Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау саласындағы 2016 жылдың 1 cәуіріне атқарған жұмыстары туралы ақпарат

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау саласындағы

2016 жылдың 1 cәуіріне атқарған жұмыстары

туралы ақпарат

 

 

1. Еңбек қатынастарын үйлестіру, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мәселелері туралы

2015 жылғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес облыстың экономикалық белсенді халқы саны 1 216,6 мың адамды құрады, оның                  1 152,7 мың адам жұмыспен қамтылған халық, оның ішінде 514,1 мың адам өздігімен жұмыспен қамтылған, 5,2 пайызы (63,9 мың адам) жұмыссыздар.

2015 жылғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтар саны 514,1 мың адамға жетіп немесе 44,6%-ды құрады. Арнайы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың 1 сәуіріне      2013-2016 жылдар аралығында формальды секторға ауыстырылып жұмыс істеп жүргендердің саны 608,2  мың адамға жетіп, бұл көрсеткіш 100%-ға артты.

 

2. Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарына сәйкес аудан, қала әкімдіктері апта сайын жұмыстан босату, қысқарту және қызметкерлердің  басқа да еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдеріне мониторинг жүргізуде.

2015 жылдан бастап өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында 3 жақты Меморандум түзу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы меморандум түзу жұмыстары қайта жалғасып, бүгінгі күнге       9613 кәсіпорындармен меморандум түзілді (оның ішінде 119 ірі, 249 орта, 9245 кіші кәсіпорындар). Бұл жұмыстар жалғасуда.

2016 жылдың 1 cәуірдегі жағдаймен 12 кәсіпорында еңбек жағдайы өзгерген:

- 7 кәсіпорында 907 адам мәжбүрлі ақысыз демалысқа жіберілген

- 3 кәсіпорында 59 адам толық емес жұмыс режиміне ауысты

- 6 кәсіпорында 75 орын қысқаруға түскен.

         2016 жылы қаңтар айының ішінде қысқаруға ұшыраған 75 азаматқа «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» шеңберінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілу көздері қарастырылуда (тұрақты жұмысқа орналастыру,қысқа мерзімдік қайта даярлау курстарына жіберу, ақылы қоғамдық жұмысқа және бос жұмыс орындарына жолдама беру).

2016 жылға 48686 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланды, 2016 жылдың  1 сәуіріне 4894 жаңа жұмыс орындары ашылды (жылдық жоспардың 10,1%), 153 орын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағадрламасы (3,5%), 4602 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар (42,4%), 139 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (3,3%).

 

 

 

 

3. Көші-қон және оралман мәселесі туралы

 

2015 жылы 60 кәсіпорынға бекітілген квота шеңберінде 1,5 мың шетел азаматына рұқсат беріліп, олардағы жұмыс істейтін 23,2 мың Қазақстан Республикасы азаматтарының 6,6 пайызын құраған немесе ҚР Үкіметі белгіленген 10% шектеуден төмен болса, 2016 жылдың 1 cәуірге                       68 кәсіпорындарда 1,6 мың шетел және 23,2 мың Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейді. Рұқсат берілген шетел жұмыс күшінің білікті азаматтарының үлесі 78,2 пайызға дейін көтеріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 %-ға өсті.

2016 жылдың 1 сәуірге 1896 адам оралман мәртебесін алды. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына 2013 жылы 10 желтоқсанда өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне орай (жеңілдіктер Солтүстік облыстарға ғана қаралған), этникалық қазақтардың облысқа көшіп келуі азайған.

4. Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес жалпы                         14 373,4 млн.теңге бөлініп, 57 200 адам қамтылатыны жоспарланды.

  1. жылдың 1 сәуіріне 16 040 азаматқа әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (жылдық жоспардың 28,0 % құрады). Оның ішінде:

өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны 3 967 адам (жылдық жоспардың 22,8 % құрады);

 жұмыссыздар – 12 073 адам (жылдық жоспардың 30,3 % құрады);

аз қамтамасыз етілгендер – 746 адам (жылдық жоспардың 16,6 % құрады).

1. Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық  шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»

Жалпы 2016 жылы 84 жобаны (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары)  жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4,0 млрд.теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 1511 жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның 775 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

2. Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға»  облыс бойынша          2016 жылға 7 247,776 млн.теңге бөлінген, оның ішінде: 7 237,5 млн.теңгесі 2072 адамды шағын несиелендіру жұмыстарына, 10,276 млн.теңгесі                 514 адамды кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған.

3. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

1) Тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама шеңберінде 7052 қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

2)  Кәсіби оқыту. 2016 жылдың маусым айынан бастап 78,471 млн. теңгеге 500 адамды қайта даярлау курсына жолдау жоспарланып отыр.

Жұмыс берушілерге өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысшыларын оқытуға грант бөлу жұмыс орындарын сақтай отырып (оқу  шығынның  80 %  мемлекет төлейді, ал 20 % жұмыс беруші есебінен), қайта даярлау курсын ұйымдастыруға  60,3 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жұмыс орнын сақтау шартымен 18-ден 24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жас қызметкерлерге жалақы сақталмайтын қайта даярлау курсын оқытуды ұйымдастыруға  86,4 млн. теңге қаржы қарастырылуда.

Зейнеткерлік жасына жақындаған жұмыстан босаған азаматтарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты, 55 пен 64 жас аралығындағы өз жұмысынан айырылып қалған азаматтарды оқыту және әрі қарай жұмыспен қамту мақсатында арнайы оқу бағдарламаларын (қайта даярлау) іске асыруға 45,8 млн. теңге бөлінді.

Білікті мамандардың  жұмыс уақыты мен жалақысы қысқартылғандар үшін 145 адамға 17,3 млн. теңге уақытша субсидиялауға қаржы қаралған.

3) Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 618 кәсіпорынмен келісім-шарттар түзіліп, 4 638 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық жоспардың 116,0% құрайды (4000 адам). Орташа жалақы 51,5 мың теңгені құрайды.

Мерзімінен бұрын аяқтаған 56 адамның 46-ы (82,1%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

4) Жастар практикасын ұйымдастыру. 2016 жылдың 1 сәуіріне Жастар практикасын ұйымдастыруға 1 100 жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзілді, оларға сәйкес 2 722 жастар жұмыспен қамтылды (жылдық жоспардың   64,8 % құрайды) (1 сәуіріне жоспар - 2590 адам).      

Жастар практикасын мерзімінен бұрын аяқтаған 82 адамның 53-і (64,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

2016 жылға 8263 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу жоспарланған, 1 сәуірге дейін 1628 адамды уақытша жұмыспен қамтылды           (1 сәуіріне жоспар – 1077 адам).             

5. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау  көрсету туралы

2016 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны                 1310 адамды, немесе облыс халқының 0,05 пайызын құрады. 2016 жылдың           1 сәіуріне олардың саны 8,1 пайызға төмендеп, 1204 адамды немесе облыс халқының 0,04 пайызын құрады.

2016 жылы 1520 азамат 9174,6 мың теңге мөлшеріндегі  атаулы әлеуметтік көмек алды, бұл көрсеткіш өткен  2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 342 адамға және 4957,4 мың теңгеге кем. 

18 жасқа дейінгі 257577 балаға 1301849,9 мың теңге жәрдемақы төленді. Ол өткен  2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 14376 адамға кем және 111454,2 мың теңгеге артық.

Тұрғын үй көмегі 3668 отбасыға 6678,3 мың теңге төленді. Ол өткен  2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 503 отбасыға артты және    1259,9 мың теңгеге кем.

Одан басқа, аз қамтылғандарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары да ұйымдастырылуда. 2016 жылы жалпы демеушілер тарапынан азық-түлік және тауар түрінде 695 аз қамтамасыз етілген азаматқа 4479,8 мың теңгенің әлеуметтік көмек көрсетілді.

 Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы жиынтық табыстары 4913 теңгені құрады.

6. Аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысында 216  мың зейнеткер тұрады. Оның ішінде:

- 334- і Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- 4994-і соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер;

- 20915-і тыл еңбеккерлері;

- 169240-ы көп балалы аналар;

- 89-ы жүз және жүз жастан асқандар.

Облыста жүйелі түрде ардагерлерді сауықтыру, тегін басылымдарға жаздыру, демеушілер және жергілікті бюджеттер есебінен коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер беру мәселелері тиісті деңгейде шешілген. Атап айтқанда:

- 2084 жекеленген санаттағы азаматтар  «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде демалуға мүмкіндік алған;

- 3652 ардагер  басылымға тегін жаздырылды;

- 480 сексен жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді.

- 7,6 мың адамға «Қамқорлық» акциясы шеңберінде көмектер көрстелді (көліктерде жол жүруге - 2540, газға - 75, электр энергияға- 360 дәрі-дәрмекке -823, пәтер телефонын пайдалану – 12, суға ақы төлеуге – 531, және 4922 ардагерлер мен мүгедектерге және аз қамтамасыз етілген азаматтарға басқа да көмектер көрсетілді)

7. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

Облыста 112292  мыңнан астам мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде:

- 1-2 топтағы мүгедектер – 53277;

- 3-топтағы мүгедектер – 41729;

- бала кезден мүгедектер саны 17286-ы  құрайды.

Мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық және жергілікті бюджеттерден 1710,1 млн.теңге қаржы жұмсалды (РБ - 367,3                ОБ-709,6, ЖБ–632,3). Осы қаржы есебінен 29 мыңнан аса құралдар мен бұйымдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы ортаны қалыптастыру мақсатында облыста 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысан түгендеуден өтті, оның 3316 нысаны бейімдеуге жатады (2072-ы мемлекеттік, 1244-і жеке меншіктегі нысандар). 2015 жылдың 12 айында 891 нысан бейімдеуден өтті, ал 2016 жылы 428 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып, 2016 жылдың            3 айында 6 нысан демеушілер есебінен бейімделді.

8. Басқармаға қарасты әлеуметтік мекемелерде қызмет алып жатқан  мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы

Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 169 мүгедек бала, облыстық  №8 мүгедектерді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 239 мүгедек оңалту шараларынан өткізілді.

Аудандар мен қалаларда үйде әлеуметтік көмек көрсететін 28 бөлімше 2397 жалғызілікті қарттарға және I, II топтағы мүгедектерге көмек көрсетуде, 2349 мүгедек балаға 27 бөлімше, психоневрологиялық ауруға шалдыққан         18 жастан жоғары 401 мүгедектерге үйлеріне барып арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуда.

2016 жылдың 1 сәуіріне мүгедектер тұрақты тұратын стационарлық типтегі  7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына 36 мүгедек, оның ішінде 13 мүгедек бала жолданып, бүгінгі таңда ол орталықтарда 1626 мүгедек толық мемлекет қамқорлығына алынған. Ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар негізіндегі күндізгі қатынау бөлімдерінде 17 мүгедек қызметтермен қамтылуда.

№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы негізіндегі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесіне 2016 жылы 2 бала жолданды. Онда 50 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2016 жылдың 1 сәуіріне мүгедек балаларды оңалту орталықтарына  (4 ауданға) 60 бала жолданды.

Кентау қаласында орналасқан облыстық арнаулы кәсіптік колледжінде оқушы үш мамандық - «Есепші», «Әмбебап-тігінші», «ЭЕМ операторы» бойынша 76 мүгедек оқытылуда.

 

9. Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштері туралы:

2015 жылдың  3 айында басқармаға азаматтардан 221 арыз-шағымдар келіп түсті, 2016 жылмен салыстырғанда 316,2% пайызды құрады. Түскен арыз-шағымдардың ішінде 10-ы атаулы әлеуметтік көмекпен балалар жәрдемақысы туралы, 5-і автокөлік және қол арба мәселесі туралы, 34-і сауықтыру, интернат үйлеріне жолдама беру мен түрлі жеңілдіктер туралы,      49-ы жұмысқа орналасу туралы, 16-ы материалдық көмек мәселесі,  557-і көші-қон квота мәселесі, 28-і басқада мәселер жөнінде. Түскен шағымдар негізінде қаралып шешілді.

2016 жыл көлемінде басқарма басшылығы тарапынан 44 жеке қабылдау  ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сай жауаптары берілді. Қайталама  арыз – шағымдар тіркелген жоқ.

 

Жарияланған: 14.04.2016 - 08:47:25
Жаңартылған: 14.04.2016 - 08:48:09
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі