Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

-A A +A

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігіне

 

 

         Сіздің  15.07.2015 жылғы  № 1-4-17/5673   санды хатыңызға орай:

                           

Ағымдағы жылғы сәуірде Үкімет қаулысымен бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан 30 тармақта жасалған жоба мәтінін жолдаған болатынбыз.

2015 жылдың 3 шілдесі күні Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген дөңгелек столдағы ұсыныстардан кейін іс-шара жобасы қайта қаралып, толықтырулар мен нақтылаудан соң 40 тармаққа жеткізілді.

 

Қосымша:  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің №213 қаулысымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жолдаймыз.

 

Е. Садыр       

Орын: Қ.Ж.Ағабеков      

Тел:8(7252)24-71-98.

 

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының

2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы

іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар

жоспарын орындау бойынша шаралар  туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі  №234 қаулысына сәйкес  облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралары (әрі қарай-Шара) осы қаулыға қосымшаға сәйкес  бекітілсін.

2. Ішкі саясат және дін істері жөніндегі (Б.Құрманғали), білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту (А.Елшиева), ауыл шаруашылығы (Қ.Оспанбеков), экономика және бюджеттік жоспарлау (А.Абдуллаев), қаржы (Р.Исаева), мемлекеттік сатып алу (Н.Нәлібаев)  басқармалары жоғарыда көрсетілген Шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы   қаулының   орындалуын   бақылау   облыс   әкімінің бірінші орынбасары   Б.С. Оспановқа жүктелсін.

 

      

      Облыс әкімі                                                              А. Мырзахметов

 

 Оспанов Б.

 

.Садыр Е.

 

Жылқышиев Б.

 

 

 Тұяқбаев С

Айтаханов Е.

 

 

 Абдуллаев А.

Қаныбеков С.

 

 

 Исаева Р.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

 әкімдігінің  2015  жылғы

 «     »  шілдедегі  №  қаулысына қосымша

 

Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

 

Іс-шаралар

 

Аяқтау нысаны

 

Орындаушылар

 

Орындалу мерзімдері

 

Қаржыландыру көздері

 

1

                             2

3

4

5

6

 

1

Мемлекеттік органдарда қолданыстағы заңнама талаптарының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты басшының орынбасары лауазымынан төмен емес мемлекеттік қызметшіні бекіту,

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдері

I жартыжылдық

2015 жыл

 

Талап етілмейді

 

 

2

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы орнатылған «сенім» телефонын  БАҚ-та жариялау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдері

I жартыжылдық

2015 жыл

 

Талап етілмейді

 

 

3

Жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды профилактикаға бағыттау шараларын іске асыру.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп,     салалар бойынша  жиналыстар өткізу

Облыс әкімі аппаратына мәлімет

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл департаменті (келісім бойынша),

облыстық басқармалар, аудан және қала  әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді

 

 

 

 

4

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттар мен БАҚ-та жарияланған сын мақалалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу және расталмаған мәліметтерді жоққа шығару шарасын жүзеге асыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл департаменті (келісім бойынша),

Облыстық басқармалар, аудан және қала  әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді

 

5

Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, онымен күресу тақырыптарында жүйелі түрде  семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы

Тұрақты

Талап етілмейді

 

6

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын кедергілерді анықтау үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі, ОҚО бойынша кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді

7

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық қорғау органдарының қызметі жөніндегі жұмыстары туралы материалдардың жариялануын қамтамасыз ету,  деректі фильмдер мен бейнероликтер дайындап жариялануын жүзеге асыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы, аудан және қала  әкімдері

Тоқсан сайын

2015 жыл

Облыстық бюджет, бөлінген қаржы аясында

3 600 мың теңге

 

8

Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық  көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Жергілікті БАҚ-тарда облыс әкімінің орын-басарлары мен бас инспекторларының аудандарда айына екі рет азаматтарды қабылдау кестесін жариялап, қабылдау өткізу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы, аудан және қала  әкімдері

Тоқсан сайын

2015 жыл

Облыстық бюджет, бөлінген қаржы аясында

6 207 мың теңге

9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша тұрғындардың көзқарасын зерттеу, талдау, анықтау бағытында жұмыстар жүргізу.

Мемлекеттік мекемелерде жасырын сұрақ-жауап сауалнамасын өткізу

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы,                аудан және қала  әкімдері

Тоқсан сайын

2015 жыл

Облыстық бюджет, бөлінген қаржы аясында 1 849 мың теңге

 

10.

 

 

Жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикас Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл департаменті (келісім бойынша),

Облыстық ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы,

аудан және қала  әкімдері

IV тоқсан

2015 – 2017 жж.

 

Талап етілмейді

11.

Ішкі істер органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлері үшін портативтік бейне тіркеуіштермен жабдықтау нормаларын әзірлеу және бекіту

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсыныс

ОҚО бойынша  ішкі істер департаменті (келісім бойынша),             ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша), аудан және қала  әкімдері

I тоқсан

2016 жыл

 

Талап етілмейді

12.

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс

ОҚО бойынша  білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы,

аудан және қала  әкімдері

II тоқсан

2016 жыл

 

Талап етілмейді

13.

Кәсіпкерлерге жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә., межелі объектісін көрсете отырып, сараптама актісінің телқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік кедергілерді алып тастау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы,

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы,

аудан және қала  әкімдері

IV тоқсан 2016 жыл

 

 

Талап етілмейді

14.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін

ұсыныс

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық және жолаушылар көлігі басқармасы,

аудан және қала  әкімдері

 

IV тоқсан                 2015 жыл

 

Талап етілмейді

15.

Дала жұмыстарын жүргізу үшін облыс бойынша жанар-жағар май көлемі мен оны жеткізудің бірыңғай операторын айқындау.

Агроқұрылымдарға субсидияларды «Қазпошта» арқылы электронды нұсқада төлеуді жетілдіру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы,

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы,

аудан және қала  әкімдері

 

Жыл сайын

Талап етілмейді

16.

Кондоминиум объектісіне қызмет көрсететін ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртібін регламенттеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

Ұсыныс

Облыстық тұрғын           үй-коммуналдық және жолаушылар көлігі басқармасы,

аудан және қала  әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

17.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мәселелерін көздеу

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл департаменті

 (келісім бойынша),   аудан және қала  әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді

18.

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізіп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

 

Облыс әкімі аппаратына  жұмыс жоспарын түзген соң ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл департаменті

 (келісім бойынша),

ОҚО бойынша  білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы, Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы, аудан және қала  әкімдері

Жыл сайын

 

Талап етілмейді

19.

Арнайы мониторингтеу тобының cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

 

Облыс әкімі аппаратына  талдаудан соң ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл департаменті

 (келісім бойынша),

аудан және қала  әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

20.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та немесе   интернет-ресурс сайттарына орналастыру

БАҚ-та жариялау, Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл департаменті (келісім бойынша),

Ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқарма, аудан және қала  әкімдері

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей

Талап етілмейді

21.

 

Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

Ұсыныс

 

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы,             ОҚО бойынша кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

аудан және қала  әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

22.

Инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын енгізу мәселесін пысықтау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

ұсыныс

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы,    ОҚО бойынша кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

аудан және қала  әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

23.

Елді мекендердегі сауданы ұйымдастыру және аудандастыру бөлігінде ішкі сауда қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

ұсыныс

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы, ОҚО бойынша  кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

аудан және қала  әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

24.

Коммуналдық сауда алаңдарын ұлғайту және коммуналдық сауда алаңдарына мұқтаждарды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

ұсыныс

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы, ОҚО бойынша кәсіпкерлер палатасы

(келісім бойынша)

аудан және қала әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

25.

Сауда объектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген немесе ресми еңбек қатынастарын ресімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауды жетілдіру мәселесін пысықтау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

ұсыныс

ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша),

ОҚО бойынша  ішкі істер департаменті (келісім бойынша),              ОҚО бойынша  кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша),             аудан және қала әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

26.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда мал басын есепке алуды жетiлдiру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне

ұсыныс

Облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасы, ОҚО бойынша статистика департаменті                    (келісім бойынша), аудан және қала әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

 

Талап етілмейді

27.

Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ақпарат

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан және қала әкімдері

III тоқсан

2015 жыл

Талап етілмейді

28.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын ұйымдастырушы-лардың  интернет-ресурсында жариялау

  Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы,   Облыстық ішкі саясат және дін істері жөніндегі басқармасы, аудан және қала  әкімдері,

III тоқсан

2016 жыл

 

Талап етілмейді

29.

Аудан, қалаларда жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондарды  ашық түрде өткізу және оған қатысушылар санын арттыру үшін шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, аудан, қала әкімдері

Тұрақты

Талап етілмейді

30.

Заңсыз ойын бизнес саласында              жедел-іздестіру шараларды өткізіп, жасырын казино және ойын залдардың ұйымдастырушыларымен ғимарат-тардың егелерін қылмыстық жауапкершілікке тарту.

 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл департаменті

 (келісім бойынша),

ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті елісім бойынша),

ОҚО бойынша ішкі істер департаменті (келісім бойынша)

Тұрақты

Талап етілмейді

31.

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне

ақпарат

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

II тоқсан

2015 жыл

талап етілмейді

32

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін  қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспар жобасына ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасы индустриалды даму министрлігіне ұсыныс

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы                  

II тоқсан

2015 жыл

талап етілмейді

33

Олардың ашықтығын арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектордың сатып алу тетігін, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендрді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ақпарат

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы

II тоқсан

2015 жыл

талап етілмейді

34

Мұнай және  мұнай өнімдерін қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар өндірісі мен айналымен бақылау мақсатында қолданыстағы  "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" ақпараттық жүйесін және ілеспелі инфрақұрылымды пысықтау, сондай-ақ уәкілетті және бақылаушы мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ақпарат

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы   

IV тоқсан                 2015 жыл

талап етілмейді

35

Жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында, облыс аумағына заңсыз келіп жұмыс істеп жатқан шетел азаматтарын әшкерелеу үшін, хронометраждық, рейдтік жұмыстар жүргізіп, салық салуға тартуды ұйымдастыру

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпарат

ОҚО Ішкі істер департаменті  (келісім бойынша)

 

Тұрақты

 

талап етілмейді

36

 

Cалық базасын ұлғайту мақсатында, жеке тұлғалардың тіркелмеген жылжымайтын мүліктерін анықтау бойынша, аула аралау жұмыстарын ұйымдастыру

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпарат

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша), ОҚО   Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), ОҚО  Әділет департаменті келісім бойынша),

 ОҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК (келісім бойынша),

аудан, қала әкімдері

Тұрақты

 

талап етілмейді

37

Біріккен рейдтік жұмыстар жүргізу нәтижесінде, көлік құралдарының иелерін салық төлеуге тарту бойынша жұмыстар ұйымдастыру

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ақпарат

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша),

ОҚО   Ішкі істер департаменті (келісім бойынша)

Тұрақты

 

талап етілмейді

38

«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық, қалалық филиалдары мемлекеттік мекеме басшыларымен тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша бірлескен қабылдаулар өткізуін жалғастыру

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

«Нұр Отан» партиясы (келісім бойынша),

аудан, қала әкімдері

кестеге сәйкес

айына 2 рет

талап етілмейді

39

«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының жанындағы партиялық бақылау және қоғамдық кеңестерінде құқық қорғау органдарының мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын тексеру қорытындылары жөніндегі мемлекеттік мекеме басшыларының есептерін тыңдау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

«Нұр Отан» партиясы (келісім бойынша),

аудан, қала әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

40

Бюджетті тиімді игеру жүйесін жетілдіру мақсатында қабылданған облыс әкімінің арнайы Регламентінің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, келісім-шарттың орындалуы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатындағы талаптарын қатаң сақтау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы, аудан, қала әкімдері

тұрақты

талап етілмейді

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

ББӘ

бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

ТЭН

техникалық-экономикалық негіздеме

ТБЖ

тәуекелдерді басқару жүйесі

ҚҚС

қосылған құн салығы

АӨК

агроөнеркәсіптік кешен

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік 

МӨЗ

мұнай өңдеу зауыты

АЖС

автомобильге жанармай құю станциясы

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ЖҚШ

жеке қосалқы шаруашылық

 

 

 

ЖЖМ

ОҚО                                                                       

––

жанар-жағармай материалдары

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Жарияланған: 23.11.2015 - 15:02:16
Жаңартылған: 15.07.2016 - 11:05:03
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі