Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКҚК, «Созақ аудандық емханасы» МКҚК бас дәрігерлерінің бос лауазым орындары – 2 бірлік туралы хабарлайды.

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген   «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына» сәйкес бос орын МКҚК бас дәрігері қызметіне конкурс жариялайды.

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері – 1 бірлік.

  2. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Созақ аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері – 1 бірлік.

Конкурсты өткізу мерзімін Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күннен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: ОҚО денсаулық сақтау басқармасы, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 20«А» үй, 5 қабат, 500 кабинет, қабылдау бөлмесі.

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны-денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету жұмысын жүргізеді.

ОҚО, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, №115А. Сымтетік: 8725-37-2-77-44, 2-71-42, 2-45-90.

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Созақ аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны-денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету жұмысын жүргізеді.

ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек-Жолы көшесі, нөмірсіз. Сымтетік: 8725-4-22-92, 4-20-12.

Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының қызмет орнына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:

Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жоғары медициналық білімнің болуы,

      1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

      2) мамандығы бойынша экономика (медицина) саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған басқада нормативтік-құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін халық үшін санитарлық ағартуды, гигиеналық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.

5. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай білу, ұйымдастыру, бақылау. Өзін басқара білу, бейімделу.

Конкурсқа өтініш беру мерзімі он бес күн.

Конкурсқа ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;

  4. Белгіленген тәртіппен куәландырылған білімі туралы құжаттар, диплом көшірмесі;

  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  6. Денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама:

  7. 3х4 фотосурет жапсырылған жеке іс-парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты(біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелі атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығына ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.с.) беруіне болады.

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 20«А» үй, 5 қабат, 500 кабинет. ОҚО денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі.

Анықтама сымтетіктері: 21-37-20; 21-35-90.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжат қабылдау соңғы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып, 15 күннен кейін аяқталады.

Жарияланған: 11.02.2017 - 16:00:29
Жаңартылған: 14.02.2017 - 13:10:27
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі