс бойынша былтыр 3 377 азаматқа оралман мәртебесі берілді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге 163 отбасы (686 адам) қоныс аударды.

2017 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 886 адам болды немесе ол облыс халқының 0,03%-на тең. Олардың саны 2018 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес 21,7% төмендеп, сөйтіп бүгінгі таңда аз қамтамасыз етілген азаматтар 694 адамды немесе облыс халқының 0,02% үлесін құрады. Бұдан бөлек:

– 1 106 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 390 адамға кеміген.

– 18 жасқа дейінгі 240,8 мың балаға жәрдемақы беріліп, алдыңғы жылға қарағанда жәрдемақыға мұқтаж жандар 19,4 мың адамға азайған.

– 4 986 отбасыға баспанадан көмек көрсетілді, 2016 жылмен салыстырғанда былтыр бұл көрсеткіш 1 мың отбасыға кем болды.

Есепті жылы «Өрлеу» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді. 21 860 отбасындағы 125 782 адамға 10,1 млрд. теңге шартты қаржылай көмек тағайындалса, 25 866 еңбекке жарамды азаматтардың 24 773-і немесе 95,8%-ы жұмыспен қамтудың белсенді мүшелері атанды.

Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында былтыр 7 796 жекелеген санаттағы азаматтар демалып, тиісті емдік шараларын қабылдады (Ардагерлер үйінде – 3 996, «Мейір» ардагерлер үйінде – 3800 зейнеткер мен мүгедектер, Батыр аналар).

Мұнан бөлек өткен жылы 80 жастан асқан 479 жалғызілікті қарттың зейнет- ақысына қосымша ретінде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетіліп, 4 мың аға ұрпақ өкіліне мерзімді басылымдарға тегін жаздыру шарасы ұйымдастырылды.

Ал, мүгедек азаматтарды жеке оңалтуға қатысты барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 7,8 млрд. теңге қаралды. Бұл көмектің көлемі бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен (6,7 млрд. теңге).

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында 10 439 мүгедек гигиеналық заттармен қамтамасыз етілсе, 3 789 мүгедек жеке көмекші мен қолтілі маманының қызметіне жүгінді.

Мүгедектерге қоларбамен мініп-түсіретін құрылғылармен жабдықталған 46 әлеуметтік такси және 28 «Инватакси» қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, 9,8 мың ардагер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық төлемақылар төлеуде, қоғамдық көлікте тегін жүруде және дәрі-дәрмектер босатуда жеңілдіктер қарастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық ортада ыңғайлы жағдай қалыптастыру мақсатында 4 099 әлеуметтік нысан түгендеуден өткізілді (2016 жылы 4083), Оның 3 347-ін (2016 жылы 3316) бейімдеу қажет болса, 2 801 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына қарай (2016 жылы 2431) бейімделді.

Сондай-ақ, 1 094 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 254 адам үш пайыздық квота негізінде жұмысқа тұрса, 2 329 мүгедекке әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетілді.

 

Мәдениет

2017 жылы облыста мәдениет саласын дамытуға 10,6 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Былтыр Бәйдібек пен Сарыағаш аудандарында мәдениет үйлері пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда өңірімізде 735 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Олардың тарапынан 31 603 іс-шара өткізілді. Тарқатып айтсақ, халықаралық – 14, облыстық – 30, клубтарда – 12 526, кітапханаларда – 1 813, музейлерде 902 көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылды.

Мәдени шаралар негізінен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай өткізілді.

«ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында және Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері шеңберінде 30-ға жуық түрлі іс-шара қолға алынып, «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» атты гала-концерт қойылды.

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Түркістан, Шымкент қалаларында 40-қа жуық көпшілік мәдени жиындар, «ТҮРКСОЙ» халық­­аралық ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің XXXV Тұрақты Кеңесінің отырысы мен гала-концерті өткізілді. Аталмыш іс-шараларға 23 түркітілдес және басқа да мемлекеттерден 500-ден астам ресми қонақ және өнер ұжымдары мен әншілер қатысты.

Облыстық филармония мен «Түркістан сарайы» концерттік ұйымында 104,5 мың көрерменді қамтыған 289 концерт және мәдени іс-шаралар, сондай-ақ 18 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды.

«Оңтүстік-Цирк» мекемесі 14 рет гас­трольдік іссапарға шығып, Қытай, Ресей елдерінде өнер көрсетіп қайтты. Астанада өткен «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Облыстағы 25 музейде 11 116 экскурсия, 1 163 көрме, 902 көпшілік іс-шарасы ұйымдастырылып, оған өз кезегінде 329 мың көрермен қамтылды. 6 520 дана жаңа экспонат жинақталып, жәдігерлердің жалпы қоры 172 943 данаға жетті.

Өңіріміздегі музейлерді жалпақ жұртқа насихаттау мақсатында «Музейге саяхат» жобасы, «Музейлер шеруі» облыстық байқауы және «Музейге сый» атты акциялар қолға алынып, 1 787 экспонат музейлердің қорына сыйға тартылды.

Мұнымен қоса облыстағы 427 кітапхана 148,3 мың жаңа кітаппен толығып, кітап қоры 7,2 млн. данадан асты. Ал, кітапханалардың электрондық кітап қоры 23 мың данаға жетті. «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Ұмыт қалған 100 кітап» жобалары, «Кітапханаға сый» акциялары өткізіліп, кітапханалар қорына 10,9 мың кітап сыйға берілді.

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген «Ұлы Жібек Жолындағы ескерткіштер» номинациясы бойынша ортағасырлық 8 ескерткіш (Отырар оазисі ескерткіші, Сауран қалашығы, Түркістан қалашығы, Сидақ қалашығы, Бөржар обалар қорымы, Қараспантөбе қалашығы, Жуантөбе қалашығы, Күлтөбе елді-мекені) туралы бейнефильм түсірілді.

Оңтүстіктің киелі, тарихи орындары мен тұлғалары туралы 3 анимациялық фильм («Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау»), 1 телесериал («Көне жетігеннің сыры») түсірілді.

Сонымен қатар, еліміздің қасиетті және киелі жерлерінің тізіміне енгізілген айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археологиялық ескерткіштерінің фотоальбомы әзірленді.

Шымкент қаласында музей-саябақ, ашық аспан астындағы музей құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

«Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет» бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Облыс мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру мақсатында «Қазына» би ансамблі Ресей және Түркияда өткен халықаралық би байқауларында қазақтың ұлттық билерін насихаттап, бас жүлде және І орынды иеленіп қайтты. Сонымен бірге, «Қазына» би ансамблі мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері атанды.

Ж.Омарова атындағы саз мектебінің шәкірті А.Жолымбеков балалардың Мәскеуде өткен халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Ал, облыстық орыс драма театры Мордовия Республикасындағы Саранск қаласында өткен XII халықаралық «Соотечественики» театр фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай облысымыздың өнерпаздары Түркияның Анкара, Адана, Мерсин қалаларында өнер көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.

Париж қаласында өткен қазақ киносы апталығында Оңтүстікте түсірілген «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі көрермендер тарапынан жоғары баға алды.

Облыстық бейнелеу өнері музейінің 8 қызметкері іс-тәжірибе алмасу, бейнелеу өнерін насихаттау мақсатында Түркияның Анкара, Стамбул, Әзірбайжанның Баку, Гобустан қалаларында болып, Әзірбайжанның ұлттық музейімен меморандумға отырды.

Францияда өткен Қазақстан Қолөнер шеберлері одағының көрмесінде Бейісбековтер отбасының қолөнер туындылары көпшілік назарын өзіне аударды.

Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы шейх Заидтың жыл сайынғы халықаралық мәдени фестивалінде «Түркістан» сарайының «Фараб» би тобы өнер көрсетіп қайтты.

 

Спорт

2017 жылы облыста 94 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі мен кәсіпорындар тіркелді. Оның ішінде 30 облыстық, 64 қалалық және аудандық спорттық мекемелер бар. 2016 жылмен салыстырғанда олардың саны жетеуге артқан (2016 ж. - 87).

Есепті жылы облыста 5 470 спорт нысаны тіркеліп, бұрнағы жылға қарағанда спорттық нысандар саны 120-ға артқан (2016 ж. - 5 350).

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірімізде 4 614 іс-шара өткізіліп, оған 541,3 мыңнан аса адам қатысқан. Ауылдық жерлерде 2 884 спорттық шара ұйымдастырылып, ол өз кезегінде 332,4 мың адамды қамтыды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 767,8 мың адамға жетті. Ал, барлық жастағы халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші 26,3%-ды құрады (2016 жылы 708,8 адам, 24,7 %).

Бүгінде облыста спорттың 63 (37 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес) түрі дамытылуда.

Өңір спортшылары былтыр ҚР чемпионаттарына, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 400 алтын, 396 күміс, 393 қола медаль жеңіп алды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға артық.

Азия чемпионаттары мен кубоктарында спортшыларымыз 78 алтын, 53 күміс және 42 қола медаль жеңіп алды. Алдыңғы жылға қарағанда жүлделеріміз 32 алтын, 7 күміс, 5 қола медальға артқан.

Әлем чемпионаттары мен кубоктарында біздің спортшылар 34 алтын, 21 күміс және 37 қола медаль жеңіп алды. Мұнда да 2016 жылмен салыстырғанда жүлделер 2 күміс, 8 қола медальға артып отыр.

Жалпы, өткен жылы 8 Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 34 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 173 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 794 спорт шеберіне үміткер дайындалды.

 

Ауызсумен қамтамасыз ету

2017 жылы облыстағы елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету ісін жалғастыру үшін 29 жоба құрылысына және 72 жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге жалпы құны 5,3 млрд. теңге қарастырылды. Су құбыры мүлдем жоқ 5 елді мекенге (5839 тұрғын) жаңа ауызсу құбырлары тартылып, 3 елді мекеннің (6200 тұрғын) тозығы жеткен ауызсу жүйелері жаңартылды.

Соның нәтижесінде облыс бойынша елді мекендердің 73,8%-ы, жалпы тұрғындардың 90,2%-ы, оның ішінде, қала тұрғындарының 93,4%-ы, ауыл тұрғындарының 87,5%-ы таза ауызсумен қамтылды. (2015 ж. 604 е.м., қамту деңгейі 71,6%, 2016 ж. 618 е.м., 73,2%).

 

Табиғи газ саласы

2017 жылы 88 табиғи газ нысанының құрылысына және 97 жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 13,4 млрд. теңге қаралды. Соның арқасында 44 елді мекен немесе 68 776 тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал, жалпы қамту деңгейіне тоқталсақ, облыс бойынша ол 40,8%-ды құрады. (2015 ж. - 275 е.м., қамту деңгейі 32,6%, 2016 ж. - 300 е.м., 35,5%).

 

Сапалы электрмен қамтамасыз ету

Электр қуатымен қамтылған елді мекендер саны 2016 жылдың қорытындысы бойынша 630-ға жетіп, қамту деңгейі 74,6%-ды құраған болатын. 2017 жылы қосымша 85 елді мекен (87 015 адам) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіліп, сапалы электр қуатына қосылған елді мекендер саны 715-ке немесе өңірдегі жалпы қамту деңгейі 84,7%-ға жетті.

Былтыр Сарыағаш ауданында 220/100/10 кВ «Қызыләскер» қосалқы стансасының құрылысы басталды. Бұл – Мақтаарал (305 мың адам), Шардара (80,0 мың адам) және Сарыағаш (320 мың адам) аудандарындағы тұтынушылар үшін электр энергиясының тапшылығы жойылады деген сөз!

 

Жылумен қамтамасыз ету

Облыстағы 3 209 бюджеттік мекеме мен 2 327 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

 

Жолаушылар көлігі саласы

Облыста 62 жекеменшік ұйым 2 750 автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметімен айналысады. Жолаушылар тасымалдау бағыттарының желісі бүгінгі таңда 400 бағыттағы 2 312 кестеден тұрады.

Облыс бойынша 2017 жылы 2,6 млрд. жолаушы тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5,2 пайызға артқан.

Өткен жылы 7 тұрақты: 6 ауданаралық және 1 облысаралық бағыт ашылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының шалғай шағынаудандарына қатынайтын және жолаушылар ағыны төмен көшелер арқылы жүретін 10 әлеуметтік маңызы бар бағыттың қозғалыс сызбасы әзірленді. Ағымдағы жылы бұл бағыттар бойынша көліктер жүретін болады.

2017 жылы облыс бойынша 281 автобус жаңартылып, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артып отыр. Автобустарды жаңалау бойынша облысымыз республика бойынша 4-орында.

Облыста 2006 жылдан бері жабылған халықаралық маңызы бар «Ташкент – Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдария» өткізу пункті қайта ашылды.

Аталған жол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық, туризм және инфрақұрылымдық байланыстың дамуына септігін тигізетін болады.

Осыған орай, 2017 жылғы 24-25 тамыз аралығында халықаралық автомобиль тасымалдау мәселелері бойынша Қазақ- стан-Өзбекстан бірлескен комиссиясының отырысы өткізіліп, нәтижесінде 2018 жылдың 5 қаңтарынан «Шымкент–Ташкент» тұрақты халықаралық автобус маршруты ашылды.

Қазіргі уақытта екі аралықта күнделікті 3-4 автобус жүруде. Екі ел арасында қатынайтын жолаушылар саны күн өткен сайын артуда және жуырда күнделікті жүретін автобустардың саны 15-ке жететін болады.

 

Автомобиль жолдары саласы

2017 жылы 1,5 мыңнан астам шақырым жол мен көшелерге, яғни 580 нысанға,

1 жаяу жүргіншілер өткелі мен 19 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл үшін бюджеттен 27,3 млрд. теңге бөлінді.

Облыстық маңызы бар 51 жол мен 18 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 22 жол мен 18 көпір пайдалануға берілді.

Аудандар мен қалаларда 417 нысан жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Нәтижесінде 621 шақырым жол мен көшелер, Шымкент қаласының 238 шақырым көшесі қалпына келтірілді.

2017 жылы саладағы барлық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Атап айтқанда, жөнделген нысандардың шақырым ұзындығы – 58,5%-ға (нысан саны – 47,4%-ға) артып, қаралған қаржы көлемі 6,5%-ға ұлғайды.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 64,4%-ға жетті.

 

Құрылыс

2017 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 234,1 млрд. теңгені құрап, 5,3%-ға артты.

2017 жылы 550,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жыл қорытындысында нақты 721,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, жоспар 1,3 есе артығымен орындалды.

Бұл өз кезегінде 7 482 отбасыны баспанамен (2016 жылы 4 888 пәтер) қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Оның ішінде:

– Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер – 12,2 мың ш.м., 216 пәтер;

– «Бәйтерек» АҚ арқылы арендалық тұрғын үйлер – 240,5 мың ш.м., 3036 пәтер;

– Сатып алу құқығынсыз арендалық үйлер – 17,1 мың ш.м., 288 пәтер;

– Кредиттік тұрғын үйлер – 43,1 мың ш.м., 558 пәтер;

– «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 5,6 мың ш.м., 1 жатақхана;

– Жекеменшік есебінен – 325,8 мың ш.м., 2285 пәтер;

– Тағы басқа, оның ішінде ҰҚ, ЖБ – 76,7 мың ш.м., 1 099 пәтер.

 

Қоршаған ортаны қорғау

Қазіргі таңда облыстағы орман қорының жері 3 131,9 мың гектарды (оның ішінде 1589,3 мың гектары орманмен көмкерілген алқап) құрайды.

2017 жылы орман қорының таулы және тоғай алқаптарындағы 390 гектар жерге мәдени ағаш көшеттері, 3 000 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді, 10 577 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді.

Сонымен қатар, былтыр көшеттердің жаңа түрлері мен санын көбейтіп, өсіру мақсатында Бадам орман шаруашылығында 2 жылыжай салынды.

Сұғанақтыққа қарсы күрес барысында ағымдағы жылы 799 рет рейдтік шара ұйымдастырылып, нәтижесінде 340 заң бұзушылық фактілері анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 3,2 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның 2,7 млн. теңгесі өндірілді. Табиғатқа келтірілген 1,9 млн. теңге залалды өндіруге талап қойылып, ол толықтай өндірілді.

Бүгінде Шымкент қаласында 7 шатқал бар. 124 гектар аумақты алып жатқан шатқалдарға тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Жалпы, облыс көлемінде «Шатқал» бағдарламасы аясында 400 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Сырдария өзенінің бойындағы тұқымбақтағы жартылай еркіндікке босатылған Бұқар бұғыларының саны 2016 жылы 126 басты құраса, 2017 жылдың нәтижесі бойынша олардың саны 145-ке жетті.

125 гектарды құрайтын шатқалдарды көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, 6 шатқалға 80,6 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, 17 жерден жер асты тік ұңғымалары қазылып, 26 арнайы темір резервуар орнатылды.

Сайрам ауылындағы «Наурыз», Мәртөбе ауылындағы «Мәртөбе», Шымкент қаласындағы «Металлургтер» саябақтары қайта құрудан өтіп, аумағына жасыл желектер отырғызылды.

 

Жер мәселесі

2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан 55,5 мың гектар жер анықталды. Оның ішінде егістік 3,5 мың гектар, суармалы егістік 13,4 мың гектар, жайылым 38,5 мың гектар, кәсіпкерлік мақсатындағы жер 196,5 гектарды құрайды. Осыған орай жер заңдылығы бұзылуын жою жөнінде нұсқамалар берілді.

Жер учаскелерін өз мақсатына сай пайдаланбаған немесе жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланған 326 жер учаскесі иесіне 16,0 млн. теңге айыппұл салынып, оның 9,6 млн. теңгесі өндірілді және оларға заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар бойынша 40 жер иесіне әкімшілік шара ретінде айыппұл салынып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді.

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

2017 жылы халыққа жергілікті атқарушы органдары арқылы 192 түрлі қызмет көрсетілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18 қызметке артық (174 қызмет түрі).

Жыл бойы жалпы саны 18 735,7 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде ХҚКО - 353,7 мың қызмет, «электронды үкімет» порталы - 10,2 мың).

Мемлекеттік қызметтерді алу барысында әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстары жүргізілді.

Облыс тұрғындарына білім саласы бойынша 50 мыңнан астам қызмет электронды түрде көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласында облыстағы 35 емханаға медициналық ақпараттық жүйе енгізілді, сол арқылы дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымға тіркелу автоматтандырылған қызметтерін алуға болады.

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты халықтың ком­пью­терлік сауаттылығын арттыру бағытында оқыту іс-шаралары жүргізілді. Облыс көлемінде мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқада алу дағдыларына 437,8 мың адам оқытылды. Ал, қызмет ұсынушы мемлекеттік органдардың 1265 қызметкері «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау орталығы» арқылы біліктіліктерін арттырды.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ашылған фронт-офистер жұмыс істеуде.

Мемлекеттік қызметті ұсыну барысында шалғайда орналасқан тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың 5 аудан, қаласында (Ордабасы, Созақ, Шардара, Отырар, Түркістан) «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы 30 мемлекеттік қызметті ұсыну пилоттық жобасы іске қосылды.

Жалпы ақпараттық технологиялар саласын дамыту, облысымыздың талантты жастарына жағдай жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында «CO working» орталығы ашылды. Облысымыздың талантты жастарының ақпараттық технологиялар саласындағы стартап бастамаларын қолдау және халыққа кеңінен қолданысқа енгізу мақсатында бизнес өкілдерінің қолдауымен облысымызда «Хакатон» (бұдан әрі – хакерлік марафон) өткізілді. Талантты жастар жүлделі сыйлықтар мен алдағы мемлекеттік қолдау мүмкіндіктеріне ие болды. Хакерлік марафонға қатысқан жастардың барлығы облысымызда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын енгізуге елеулі үлестерін қосатын болады.

 

Қоғамдық – саяси ахуал

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен ақпараттандыру, түсіндіру мақсатында 5 облыстық, 164 аудандық, қалалық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, 4 823 кездесу өткізілді. Оған 789,9 мың адам қамтылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4 285 іс-шара өткізіліп, 1 млн.-ға жуық адам қамтылды. Оның ішінде «Туған жер» арнайы жобасы аясында кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан 473 жоба (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, инфрақұрылым нысандар, әлеуметтік нысандар (қайырымдылық көмектер) жүзеге асырылды.

«Қазақстанның қасиетті, киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша облыстағы қасиетті, киелі нысандардың тізімі іріктеліп, өңірлік карта жобасы дайындалды. «Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша іріктелген 100 нысанның 25-і Оңтүстік Қазақстан облысынан еніп отыр.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына облыстың 6 азаматы (2 кәсіпкер, 3 спортшы, 1 қоғам қайраткері) енгізілді.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда 20 этномәдени бірлестік ел бірлігі жолындағы бастамаларға қолдау көрсетуде.

Этнос өкілдері жинақы тұратын елді мекендерде этносаралық татулықты қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді сақтау мен нығайту мақсатында 136 кездесу, 467 жүздесу, 277 қоғамдық-көпшілік іс-шара мен 6 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.

Сонымен қатар, ел зиялыларымен дидарласу, табысты кәсіпкерлердің шеберлік дәрістерін ұйымдастыру үшін «Ассамблея асары», «Қайырымдылық – қайырлы іс», «Қазақ дастарқаны» атты жобалар іске асты.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың республикалық байқауында оңтүстікқазақстандық ғалымдар әзірлеген жоба І орынды иеленді.

2017 жылы ассамблея тарапынан 952 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға 349,4 млн. теңге көлемінде көмек берілді. Аса ауыр диагнозбен есепте тұрған 14 науқас баланың еміне қажетті қаражат ұсынылды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың облысқа келген іссапарында «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының ашылу салтанаты өткізілді. Белсенді орталықтарға облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы табысталды.

Облыстық ассамблеяның медиация орталығында 57 кәсіби және 485 кәсіби емес медиатор қызмет етеді. Есепті жылы 323 азаматқа құқықтық кеңес беріліп, 18 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Ел тарихында тұңғыш рет Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қоғамды жаңғыртудағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық форум өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында облыста жүйелі және шұғыл түрдегі шараларды квазимемлекеттік секторлар мен әкімдіктердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған жұмыс тобы атқарады.

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін төмендету, сондай-ақ, оның тәуекелдерін айқындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізінде облыс әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы облыстық прокуратурамен бірлесіп, барлық құқық қорғау органдары бір жерде қызмет көрсететін «Құқық қорғау қызметін көрсету орталығы» ашылды. Орталықта 11 мекеменің мамандары азаматтарға 22 түрлі тегін құқықтық көмек көрсетеді.

Орталықтың басты мақсаты – шағымдарды шұғыл және тиімді шешу, сондай-ақ азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, құқықтарын жедел түрде қорғау арқылы мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 143 қызметтік автокөлік кешені анықталған және пеленгация базасында жол талғамайтын автокөлік, арттех қару-жарақ құралы, 300 компьютер алынды. 17 стационарлы полиция бекеті ашылды. Жалпы ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2,6 млрд. теңге бөлінген.

Жергілікті полиция қызметі тарапынан облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 22 кең көлемді кешенді жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылып, өткізілді («Құқық тәртібі», «Қадағалау», «Жасөспірім» «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» т.б.).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жалпы құқық бұзушылықтың саны 2016 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыс – 4,5%-ға және ауыр қылмыстар – 8,4%-ға, қасақана кісі өлтіру – 1,3%-ға, тонау – 10,2%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау – 6,2%-ға, зорлау – 27,9%-ға, бұзақылық қылмыстар 28,2%-ға кеміді.

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші 71,7%-дан 75,5%-ға, пәтер ұрлығы 49,0%-дан 51,2%-ға, мал ұрлығы 56,9%-дан 61,3%-ға, тонау 65,5%-дан 67,9%-ға және қарақшылық 78,2%-дан 81,3%-ға жоғарылады.

Жол-көлік оқиғалары саны – 5,5%-ға (2076-дан 1961-ге), жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар 19,9%-ға (428-ден 343-ке), жарақат алғандар 1,4%-ға (2825-тен 2785-ке) төмендеген.

Бүгінгі таңда облыстағы бейнекамералар саны 839-ға дейін көбейтіліп, нәтижесінде 62 мың әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып, 259 қылмыс ашылған.

13 мың көші-қон заңнамасын бұзған құқық бұзушылық фактілері анықталып, салынған 46,8 млн. теңге айыппұл 100% өндірілген. Бұдан басқа 1 989 шетел азаматы еліміздің аумағынан шығарылды.

61 521 шетел азаматына жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бюджетке 355 млн. теңге кіріс салығы түскен.

2017 жылдан бері қоғамдық қауіпсіздік­ті қамтамасыз ету үшін «Шым­кент – қауіпсіз қала» жобасы іске асырылу­да. Аталған жоба шеңберінде қала аумағында қылмыстың ахуалы нашар

22 криминогендік аймақ анықталды. Осы аймақтарға 4 аудан бойынша полиция қызметкерлері бекітіліп, сауықтыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Кадрлық саясат

Облыстық бюджеттен қаржыланды-рылатын атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясымен облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардағы бос лауазымдарға 196 үміткер қабылданды. Мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында конкурсқа 400 байқаушы мен сарапшы қатыстырылды.

Сонымен бірге, түрлі лайықсыз әрекеттерге жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тәртіптік жауапкершілігін бір жүйеге түсіру мақсатында облыс әкімі аппаратында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясы құрылды. Аталған комиссия 16 материал қарап, 14 мемлекеттік қызметшіге тиісті тәртіптік шара көрілді.

Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің 19-ы «Болашақ» бағдарламасымен және басқа да академиялық білім алу мақсатында жоғары оқу орындарына түсті.

Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде және кәсіби мемлекеттік қызметшілерді анықтау және оларды ынталандыру мақсатында өткен жылдың маусым айында Мемлекеттік қызметші күні кеңінен атап өтілді. Нәтижесінде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсында Ордабасы ауданы әкімі аппаратының бас маманы жеңімпаз атанды. Белсенді жас мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін көтеру үшін Төлеби ауданы демалыс аумағында 35 жас мемлекеттік қызметшіге екі күндік семинар-тренинг және байқау өткізілді. Нәтижесінде 10 мемлекеттік қызметшінің әрқайсысына 100 мың теңгеден арнайы сыйақы берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін тиімді пайдалану және тәжірибе алмасу мақсатында 10 мемлекеттік қызметшіге Түркияға жолдама берілді.

2017 жылы мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында 1597 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырып, 541-і қайта даярлаудан өтті.



 

Жарияланған: 07.02.2018 - 15:36:08
Жаңартылған: 07.02.2018 - 15:37:00
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі