Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыс әкімінің өкімдері мен шешімдері 2015ж

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабының 1-тармағы 14) - тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
 
Облыс әкімінің 
міндетін атқарушы Б.Оспанов

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 

«31» желтоқсан № 166

шешімінің қосымшасы

Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі

1. Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) өткізілетін кезде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құрамында спирті бар, салқындатылған сусындар мен  тауарларды шыны ыдыстарында сатылмауын болдырмау, сонымен қатар сынатын асханалық ыдыс-аяқтар мен құралдарды қолдануына жол берілмейді.

3. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде сауда қызметін ұйымдастыруды тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң түрде жасау.

4. Бұқаралық iс-шаралар ұйымдастыруды өткізу барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапкершілік ұйымдастырушыға жүктеледі.

5.  Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде сауда қызметін жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілері қамтамасыз етеді:

1) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

2) сауда ұйымдастырылатын жерлерде қажетті заттардың және құрал-жабдықтардың болуы;

3) сауда орнынан қоқысты шығару.

6. Іс-шара өткізілетін жерде ұйымдастырушылар, жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары (келісім бойынша) және уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде қоғамдық тәртіппен Тәртібінің сақталуына шара көреді.

Жарияланған: 29.09.2015 - 10:13:21
Жаңартылған: 11.01.2016 - 12:35:12
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі