Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының негізгі салаларының қызметі туралы

-A A +A

 

Электр энергия тарифі бойынша

Облыста 2 электр энергиямен қамтамасыз етуші мекемелер:

2016 жылдың 1 қаңтарынан «Оңтүстік Жарық» ЖШС (облыстың аудан, қалаларын электр энергиямен қамтамасыз етеді) электр энергияның орташа өткізу бағасы 1 кВт/сағатқа 19,47теңге.

- жеке тұлғаларға 1 кВт/сағатқа – 14,84 теңге.

- заңды тұлғаларға 1 кВт/сағатқа- 24,78 теңге.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «Энергопоток» ЖШС (Шымкент қаласын электр энергиямен қамтамасыз етеді) орташа өткізу бағасы 1 кВт/сағатқа – 19,64 теңге.

- жеке тұлғаларға 1 кВт/сағатқа – 14,84 теңге.

- заңды тұлғаларға 1 кВт/сағатқа - 24,87 теңге.

2017 жылы электр энергия тарифі өскен жоқ.

 

Табиғи газ тарифі бойынша

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап табиғи газдың сатылу бағасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетімен жаңадан бекітілді:

-​ Жеке тұлғаларға 29 290,41 тг-ден 31 341,09 тг-ге (өсім 2050,35 тг немесе 6,9%)

-​ Заңды тұлғаларға 31 615,96тг-ден 34749,08 тг-ге (өсім 3133,12 тенге немесе 9,9 %);

-​ Жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін 19664,29 тг-ден 22014,15 тг-ге/1000 м3 өсті (өсім 2050,34 теңге немесе 10,4 пайыз).

 

Жылумен қамтамасыз ету тарифі бойынша

Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелердегі жылу энергиясының тарифтері келесідей:

Шымкент қаласы бойынша.

-​  «3-Энергоорталық» АҚ тек жылу өндіру, ыстық су беру, электр қуатын өндірумен айналысады. Жылу энергиясының тарифі 4 785,79 теңге.

-​ "ҚуатЖылуОрталық" МКК тарифі жеке тұлғалар үшін 1 м2 123,14 теңге құрады, заңды тұлғалар үшін 1 Гкал 34 499,99 теңге құрады.

-​ "КентауСервис" МКК тарифтері: жеке тұлғалар үшін 1 м2 128,57 теңге, , заңды тұлғалар үшін 1 Гкал 19 574,8 теңге.

-​ "Арыс-Жылу" МКК тарифтері: жеке тұлғалар үшін 1 м2 100,5 теңге, заңды тұлғаларүшін 1 Гкал 4931,83 теңге.

-​ "Жылу" МКК тарифтері: жеке тұлғалар үшін 1 м2 95,09 теңге, заңды тұлғалар үшін 1 Гкал 12 889,6 теңге.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету тарифі бойынша

Шымкент қаласының ауыз су тарифі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылғы 16 маусымдағы №179-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Шымкент қаласының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС, ауыз суға бекітілген тариф құны: жеке тұлғалар үшін -87,47 теңге; бюджеттік мекемелер үшін-386,62 теңге; басқа мекемелер үшін – 299,32 теңге.

Қолданыстағы тарифпен салыстырғанда өсім 30,0-30,4%-ды құрады. 2017-2021 жылдардағы ауыз су тарифі 10-11% өсіммен бекітілген.

Арыс қаласының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС, 2016 жылғы 5 ақпандағы №48-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны - 47,23 теңге;

Бәйдібек ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Бәйдібек Су» МКК, 2016 жылғы 24 қазандағы №364-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 65,0 теңге;

Кентау қаласының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Ащысай Су» МКК, 2014 жылғы 24 қаңтардағы №19-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны –71,87 теңге;

Қазығұрт ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Таза Су» МКК , 2016 жылғы 27 шілдедегі №244-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 136,20 теңге;

Мақтарал ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Мақтарал-Сервис» МКК ЖШС, 2016 жылғы 23 қыркүйектегі №341-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 45,11 теңге;

Ордабасы ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Таза Су» МКК, 2016 жылғы 24 қазандағы №366-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 70,56 теңге;

Отырар ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Отырар Қызмет» МКК, 2013 жылғы 29 мамырдағы №201-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 83,97 теңге;

Түркістан қаласының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Түркістан Су» МКК, 2014 жылғы 26 қарашадағы №20-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 48,03 теңге;

Түлкібас ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Тұраркент Су» МКК, 2015 жылғы 30 қыркүйектегі 263-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 51,63 теңге;

Төлеби ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Леңгір Су» МКК, 2016 жылғы 24 қазандағы №363-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 76,89 теңге;

Сайрам ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Сайрам Тазалық» ЖШС, 2016 жылғы 12 шілдедегі №228-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 68,05 теңге;

Сарыағаш ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Сарыағаш Тұрмыс» МКК, 2015 жылғы 24 қыркүйектегі №234-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 100,91 теңге;

Созақ ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Шолаққорған Су» МКК, 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №388-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 47,44 теңге;

Шардара ауданының сумен жабдықтаушы мекемесі – «Шардара-Сервис» МКК, 2016 жылғы 22 қарашадағы №392-НҚ бұйрығымен бекітілген. Ауыз суға бекітілген тариф құны – 72,8 теңге;

 
Жарияланған: 11.05.2016 - 12:42:58
Жаңартылған: 31.07.2017 - 12:31:51
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі