Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы

-A A +A

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша
Бағдарлама бойынша 2011 жылы бөлінген 463,75 млн. теңгеге  Шымкент қаласында 6, Түркістан қаласында 11 көпқабатты тұрғын үйді  күрделі жөндеуден  өткізіліп, қаржылар толығымен игерілді. 
2012 жылы бағдарлама бойынша бөлінген 312,5 млн.теңгеге  жоспарланған 15 көпқабатты үй орнына 40 көпқабатты тұрғын үй  күрделі жөндеуден өткізіліп, қаржылар толығымен игерілді. (Шымкент қаласы-25 үй, Түркістан қаласы-6 үй, Отырар ауданы-9 үй).
Жаңғырту бағдарламасы бойынша 2013 жылы бюджет есебінен қаржы қарастырылмағандықтан, 2012 жылы тұрғындар тарапынан қайтарылған 22,6 млн. теңгеге Шымкент қаласындағы 3 көп қабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қаржы толығымен игерілді. 
«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС арқылы жаңғырту бағдарламасымен жөндеуден өткізілген үйлерден 2013 жылы бекітілген кестеге сәйкес қайтарылуы тиіс 13,8 млн. теңгенің 12,0 млн. теңгесі қайтарылып, аталған қаржыға 2 көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары жүргізілді.  
Бағдарлама аясында 2014 жылы қайтарылған қаржыға 3 көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылға бөлген лимитіне сәйкес 77 үйді күрделі жөндеу жұмыстарына, 660,7 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстар толығымен аяқталды.
Шымкент қаласы 34 үйге – 210 067 мың теңге, Кентау қаласы – 9 үйге – 67 288 мың теңге, Түркістан қаласы 5 үйге - 46 173 мың, Арыс қаласы 5 үйге – 75 239 мың теңге, Мақтарал ауданы 3 үйге – 46 199 мың теңге, Шардара ауданы 9 үйге – 85 713 мың теңге, Сарыағаш ауданы 7 үйге – 68 827 мың теңге, Төлеби ауданы 5 үйге  - 61 240 мың теңге бөлінді.
2014 жылы қаржыларды қайтару кестесіне сәйкес, қайтарылуы тиіс 26,8 млн. теңгенің  26,8 млн. теңгесі (100%) тұрғындар тарапынан қайтарылды.
Қазақстан Ресупбликасы Ұлттық экономика министрлігіне белгіленген лимит шегінде 2015 ж. 200 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 2 062,349 млн.тг. қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылып 38 көпқабатты үйлердің құжаттары 310,352 млн.теңгеге қолдау тапты (оның ішінде Шымкент қаласы – 32 үй, Сарыағаш қаласы – 2 үй, Түркістан  қаласы – 4 үй).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шарушылық істері, жер ресурстарын басқару комитетіне 2016 жылға 139 көпқабатты тұрғын үй құжаттары мемлекеттік сараптама қорытындысымен 1 837,8 мың теңгеге ұсынылды.

 

Жарияланған: 25.09.2015 - 18:54:46
Жаңартылған: 11.01.2016 - 09:42:57
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі