Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында архив ісін дамыту жөніндегі 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысында  архив  ісін дамыту жөніндегі 2016 жылдың 1 тоқсанында  атқарылған жұмыстардың есебі

Есепті мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысында  архив ісін дамыту бағытындағы жұмыстар барлық  архив мекемелерінің үйлесімді іс-әрекеті арқылы жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңдары, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  Қазақстан халқына 2016 жылға арнаған Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат ісі және құжаттама департаменті, облыс әкімдігінің  шешімдері мен өкімдері,  Оңтүстік Қазақстан облысының  тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының 2016 жылға арналған жоспары тұрақты  түрде  басшылыққа  алынды.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-I Заңының тақырыбына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы №368-V Заңымен Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы болып өзгеріс енгізілуіне байланысты «Оңтүстік Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  2015 жылғы 28 желтоқсандағы №432 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  2016 жылғы 19 ақпандағы №34 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама  басқармасы болып аталды. Бұрынғы басқарманың 10  штат бірлігіне 8 штат бірлігі қосылды. Сонымен бүгінгі таңда басқарманың штат саны 18 бірлікті құрайды. Жаңа қызметкерлерге екі үлкен  бөлме бөлініп, жұмыс істеуге барлық жағдай жасалды.

Облыс әкімінің 2016 жылғы 31 наурызда №1-130ө  өкімімен басқарма басшысы болып Н.Шарафиев бекітілді.

Облыс архивтері бойынша толықтыру көздерінің тізімі нақтыланып, облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясында бекітілді және архив мекемелеріне жіберілді. Филиалдарды қосқанда барлығы 21 архив мекемесінің толықтыру көздері нақтыланды. 2016 жылдың 1 ақпанына  облыс аумағындағы архив мекемелеріндегі қор карточкаларының құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәлімет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрағат ісі және құжаттама департаментіне жіберілді.

Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын», Қазақстан  Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №145 бұйрығымен бекітілген «Ұлтт және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын», ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22  желтоқсандағы   №146 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын», Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы   №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын және басқа да тиісті қолданыстағы заңдылықтарды орындау барысында жұмыс жүргізілді.

Облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының қарауына 2015 жылы ұсынылған құжаттардың сапасына талдау жүргізіліп қорытындысы  2016 жылғы 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының архив мекемелерінің директорларымен өткізілген жиналысында қаралып, кемшіліктерді  жою жөнінде шешім қабылданды. 

Облыс бойынша құрылымдық өзгерістерге ұшыраған мекеме құжаттарының реттелуі (өңдеу, мемлекеттік сақтауға қабылдау, құқықтық қабылдаушыға өткізу тәртібін сақтау) бойынша мониторинг жүргізілді. Басқару құжаттамаларының аса құнды құжаттарды іздеп табу жұмыстары жалғастырылып, оларға сақтандыру қоры көшірмелерін құру ісі жүргізілді. 

2016 жылғы 1 сәуірде жоспарға сәйкес басқармаға қарайтын архитердің қызметкерлеріне «Құжаттарды ұйымдастыру, мемлекеттік есебін жүргізу және ведомстволық архивтерде құжаттарды талапқа сай жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Қоғамдық ұйымдармен байланыс жасалды. ОҚО әкімі аппаратының 2016 жылдың 17 ақпандағы хатына сәйкес, «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай іс шара ұйымдастырылып, ОҚО мемлекеттік архиві Шымкент өңірлік мемлекеттік архивімен бірлесіп өткізілді. Аталған іс шарада ҚР Президенті мұрағатының бас сарапшысы Ә.Сулейменова сөз сөйлеп, «Ел бірлігі – асыл қазына» тақырыбында тарихи-құжаттық көрмеге презентация өткізді. 2016 жылдың 2 наурызында ОҚО мемлекеттік мекемелері қызметкерлері кәсіподағының кеңейтілген Президиум отырысына архив өкілдері қатысып қайтты. Шымкент қалалық архив қызметкерлері Шымкент өңірлік мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткізілген «Аналарға тағзым» атты мерекелік іс шараға қатысты. Отырар телеарнасына Оңтүстік Қазақстан облысының құрылу тарихы және халық саны туралы сұқбат беріліп, құжаттар көшірмелері ұсынылды. Осы құжаттар негізінде Оңтүстік Рабат газетінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №11-12 (288-289) материал жарияланды.

Архив қызметкерлері «Қазақстан» телеарнасының қатысуымен бірге Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындарымен кездесу өткізді. С.Ахметовтың 110-жылдығына, Т.Бектұрсыновтың 130-жылдығына саяси куғын-сүргін құрбандары музейімен бірге «Жазықсыз жапа шеккендер» атты іс-шараға қатысты, Халықаралық әйелдер күніне, Наурыз мерекесіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

ОҚО әкімі аппаратының 22.12.2015 жылғы  №09/7039 хатына, облыс әкімі Б.Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес, "Қазақ халқына мың алғыс" монументін орнату мәселесіне орай XIX ғасырдың аяғы мен  XX  ғасырдың 50-60 жылдарына дейінгі кезеңдерде жүргізілген құйтырқы саясаттың салдарынан қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдері, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысына келгендердің саны, қай ұлттың өкілі, қай елден келгені туралы мәлімет жіберілді.

Арыс қаласының 60 жылдығына орай «1966-1991ж.ж. Қазақстан Коммунистік партиясы Арыс қалалық 1-ші хатшылары», «1966-1991 ж.ж. Қазақстан Коммунистік Лениншіл Жастар Одағы Арыс қалалық  1-ші хатшылары», «1956-1991 ж.ж. Арыс қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің басшылары» атты тақырыптық құжаттар тізбесі дайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы саяси қуғын-сүргін құрбандары  музейінің 2016 жылғы 09 ақпандағы №20 хатына сәйкес, "1928-1930 жылдардағы байлардың мал-мүлкін тәркілеу, колхозға күштеп кіргізу, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1930-1940 жылдардағы жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандар" тақырыбына қатысты мұрағаттық құжаттардың көшірмелері берілді. Арыс қалалық мәдениет үйінің 2016 жылғы 10 наурыздағы хатына сәйкес, Арыс ауданы атқару комитетінің құжаттарынан  мәдениет үйі тарихына қатысты мәлімет берілді.

Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасуы туралы анықтамалық дайындау үшін мәліметтер іздеп табу және «Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жері» деректер банкі бағдарламасын енгізу бағытында жұмыстар жалғастырылуда. Осы анықтамалықты құрастыру барысында облыстық, аудандық, қалалық, ұйым, кәсіпорын, мекемелерге іс сапарға шығып, жеке құрам бойынша құжаттарының сақталу орны туралы мәліметтер – жинақталу жұмысы жалғастырылуда.

Жұмыста кемшіліктер болдырмау мақсатында кадрларды мамандандыру тұрақты жетілдіріліп, олардың орындарын тиімді ауыстыру жүзеге асырылып, жұмыс уақытының тиімді пайдаланылуы бақыланып отырды. Кадрларды мамандандыруға дайындығын арттыру үшін өңірлік, аудандық архив қызметкерлеріне қызметтің негізгі бағытын қамтитын тақырыпта әдістемелік, іс-тәжірибелік көмектер мен кеңестер жүйелі түрде беріліп отырды.

Веб-сайтқа - электрондық адресі: archivе – uko.gov.kz басқарманың қызметіне қатысты толық ақпараттар қазақ, орыс тілдерінде бекітілген регламентке сәйкес орналастырылып тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысы  тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама  басқармасының  ұйымдастыратын іс-шаралар және салалық жаңалықтар жайлы  мәлімет облыс әкімдігінің  веб-сайтына да тұрақты  түрде жіберіліп отырады.

ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивт қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың архив мекемелері  арасында өзара байланысты кешенді жұмыстар жүргізілді. Сақтау бөлмелерінде, қоймаларда күнделікті жинау, құжаттар мен сөрелерді шаң-тозаңнан тазарту, ылғалдық-температуралық режимін бақылау жүзеге асырылды. 14058 істің  физикалық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді: оның ішінде 687 істегі  5377 парақ қайта өңделіп, 6467 істің және 450 тізімдемелердің мұқабалары ресімделді, 5912 іс және 230 тізімдеме тігілді.  Есепті мерзімде 41256 іс шаң-тозаңнан тазартылды. Сақтаудағы қорлардың  толықтығы мен жалпы жағдайын бақылау  мақсатында 22793 іс тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша тексеру беттері мен  актілер ресімделді. Сондай-ақ, осы жұмысты атқару барысында   56 істегі 393 парақ қалпына келтіруге, 720 іс тігуге, 25 істегі 72 парақтың мәтіні көмескіленгенін, 3 істегі парақ қазақ тілінде және 2 істегі 15 парақ латын тілінде  жазылғандығы айқындалды.

Жоспарланған жұмысты атқару барысында парақтардағы көмескіленген мәтіндері қалпына келтірілді.

Қоймалардан пайдалану үшін істерді беру мен оларды  қайта орындарына қою белсенді түрде жүргізілді. Есепті мерзімде 40327 іс  пен 6250 тізімдеме қолға беріліп орнына қайта қойылды. Мұрағат қоймаларының ішіндегі 5256 істің орны ауыстырылды.

ҚР «Ұлттық мұрағаты»  мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 4 ақпандағы №01-70/107-и  хатына сәйкес, 2015 жылы сақтауға қабылданған қорлардың құрамы мен мазмұны туралы электронды деректер базасына 9033 сақтау бірлігі енгізілді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының автоматтандыру қызметі» базасына құжаттарды енгізу жалғастырылып 1-тоқсанда 1380 іс атаулары енгізілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы №12-01-21/281-И хатына сәйкес, ОҚО архивтеріндегі құжаттарды реставрациялауға, қатырма қағазбен жұмыстарға арналған материалдардың заттай шығыс нормаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасы әзірленуіне байланысты кесте жолданды.

2016 жылдың 01 қаңтарына жиынтық төлқұжат, қор карточкалары (орыс және мемлекеттік тілдерде) және қор құрамы мен көлеміндегі өзгерістер жөніндегі мәлімет толтырылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын қалыптастыру. Мекемелік архивтерге ұйымдастыру, әдістемелік жетекшілік ету және мекеме, ұйым, кәсіпорындардағы іс жүргізу құжаттарын ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және оның бірлестіктерінің архивтерімен жұмыс

ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарының жойылып кетуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің сақтауындағы қалып кеткен құжаттарды жасақтау барысына көп көңіл бөлінді. 

Есепті мерзімде 1824 басқару құжаттарының сақтау бірлігі  және  2789 жеке құрам құжаттары мемлекеттік сақтауға алынды.

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 8-бабына сәйкес таратылған, қайта құрылған мемлекеттік мекемелерге әдістемелік және практикалық көмектер көрсетілді. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мекеме, ұйым, кәсіпорындарға салалық жүйесіне қарай жетекші мамандар бекітілді. Құжаттаудың негіздерін үйрету және істер номенклатурасын жасақтауда мемлекеттік емес сектордағы қоғамдық ұйымдарға, жаңадан құрылған құрылымдарға, сонымен қатар қайта құрылған мекеме, ұйымдарға көп көңіл бөлінді.

Мекемелермен жұмыс Қазақстан Республикасының  «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес жүргізілді. Оларға істер номенклатураларын түзуде нақты көмектер көрсетілді. Дәлірек айтқанда, 121 істер номенклатурасын,  69 жою актісі мен 36 жеке құрам жөніндегі тізімдемелер және 37 сараптау комиссиясы және 28 ведомстволық мұрағаттар туралы ережені жасақтау және жетілдіру бойынша  әдістемелік және тәжірибелік көмектер  көрсетілді.  

Ақпаратты іздеу жүйесін құру, ғылыми ақпарат

 және құжаттарды пайдалану пайдалану

Ғылыми-анықтамалық аппаратты (ҒАА) құру мен жетілдіру жұмысы мемлекеттік есепке алуды жетілдіру мен дамытудың  2016 жылға арналған жоспарға сәйкес  жүргізілді.

Шымкент қаласы мемлекеттік нотариаттық кеңсесі №265 қор құжаттарын жетілдіру барысында құжаттарға сараптама жүргізіліп, 655 істің мұқабалары рәсімделді. Сонымен қатар мұрағаттық шифрлері қойылды, 80 іс тігіліп, 16829 парақтарына нөмір қойылды. Жыртылған парақтары қалпына келтірілді. Осы жұмыс келесі тоқсанда жалғастырылатын болады.

Сақтандыру қорын құрастыру мақсатында 1,2 санаттағы қорлар құжаттарынан ерекше құнды құжаттарды айқындау жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, Ордабасы ауданы әкімшілігінің 1992-2000 жылдардағы 248 ісі қаралып, 195 іс аса құнды деп айқындалды. Ықшам анықтамалыққа толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Коммунистік партиясы Арыс қалалық комитетінің 2-ші санатты  №1671-ші қордың тұрақты алынған тізімдемесіне, жеке құрам бойынша титул парақтары, мазмұндары, аудармалы кестелер, тізімдемелерді өндеу туралы актілер, қорларға алғы сөздер, қорлардың парақтары мен карточкалары, қысқарған сөздер тізімдері  облыс әкімдігінің сараптау тексеру комиссиясында бекітілді.

2016 жылдың 1-тоқсанында Архивтік технологияларды енгізу бөлімінің қызметкерлері жоспарға сәйкес «Электронды мұрағат жүйесі» бағдарламасы бойынша, Ұлттық архив қоры құжаттарын сандық таңбаға көшіру, істер мен құжаттарды сканерлеу және электрондық архивке орналастыру бойынша, қағаз тасығыштардағы архивтік істер мен құжаттарды сандық таңбаға көшіру бойынша жұмыстар жүргізді.   №1101 қор – Сайрам ауданы әкімі аппаратының 2004-2006 жылдардағы құжаттары «Электронды архив» жүйесіне енгізілді. Іс және құжат тігісін сөгіп, түптелген істердегі желімді тазалап, «Bartender» бағдарламасының көмегімен басып шығарылған штрих-кодтар жабыстырылып, құжаттар арасында жіп, скрепка және де басқа металды заттар болмауы тексерілді. Жүйеде архивтік іс және архивтік құжат карточкаларын құрып, карточкаларда қажетті мәліметтер толтырылды. Электронды карточкалар толтырылған соң, ағылмалы (поточный) және планшет сканерлері арқылы іс және құжаттарды сканерленді, яғни 100 іс сөгіліп, тігілді және іс карточкасы құрылды. 12539 құжат карточкалары құрылып, 20216 парақ сканерден өткізілді. 13 іс парақтары қалпына келтірілді. Сканерден өткен іс, құжаттар  тексеріліп, қоймаға өткізілді.

Архивтерді жеке текті құжаттармен толықтыру жұмысы одан әрі жалғастырылды.

2016 жылдың 1-тоқсанында Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану жұмысы қоғамның өткенін шолатын  ақпараттарға деген шынайы қажеттілігін есепке ала отырып жүргізілді. Ақпараттық хабарламалар жасалынды, облыстық және аудандық БАҚ құралдарына 6  мақала жіберілді:

  1. «Адамзаттың денсаулығы үшін күрескен» // «Оңтүстік Қазақстан» газеті 10.03.2016ж. №39;
  2. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақ халқына мың алғыс» // «Жебе» газеті;
  3. «ОҚО мемлекеттік архивінде орындалатын анықтамаларға салыстырмалы талдау» // «Қазақстан мұрағаттары»
  4. «ҰОС ардагері Садықов Ботабайдың туылғанына 100 жыл толуына орай» //    «Шымкент келбеті» газеті;
  5. «Халық әртісі Ақсақал Қалмырзаев 80 жаста» // Шымкент келбеті газеті;
  6. «Мұрағаттық іс жүргізу-ұжымның айнасы» // «Ордабасы оттары» газеті 06.02.2016ж.

4 радиохабар дайындалып, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» радиосында төмендегідей радиохабарламалар оқылды:

  1. «ҰОС ардагері Садықов Ботабайдың туылғанына 100 жыл толуына орай»;
  2. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақ халқына мың алғыс»;
  3. 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай;
  4. «Халық әртісі Ақсақал Қалмырзаев 80 жаста».

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының «Гуманитарлық» факультеті «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығының 2-курс студенттеріне «Тарих тағылымы - мұрағатта», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының тарих мамандығының 2-курс студенттеріне «Мұрағат ісі – халық игілігінде» тақырыптарында 2 лекция-экскурсия жұмыстары жүргізілді

Оқу залдарында құжаттармен ұйым-кәсіпорындардың 166 өкілдері жұмыс істеді. Зерттеушілерге 117 тізімдеме және 4515 іс берілді. 34 зерттеушілерге кеңес-көмек көрсетілді.

Есепті мерзімде заңды және жеке тұлғалардан  11774  сұраныстар  келіп түсті, оның ішінде тікелей келгені 3523 сұраныс, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскені 8172 сұраныс.   Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 9724 сұраныс. Оның ішінде тақырыптық сұраныстар саны - 4328. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 3459 сұраныс. Соның ішінде шетелден түскен сұраныстардың саны - 195. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 149.

       

      Ғылыми-техникалық ақпарат. Мамандардың біліктілігін арттыру.

                                    Ұжымдық әлеуметтік дамыту.       

Жекелеген бағыттарды әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында архивтік қызмет жөніндегі әдістемелік құралдармен әдістемелік- ақпараттық анықтамалық қоры толықтырылды. Осы мақсатта 6 әдістемелік құрал тіркелді. Келіп түскен құралдармен мамандар таныстырылып, оларға ақпараттық парақтар толтырылды. Облыстық, өңірлік және аудандық (қалалық) архивтердің мамандарына аархив жұмысын  атқару және зерделеу барысында қолдануға 31 әдістемелік құралдар берілді.

Архив саласының қызметкерлеріне жұмыс барысында қолдануға және оқып білу үшін архивтік анықтаманы рәсімдеу бойынша әдістемелік құрал дайындалып облыстық,  өңірлік, қалалық архив мамандарына таратылды.

Облыстық, өңірлік, аудандық, қалалық архив директорлары мен қызметкерлеріне архив саласы қызмет бағыттарының барлық түрлері: жеке текті құжаттар қорын қалыптастыру, анықтама жұмысын ұйымдастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша  кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.

ҚР Ақпарат және мұрағат комитетінің 2005 жылғы 16 шілдедегі 93 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес 7 мұрағат директоры аттестациялаудан өткізілді. Аттестациялау жұмыстарының қорытындылары ресімделіп, хатталды.

Есепті мерзімде облыс әкімдігінің жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  5 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 161  істер номенклатурасы, 44  сараптау комиссиясы туралы Ережесі, 30 ведомстволық туралы ереже,  2 тізбе, 1 қысқаша анықтамалық, 115 мекеменің құжаттары ретке келтіріліп – басқарушы құжаттаманың 3657 іс тізімдемесі, жеке құрам бойынша 2632 іс тізімдемесі, 72 фотоқұжаттар тізімдемесі, 60 ғылыми-техникалық құжаттарының,  2 есеп бірлігін құрайтын үн құжаттары, 1 есеп бірлігін құрайтын киноқұжаттары, жеке текті құжаттарының 138 сақтау бірлігі, оның ішінде 424 құжат, 169 фотоқұжат, 2 бейнеқұжат келісілді,  4423 істен тұратын 3 қор жетілдірілді.

2016 жылдың 1- тоқсанында архив қызметкерлері  облыс көлемінде өткізілген сенбіліктерге қатысып Шымкент қаласын абаттандыру мен жасылдандыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен бекітілген Алпысбаев атындағы көше бойына ағаш көшеттері отырғызды, бұрынғы ағаштардың түптерін әктеп, көшені сыпырып, қоқыстардан тазалады.

Жарияланған: 20.04.2016 - 12:30:16
Жаңартылған: 20.04.2016 - 12:30:16
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі