Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы

үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және

ынтымақтастық жөніндегі кеңес туралы

Ереже

1. Жалпы ереже

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) бұл құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) өкілдері кіретін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган  болып табылады.

2.  Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын, осы Ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

2. Кеңестің міндеттері және функциялары:

 

3. Кеңестің міндеттері:

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді жолдарын іздеу;
  2. үкіметтік емес ұйымдарды еліміздің әлеуметтік саясатын іске асыруға тарту;
  3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жөніндегі қызметінің тиімділігін жоғарылату;
  4. құзыреті шеңберінде мәселелерді шешуге бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылдарының келісушілігін қамтамасыз ету;
  5. мемлекеттік билік органдары мен өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;
  6. Кеңестің құзырына кіретін проблемалар бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, облыс әкіміне ұсыныстар әзірлеу;

         4. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:

         1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі қызметін талдайды;

         2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын жетілдірудің нақты тетіктерін әзірлейді;

         3) Кеңестің көшпелі отырыстарын ұйымдастырады.

         5.Заңнамамен белгіленген тәртіпте Кеңестің:

         1) Кеңестің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, оларды нақты саладағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге;

         2) талқыланатын мәселелерге қатысы бар мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарында тыңдау үшін шақыруға;

         3) Кеңестің қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала зерттеу және оларды шешудің барынша тиімді жолдарын анықтау үшін, оның ішінде қолданыстағы тәртіпте сарапшылар және кеңесшілер ретінде ғалымдарды, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін тарту арқылы уақытша жұмыс топтарын құруға (қажет болған жағдайда) құқығы бар.

 

3. Кеңестің құрамы

 

         6. Кеңес құрамы Кеңес төрағасы, мүшелері және хатшыдан құрылады.

         7. Кеңес құрамы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарының негізінде жұмыс органмен қалыптастырылады.

         Кеңестің үштен екі құрамы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен, қалған бөлігі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылады. 

         8. Кеңестің жұмыс органы – Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.

         9. Кеңес мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді.

         10. Кеңестің құрамы жұмыс органның ресми сайтында орналастырылады.

         11. Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің бірінші басшылары енгізіледі.

         12. Кеңес төрағамен – облыс әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарымен басқарылады.

         13. Кеңес төрағасы:

         1) Кеңестің кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады;

         2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

         3) Кеңестің жұмысын жоспарлайды;

         4) Кеңес отырыстарының тәртібін бекітеді.

         14. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.

         15. Кеңес хатшысы:

         1) Кеңес жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

         2) Оның отырыстарының күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;

         3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобасын дайындауды ұйымдастырады;

         4) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарландырады, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

         5) Кеңес мүшелерінен отырыстардың тәртібі жөнінде ұсыныстарды алып, төрағаның қарауына енгізеді;

         6) Кеңестің қызметін жария ету және қабылданған шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыста болады.

         16. Хатшы Кеңестің мүшесі болмайды.

 

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

         17. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай жылына кемінде екі рет өткізіледі және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып саналады.

         18. Отырыстардың өтетін күні, уақыты, тәртібі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып Кеңес төрағасымен анықталады.

         19. Кеңес шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі. Отырысқа келмеген Кеңес мүшелерінің орнына шақырылған тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері дауыс беруге қатыспайды.

         Кеңес мүшелері ерекше пікір ұстануға құқылы, оны білдірген жағдайда ол жазба түрде беріліп, Кеңес шешіміне тіркелуі тиіс.

         20. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

         21. Кеңес шешімдері қажет болған жағдайда мүдделі атқарушы және/немесе өкілетті органдардың қарауына енгізіледі.

         22. Шешімдердің орындалуын бақылау Кеңес хатшысына жүктеледі.

 

5. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету

 

         23. Кеңес қызметін ұйымдастыру – техникалық қамтамасыз ету Кеңестің жұмыс органына жүктеледі.

 

Жарияланған: 30.09.2015 - 15:43:26
Жаңартылған: 13.04.2016 - 10:51:49
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі