Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы ЕСЕБІ

-A A +A

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы облыс әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №15 қаулысына сәйкес құрылып, әділет органында 11.02.2015 жылы тіркелген.

Басқарманың негізгі функциясы мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқармамен 2015 жылға барлығы құны 39 578,6 млн. тг. құрайтын 333 нысанның (о.і. 166 нысан бойынша инжинирингтік қызметтер) мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу жоспарланып, а.ж. 9 желтоқсанына 39 285,3 млн. тг. 333 нысанның  (о.і. 166 инжинирингтік қызметтер) конкурстары өткізіліп жеңімпаздары анықталды, 293,8 млн. тг. үнемделді.

"Нұрлы жол" бағдарламасымен жоспарланған құны 6 067,6 млн. тг. құрайтын 10 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, 73,5 млн. тг. үнемделді.

Білім нысандарын салу және қайта құру бойынша 20 нысан жоспарланып оның 20-ы бойынша 7 714 млн. тг. мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп 29,2 млн. тг. үнемделді.

Мәдениет нысандарын салу және қайта құру бойынша құны 567,0 млн. тг. құрайтын 7 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді.

Әлеуметтік нысандар ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша құны 3 478,6 млн. тг. құрайтын 37 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп, 3,3 млн. тг. үнемделді.

Инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша 21 273,8 млн. тг. жоспарланған 93 нысанның конкурстары өткізіліп, 124,6 млн.тг. үнемделді, оның ішінде:

- сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша құны 5 550,9 млн. тг. құрайтын 21 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, 59,5 млн. тг. үнемделді;

- жарықтандыру нысандарының құрылысы бойынша құны 2 595,6 млн. тг. құрайтын 13 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, 30,6 млн. тг. үнемделді;

- газ тасымалдау жүйесін дамыту бойынша құны 4 495,8 млн. тг. құрайтын 28 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, 17,5 млн. тг. үнемделді;

- жылу энергетиканы дамыту бойынша құны 88,3 млн. тг. 1 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді; 

- көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша құны 7 015,5 млн. тг. құрайтын 12 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп 7,2 млн. тг. үнемделді.

- жарықтандыру нысандары мен жылу энергетика нысандарын жөндеу бойынша құны 517,5 млн. тг. құрайтын 3 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді;

- жолдар мен автомобиль жолдарын жөндеу бойынша құны 1 010,0 млн. тг. құрайтын 15 нысанның мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп 9,7 млн. тг. үнемделді.  

Құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарының инженерлік қызметіне 477,5 млн.теңгеге жосарланған 166 нысанның конкурстары өткізіліп 35,3 млн. тг. үнемделді.

Құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру

Облыс әкімдігімен 2015 жылдың 25 тамызында бекітілген кестеге сай облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшіліріне (оларға қарасты ұйымдарды қоса алғанда), аудан, қалаларында жергілікті жерге шығу жолымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, оған тәуелді актілердің нормаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, облыс әкімдігімен 2016 жылдың 5 қаңтарында бекітілген кестесіне сай облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшіліріне, аудан, қалаларына шығу жолымен Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы  11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің», №694 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу ережесінің» және өзге де тәуелді актілердің нормалары түсіндірілді.

Басқармада жүргізілген тексеру (бақылау) және олардың нәтижелері

Басқармада 2015 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алуларға ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитеті тарапынан 1, облыстық қаржы бақылау инспекциясы тарапынан 6 тексеру жүргізіліп бақылаумен жалпы 167 нысан және 39,2 млрд теңге қамтылып, нәтижесінде конкурс қорытындысына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жоқ.

Басқарманың іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа конкурс нәтижесімен келіспеу туралы екі талап арыз түсіп, екеуі де басқарманың пайдасына шешілген.

Жарияланған: 09.03.2016 - 15:47:28
Жаңартылған: 09.03.2016 - 15:48:23
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі