Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы

-A A +A

Иманов Ибраһим Әлжанұлы 1959 жылдың қаңтар айының 18 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ермоловка ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Қазақ Политехникалық институтының тау-кен факультетіне түсіп, аталған институтты 1980 жылы бітіріп, тау-кен инженері мамандығы бойынша диплом алған. 1995 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, «құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1978 жылы «Карағандыкөмір» өндірістік бірлестігінде бастап, Жер асты кен орындарында қызмет атқару барысында, комсомол ұйымын басқарып, ЦК ЛКСМ Қазақстан мектебіне оқуға жіберілген. Осыдан кейін Екібастұз қаласы комсомол комитетінің комсомол құрылысы одағының Штаб бастығы, Екібастұз қалалық атқару комитетінің халықтық бақылау инспекторы, ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, осы бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Коммунистік партияда қызмет атқару барысында мемлекет басшысының «құқықтық мемлекетті құру» талабына сәйкес, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» факультетінің оқуға түскен. Прокуратура органдарына 1993 жылдан бастап қызметін бастап Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокуратурасында тәлімгер, Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар облысы Качир ауданының прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің бөлім прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау Департаментінің аға прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы Департаментінің меншік және кәсіпкерлік заңдарының қолданылуына қадағалау жасау бөлімінің аға прокуроры, осы бөлімнің бастығы, Павлодар және Қарағанды облыстары прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры, 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Прокуратура органдарында қызмет атқару барысындағы мінсіз қызметі үшін Бас Прокурордың 12.07.2004 жылғы №176/6 бұйрығымен «1-дәрежелі Прокуратура озаты» төс белгісімен, ҚР Президентінің 25.08.2005 жылғы №1633 Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 01.12.2011 жылғы №219/6 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» медалімен марапатталған. 2002 жылдың 12 қыркүйегінде аға әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген.

Басшылық туралы мәлімет

Аты-жөні

Лауазымы

Телефон

Азаматтарды қабылдау кестесі

Иманов Ибраһим Әлжанұлы 

Прокурор

53 68 80

Сейсенбі
10.00 – 12.30

Жәнібеков Батыржан Нұрмаханұлы

Бірінші орынбасар

53 24 85

Дүйсенбі
10.00 – 12.30

3 Әбдіханов Қайрат Әлиханұлы

Орынбасар

53 67 47

Бейсенбі
10.00 – 12.30

4 Қожахметов Әбіл Аханұлы

Орынбасар

53 53 75

Жұма
10.00 – 12.30

Мекен-жайы мен реквизиттері: Шымкент қ-сы, Тәуке хан даңғ., 97

Ресми сайты: oko.prokuror.kz

 

Жарияланған: 23.09.2015 - 12:10:57
Жаңартылған: 11.07.2016 - 16:59:22
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі