Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 09 маусымдағы № 181 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 2734 болып тіркелді

-A A +A

 
"Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
 
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 09 маусымдағы № 181 қаулысы.
Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 2734 болып тіркелді
 
 
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

Облыс әкімі                                                                                                                                                                                                                                                        А.Мырзахметов

Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Ә.Бектаев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абуллаев
Р.Исаева
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 181 қаулысына қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
Жарияланған: 19.01.2016 - 12:04:44
Жаңартылған: 19.01.2016 - 12:08:49
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі