Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысы, орынбасарлары, бөлім басшылары

-A A +A

Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков

Ә.Е. Тұрғымбеков 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, инженер-экономист.

Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983-1994 жылдары Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1994-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімі, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

 

 

Қайырбек Көбекұлы ҚҰНАНБАЕВ

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің басшысы.

1970жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –саясаттанушы, әлеуметтік саяси пәндерінің оқытушысы,мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 1987 жылы «Чимкентсельхозстроймонтаж» тресінде электрослесарь ретінде бастаған. Кейінірек Шымкент қаласы әкімі аппараты №8 халықпен жұмыс жүргізу бөлімініңбас маманы, ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімініңбас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының референті,облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы,  басшысының орынбасары болған.

2015 жылғы қаңтардан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысылауазымын атқарып келді.

 

 

 

Гүлнұр Нұрбекқызы АСЫЛБЕКОВА

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары.

1979жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –экономист-қаржыгер, заңгер.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің мемлекеттік мекемелердің бюджет процедурасын бақылау бөлімінің жетекші маманы-жетекші бақылаушы-тексерушілауазымынан бастаған.  Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментініңкірістерді болжау және несиелеу мен құнды қағаздар бөлімінің  жетекші маманы-жетекші экономисті, кірістерді болжау және несиелеу мен құнды қағаздар бөлімінің бас  маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық саясат және жоспарлау  бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметі бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппараты ішкі бақылау бөлімінің бас маманы-бас ревизоры, облыс әкімі аппараты экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің басшысы болған.

2013 жылғы тамыздан бастап облыс әкімі аппараты экономикалық талдау және бюджет мониторингі бөлімінің басшысы ретінде қызмет етіп келді.

 

 

Нұрболат Мейрасбекұлы НАРЖАНОВ

1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономика бакалавры.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қалалық Соттар әкімшісінің сот орындаушысы болып бастаған. 2004-2016 жылдары Астана қалалық Соттар әкімшісінің бас сот орындаушысы, сот жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегия және даму департаменті бағдарламаларды жүзеге асыру бөлімінің, Жастар саясаты департаменті Талдау, мониторинг және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттандыру, Әкімшілік департаменттері Әкімшілік қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, көмекшісі, Қазақстан Республикасы Түрік Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы қарашада – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

 

 

 

 

 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары лауазымына Канат Сагынович Тулендиев тағайындалды.

Канат Сагынович Тулендиев 1967 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығын жоспарлау, экономист, заңгер.

Еңбек жолын 1990 жылы Созақ ауданы Калинин совхозының аға

экономисті қызметінен бастаған. 1992-1996 жылдары Созақ ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының халыққа салық салу бөлімінің бастығы, 1996-2007 жылдары ОҚО бойынша Салық инспекцияның жеке тұлғалардың табысына салық салу бөлімінің бастығының орынбасары, Салық комитетінің талдау мониторинг басқармасының бастығы, Салық комитетінің бейнөндірістік төлемдер басқармасынң бастығы, Салық комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2009 жылдары Түркістан қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары Мақтарал ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2011-2014 жылдары Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2014-2015 жылдары Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2015 жылдан бері Арыс қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

 

 

Елнұр Рақымбердіұлы ӨТЕБАЕВ

Облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі  бөлімі басшысы.

1984жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және қорғаныш технологиясы, экономика және бизнес бакалавры, авиакосмостық өнеркәсіптің инженерлік жұмысы, АҚШ - тың Аризона университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2006 жылы Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін алдын-ала талдау бөлімінің инженері болып бастаған.  Өндірістік-техникалық басқармасының техникалық комплекс бөлімінің маманы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасы бас сарапшысы, ҚР Көлік комитеті көліктегі автоматтандыру басқармасының басшысылауазымдарын атқарған.

2015 жылғы желтоқсаннанбастап энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етіп келді.

 

 

Мұратәлі Оразәліұлы ҚАЛМҰРАТОВ

Облыс әкімі аппараты Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

1977жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының заңгері болып бастаған.Кейін Сайрам аудандық Әділет бөлімінің заңды тұлғаларды тіркеу саласының жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің діни істер бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Діни істер департаментінің директоры, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторыболған.

2015 жылғы сәуірденбастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісіболып қызмет етіп келді.

 

 

 

Рабиға Мырзатайқызы ЖЕКСЕМБАЕВА

Облыс әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы.

1965жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –заңгер.Еңбек жолын 1987 Шымкент почтампының заң кеңесшісі, Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің заңгеріболып бастаған. Кейін Шымкент қалалық  әкімшілігінің заңгері, Шымкент  қаласы  әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, кеңесшісі, облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің  жетекші  маманы, бас маманы, заң кеңесшісі, заң бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы әкімінің заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2012 жылдың қараша айынан бастап әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі, басшысы болып  қызмет етіп келеді.

 

 

 

 

 

Сәуле Тұралықызы САҒЫНДЫҚОВА

Облыс әкімі аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі топтың бас инспекторы-топ басшысы.

1972жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент қаласы Тельман қалалық тұтынушылар қоғамының сатушысы ретіндебастап,Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бухгалтер-кассирі, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің бухгалтері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің маманы, жетекші маманы болған.

2009 жылғы ақпаннанбастап облыс әкімі аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас  маманы болып қызмет етіп келді.

 

 

 

 

Сәкен Омарұлы КЕНЖЕБАЕВ

Облыс әкімі аппараты Қаржы-шаруашылық (әкімшілік) бөлімінің басшысы.

1965жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –инженер-механик, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 1989 жылы Москва қаласы Орталық ғылыми-зерттеу және автомоторлық институтының автомобиль двигательдері жүйесінің ғылыми-зерттеу және эксперименталдық-конструкторлық бөлімінің зерттеуші инженері болып бастаған. Москва және Шымкент қалаларында бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарда қызмет еткен.Оңтүстік Қазақстан облысы араб тілі институтының қаржы жөніндегі проректоры, ОҚО әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік-техникалық қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары - облыс әкімінің бас инспекторы, Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - әкімшілік-шаруашылық бөлімінің  меңгерушісілауазымдарында еңбек еткен.

2013 жылғы мамырданбастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары- қаржы-шаруашылық бөлімінің  басшысы болып қызмет етіп келеді.

 

 

 

Жәнібек Наушабайұлы НАУШАБАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы.

1981 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы– заңгер, әлеуметтік білім магистрі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі мен АҚШ - тың Дьюк университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы «Ақсуат» ЖШС - де заңгер ретінде бастап,аталған облыста прокуратура және әділет органдарында, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда  еңбек еткен. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-талдау басқармасының бастығы, Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және кадр жұмысы басқармасының бастығы, Әкімшілік жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ішкі бақылау қызметінің бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен. 

2015 жылғы қарашаданбастапҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас инспекторылауазымын атқарып келді.

 


 

ӨСЕРБАЕВ Аңсар Жаңабайұлы

1976 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 1997 жылы «ШҚЗ» АҚ операторы қызметінен бастаған. 1998-2016 жылдары Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, «Еңбек биржасы» бөлімінің бастығы, Шымкент қалалық әкімшілігінің халықты жұмыспен қамту басқармасында бөлімі бастығы, ОҚО халықты жұмыспен қамту басқармасының бөлім бастығы, жастар ісі және ішкі саясат департаментің жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы, халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлім бастығы, «АСАР» РП РҚБ ОҚО филиалының нұсқаушысы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, ОҚО аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы, талдау және мониторинг бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері департаментінің бас маманы, дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 жылы сәуірде – облыс әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімі басшысы лауазымына тағайындалған.

 

Берік Мұстафаұлы ҚАДЫРӘЛИЕВ

1986 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 2009жылы ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мұрағатшы маманы қызметінен бастаған.

2011-2017жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы инвестициялық саясат және сыртқы байланыс бөлімі жетекші маманы,индустриялды-инновациялық даму бөлімінің бас маманы,облыс әкімі аппараты ауыл шаруашылығын дамыту, табиғатты пайдалану және кәсіпкерлік мониторингі бөлімнің бас маманы, агроөнеркәсіп кешені және табиғатты пайдалану мониторингі бөлімінің бас маманы,әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы, агроөнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2017 жылы шілдеден –Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

 

Берік Серікбайұлы ИБАДУЛЛАЕВ

1981 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша халықаралық экономикалық қатынастар, құқықтану, педагогика және психология .

Еңбек жолын 2004 жылы ОҚО Түркістан қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу бөлімі – орталығының маманы қызметінен бастаған.

2004-2017жылдары ОҚО Түркістан қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу бөлімі – орталығының бас маманы – бас салық испекторы, заңды тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу секторының бас маманы, бейөндірістік төлемдер бөлімінің бас маманы , Түркістан қалалыққаржы бөлімінің бастығы, Түркістан қаласы Үшқайық ауылдық окугінің әкімі, Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімінің бастығы, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы , Отырар ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешені және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы,әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы, жиынтық-талдау және жалпы мониторинг бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2017 жылы шілдеде – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты инфрақұрылым және құрылыс саласы мониторингі бөлімініңбасшысы лауазымына тағайындалған.

Жарияланған: 22.09.2015 - 11:36:43
Жаңартылған: 15.08.2017 - 12:26:19
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі