Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №213 қосымшалар енгізу туралы

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі №213 «Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының

2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар

жоспарына» қосымшалар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі  №234 қаулысына сәйкес  облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралары (әрі қарай-Шара) осы қаулыға қосымшаға сәйкес  бекітілсін.

2. Ішкі саясат және дін істері жөніндегі (Б.Құрманғали), білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту (А.Елшиева), ауыл шаруашылығы (Қ.Оспанбеков), экономика және бюджеттік жоспарлау (А.Абдуллаев), қаржы (Р.Исаева), мемлекеттік сатып алу (Н.Нәлібаев)  басқармалары жоғарыда көрсетілген Шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы   қаулының   орындалуын   бақылау   облыс   әкімінің бірінші орынбасары   Б.С. Оспановқа жүктелсін.

 

      Облыс әкімі                                                              Б. Атамқұлов

 

 Оспанов Б.

 

.Садыр Е.

Жылқышиев Б.

 

 Тұяқбаев С

Айтаханов Е.

 

 Абдуллаев А.

Қаныбеков С.

 

 Исаева Р.

 

Жарияланған: 11.07.2016 - 18:02:58
Жаңартылған: 29.11.2016 - 15:48:36
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі