Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2016 жылдың 9-айында атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

-A A +A

Ағымдағы жылы 302 нысанның немесе 664,7 шқ. жол мен көшелердің құрылыс-жөндеу жұмыстарына бюджеттен – 25,8 млрд. теңге бөлінді.

Оның ішінде:

  •  6 нысанның құрылыс жұмыстарына – 2 330,4 млн. теңге (30,8 шқ.);
  •  17 нысанның қайта жаңарту жұмыстарына – 7 852,1 млн. теңге (41,5 шқ.);
  •  23 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына–8 421,8 млн.теңге (163,9 шқ.);
  •  256 нысанның орташа жөндеу жұмыстарына–5 701,1 млн.теңге (428,5 шқ.);
  •  облыстық маңызы бар 4 330,3 шқ. автомобиль жолды күтіп ұстауға – 1 000,0 млн. теңге;

 69 жобаны әзірлеуге – 535,8 млн. теңге (988,5 шқ.).

2016 жылы 282 нысан немесе 664,7 шқ. жол (о.і. 607,9 шқ. – жол, 56,8 шқ. – аяқжол, 17 көпір, 12 құбыр және 1 теміржол өткелі) пайдалануға беру жоспарланған. Оның 28-і өткен жылдардан өтпелі болса, 274 нысандағы жұмыстар ағымдағы жылы бастау алған.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шқ. күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі (2015 жылы – 37,2 шқ.).

Оның ішінде, Отырар ауданы мен Арыс қаласын қосатын КХ-12 «Шәуілдір – Ақдала» автомобиль жолы, Сарыағаш қаласынан Монтайтас ауылы және Арыс қаласы арқылы Қызылорда бағытына шығатын 50 шқ. жолы іске қосылады.

Оған қоса, Шардара ауданынан шыққан көліктер Арыс қаласына кірмей, Шәуілдір елді мекені арқылы Қызылорда бағытына шығуға мүмкіндік беретін КХ-10 «Шәуілдір – Көксарай – Байырқұм» автомобиль жолының 54,0 шқ. орташа жөндеуден өтіп, сондай-ақ Ақсу елді мекені мен Сайрам елді мекені арасын қосатын ұзындығы 15,0 шқ. КХ-41 «Қарасу-Қызылту-Сайрам» жолы пайдалануға беріледі.

Аталған жобалар облыстың транзиттік әлеуетін арттыратыны белгілі.

«Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінен Шымкент қаласының солтүстігі жағымен кіруге жол-жүріс қатынауын ыңғайландыру мақсатында облыстық маңызы бар КХ-37 «Шымкент-Қызыләскер-Түйетас» автомобиль жолының 0-3,9 шқ. аралығын қайта құру жоспарланған. Сонымен қатар, аталған жолдың 4,9-6,15 шқ. аралығын қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Аталған жобаны 2017 жылы іске асыру жоспарлануда.

Алматы бағытынан облыс орталығына кіре беріс КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас» автожолының 0-7 шқ. қазіргі таңда қайта құру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы осы учаске пайдалануға тапсырылады.

Басқармаға қарасты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мақсатында құрылған «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмыс атқаруда. Осы мекемені арнайы жол техникасымен жабдықтауға биыл облыстық бюджеттен 325,0 млн. теңге бөлінді. Енді аталған мекеме облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойын қыс мезгілінде тазалауды, шұңқырларды жамауды, жол жағасын өрттен сақтау жұмыстарын тиісті дәрежеде атқаратын болады.

Бүгінгі таңдағы жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық пен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 63,5% құрап отыр. «Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтық даму» бағдарламасында облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 2020 жылы 65,1% жеткізу жоспарланған.

Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 535,8 млн. теңге қаралып, 69 жобалау-сметалық құжаттама және сметалық құжаттама әзірленуде (2015 жылы 76,7 млн. тг. 6 ЖСҚ).

Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша – күрделі жөндеумен 295,8 шқ. жол және 9 көпір, қайта құрумен – 15 шқ. жол және 1 көпір, орташа жөндеумен – 618,8 шқ. жол мен 6 көпір қамтылатын болады. Сонымен қатар, Шымкент қаласының көшелерін қайта құру жұмыстарымен – 31,6 шқ., құрылыспен – 27,3 шқ. қамту жоспарлануда. Оған қоса, облыс орталығында екі деңгейлі 4 жолайрықтарының (Рысқұлов – Қонаев, Жібек жолы – Сайрам, Бәйдібек би – Арғынбеков, Бәйдібек би – кіші айналма жолы) құрылыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ әзірленуде. Жобалар іске асырылыған жағдайда, қалада жиі орын алатын көлік кептелістері мен жол-көлік оқиғаларының саны едәуір азаятын болады.

Бөлінген қаржыларды игеру барысы

2016 жылдың 1-қазанына 18 500,6 млн. теңге жоспарланып, 18 489,8 млн. теңгесі немесе 99,9% игерілген. Игерілмеген қаржы 10,7 млн. теңге.

Басқарма тапсырысшы болып табылатын 6 бағдарлама бойынша 9 477,3 млн. теңге жоспарланып, 9 466,6 млн. теңгесі немесе 99,9% игерілген. Игерілмегені – 10,7 млн. теңге.

Игерілмеу себебі: 6,4 млн. теңге сараптамадан өткізу қаржысы, 2,3 аппарат жұмыстарын қамтамасыз ету жабдықтары (процессор, монитор, кресло), 2 млн. теңге үнемделген сома.

Аудан, қала тапсырысшы болып табылатын 2 бағдарлама бойынша жоспарланғаны 9 023,2 млн. теңге, игерілгені 9 023,2 млн. теңге немесе 100%.

Жолаушылар көлігі саласы

Облыста жолаушылар тасымалдау қызметін жеке меншік нысандағы 59 тасымалдаушы атқарады. Тұрғындарға жолаушылар тасымалдау қызметін  жергілікті атқарушы органдармен түзілген келісім шарттар негізінде, облыста 2671 автобус (шағын автобус) көрсетеді.

Облыстағы барлық жолаушылар тасымалдау бағыттар желісі бүгінгі күні 401 бағыттағы 2166 кестеден тұрады.

Облыстағы жол жағдайы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, қоғамдық жолаушылар көлігін қажет ететін 766 елді мекеннің қазіргі уақытта 689-ы (89,9%) қоғамдық жолаушылар көлігімен қамтамасыз етілген. Республика бойынша бұл көрсеткіш орташа 70 пайызды құрайды.

2016 жылдың басынан бері ауданаралық, облысаралық бағыттарда 43 автобус жаңартылды (2015 жылы 15 автобус жаңартылды).

2016 жылдың басынан бері Шымкент қаласының бағыттарында 35 автобус жаңартылды (2015 жылы 210 автобус жаңартылды,  оның ішінде 200 жаңа автобусты «Green Bus» ЖШС-і сатып алған). 

Облыс  аумағында 8 автовокзал мен 23 автостанция жұмыс істейді. Қазіргі уақытта облыстағы автовокзалдар мен автобекеттерді ҚР «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметі» Ұлттық Стандарты талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.  Осы мақсатта облыстағы барлық автовокзал және автобекеттерді Ұлттық Стандартқа толық сәйкес келтіруге басқарма және  автовокзал мен автобекет басшылары арасында өзара меморандум түзілді.

Бүгінгі күні, облыста 238 қоғамдық көлік сұйытылған пропан газына ауыстырылды. Шымкент қаласында 200 автобус компримирленген газбен жүреді. Нәтижесінде облыс бойынша 438 қоғамдық көлік экологиялық таза газ отынымен жүруде. Облыс аумағында қоғамдық көліктерді экологиялық таза жанармай түріне ауыстыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, яғни 2016 жылы облыс бойынша 116 қоғамдық көлікті экологиялық таза сұйытылған пропан газына ауыстыру жоспарланды. Ол үшін аудан, қалаларда газ құю бекеттерін көбейту қажет.

Қазіргі уақытта облыстағы ең күрделі мәселелердің бірі заңсыз жолаушылар тасымалы. Бұл бағытта ауқымды шаралар атқарылуда:

- Заңсыз тасымалдауға қатысты облыс әкімдігінің 14.12.2015 жылғы №396 қаулысымен “Қауіпсіз жол” іс-шаралар жоспары бекітілді;

- Құзырлы және жергілікті атқарушы органдардың, автовокзалдар (автобекеттер) мен тасымалдаушылардың басшыларымен 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында, яғни 6-шы, 18-ші мамыр күндері және 15-ші маусым күні семинар, жиналыстар өткізілді;

- Жыл басынан бері облыс аумағында 3 рет «Автобус» айдарымен (17-19 қаңтар, 11-13 наурыз, 1-4 сәуір) және одан бөлек 48 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 3028 әкімшілік хаттамалар түзілді;

- Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою бойынша құрылған облыстық және аудандық (қалалық) мобильдік топтар тарапынан 2016 жылғы маусым айынан бастап жүргізілген 82 рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық көліктерге 278 әкімшілік хаттама толтырылып,  ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес салынған 3 млн. теңге айыппұлдың қазіргі уақытта 2 млн.640 мың теңгесі өндірілді және рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Темір жол көлігі

Облыста әлеуметтік маңызы бар «Шымкент - Сарыағаш» және «Түркістан-Шымкент» темір жол бағыттары автомобиль жолымен қамтылмаған елді мекен тұрғындарына тасымалдау қызметін көрсетеді. «Шымкент - Сарыағаш» бағытында 4 вагоннан тұратын электропойыз, ал «Түркістан-Шымкент» бағытында жаңа рельстік автобус бекітілген кестеге сәйкес аптасына 5 реттен қатынайды. Әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттарына 2016 жылға облыс бюджетінен 176 846 мың теңге субсидия қаралып, ағымдағы жылдың 9 айында 114 380 мың теңгесі игерілді. Тасымалданған жолаушылар саны «Шымкент-Сарыағаш» бағытында 88 174, ал «Шымкент-Түркістан» бағытында 39 919, жалпы 128 093 жолаушыны құрады.

 

Жарияланған: 07.11.2016 - 16:00:00
Жаңартылған: 07.11.2016 - 16:01:21
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі