Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2015 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша орындалуы туралы мәлімет

-A A +A
 

 
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 183,7 млрд.теңгені құрайтын 137 жоба іске қосылып (республика бойынша қосылған жобалардың 1/5 бөлігі), 11,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Индустриялық-инновациялық дамытудың екінші бесжылдық шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік индустрияландыру картасы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №77 қаулысымен бекітілді. Индустрияландыру картасына 104 жобаға 851,2 млрд.тг.қаржы қаралған. 
Ағымдағы жылы 36 жобаны іске қосуға 65,8 млрд.тг. жоспарланған. Оның ішінде, жалпы құны 12,2 млрд.теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып («KazKioti» ЖШС – трактор зауыты және «Амир-А» ЖШС – арматура зауыты), 420 жаңа жұмыс орындары ашылды.  
2015 жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімі 341,0 млрд.тг. құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен 39,5 млрд. тг. артты, НКИ – 103,5%.
Өңдеу өнеркәсібінің өнімі 213,6 млрд.тг., НКИ – 96,3% құрады. Оның азаюы мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (НКИ – 76,6%) және машина жасау өндірісі (НКИ– 87,0%) көлемдерінің төмендеуінен орын алды. 
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
Облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 407,6 млрд. теңгені құрайтын 790 жоба мақұлданып, 13 041 ж.о. ашылды.
Оның ішінде, 2014 жылы жалпы несие сомасы 73,0 млрд. теңгені құрайтын 353 жобаға нақты қолдау көрсетілді. Бұл қосымша 2,5 мыңнан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. 
2015 жылға Бағдарлама аясында 8 414,1 млн. теңге бөлінген, оның 7 айдағы игерілген қаражаттың көлемі 2 829,3 млн.тг. құрайды.
Оның ішінде:
-  Гранттық қаржыландыруға қарастырылғаны – 42,0 млн.тг.;
- Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялауға қарастырылғаны - 2809 млн.тг., игерілгені – 1404,5 млн.тг. (жоспардың 100%);
- Кредиттерді ішінара кепілдендіруге қарастырылғаны – 81,0 млн.тг., игерілгені  - 40,5 млн. тг. (қаржы жоспарының 100%);
- Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жалпы 4922 млн.тг. бөлінген, игерілгені 1 343,8 млн.тг. (жоспардың100%);
-  Микронесиелендіру бойынша қарастырылғаны –500,0 млн. тг.
«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 ж.ж. арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы 
2015 ж. жалпы ауыл шаруашылығы саласына – 29,0 млрд. теңге қаржы бөлінді, о.і. РБ – 3,3 млрд. теңге. Есепті кезеңге қаралған 12,3 млрд. теңге 98,4% игерілді.
I-ші «Қаржылай сауықтыру» бағыты бойынша 2014 жылы қаржы институттарына («АШҚҚҚ» АҚ) 18 АШТӨ-нен жалпы құны 68,2 млн.тг құрайтын өтініш түсіп, мақұлданды. Жылдық пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көлемі 12,5 млн.тг. Ал, 2015 жылға аталған бағыт бойынша «КазАгроМаркетинг» АҚ-на АШТӨ-нен өтініштер түскен жоқ.
II –ші «АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру» бағыты  бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласына 13 бюджеттік бағдарлама бойынша 20,2 млрд.тг. субсидия бөлініп, есеп беру айына 8696,7 млн. теңге қаралып, 8694,2 млн. теңгесі немесе 99,97% игерілді. (2014 ж. 11 бюджеттік бағдарлама бойынша - 19,2 млрд.тг.). Оның ішінде «Инвестициялық субсидия» бағыты бойынша 526,5 млн.тг. бөлініп, есепті кезеңге қаралған 326,5 млн.тг. игерілді. Нәтижесінде, бағдарлама бойынша жалпы құны 603,7 млн.тг құрайтын 43 инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді.  
Ауыл  шаруашылығы  дақылдарынына жүргізілген әртараптандыру жұмыстарының нәтежесінде егіc көлемі 772,5 мың га құрады.
Облыста мал шаруашылығын дамыту мақсатында, мал азықтық дақылдардың көлемін арттыруға басымдылық беріліп, 2015 ж. жүгерінің көлемі 12,4 мың га (2014ж. 37,9 мың га), жаздық арпа 1,0 мың га (2014ж. 42,4 мың га), жаңа жоңышқа 9,7 (2014ж. 46,8 мың га) артып,  тиісінше мақтаның егіс көлемі 28,3 мың га кеміп 99,2 мың га (2014ж. 127,6 мың га), майлы дақылдар 14,0 мың га кеміп 78,2 (2014ж. 92,2 мың га) құрады. Бүгінгі күнге көкөністен 676,4 мың тн. өнім, бақшадан 1249,5 мың тн. өнім,  картоптан  180,3 мың тн. өнім өндіріліп, жиын-терім науқаны жалғасуда.
Суармалы жерлердің көлемін 292,0 мың га ұлғайту өңірлік іс-шарасы бойынша,  ағымдағы жылы қосымша 29,0 мың га ұлғайтуға тапсырма беріліп, 10,8 мың га суармалы жер жаңадан қосылды. 
Облыс бойынша қосымша 102,0 га жерге жылыжай салу межеленіп, есеп беру кезеңіне 104,3 га алқапқа жылыжайлар  салынды. Жалпы жылыжайлардың көлемі 1014,3 га жетті. 
Тамшылатып суғару әдісін қосымша 10050 гектар жерге ендіру жоспарланып, есеп беру кезеңіне 8602 га ендіріліп, жалпы көлемі 42,6 мың га жетті. 
Мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 2015 жылы 13354 бас  аналық ІҚМ сатып алынды (о.і. қаржы институттары арқылы 2600 бас аналық ІҚМ және 167 бас бұқа).
Өңірлік,  Мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы бойынша бүгінгі күнге жалпы 706 жобаға 1896,2 млн.тг. (о.і.: - мал бордақылау алаңдарына 661 жобаға 1645,9 млн.тг.; - 5-10 бастық жанұялық сүт фермаларына 39 жобаға 89,3 млн.тг.; - сүт қабылдау бекеттеріне 1 жобаға 38,8 млн.тг.;  - селолық тұтыну кооперациясына 5жобаға 122,2 млн.тг.) несие қаржы берілді (2014ж. 5,8 млрд.тг. 2166 жоба қаржыландырылды).
Облыста 43 ет, 39 сүт, 34 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды.
 Ағымдағы жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, есепті кезеңге қосымша еттен - 4570 тн, сүттен - 3287 тн және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары - 10700 тн артты. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 77,8 млрд.тг құрады.
III – бағыт фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты бойынша  – Мақтарал ауданындағы  4 биофабрикада, 8 биозертханада және Шымкент қаласындағы 1 биозертханада биоагенттер (энтомофагтар) өндіруде. 
Облыста эпизоотиялық тұрақтылықты және ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыста 27 мал сою бекттері, 73 мал сою алаңдары, 303 мал өлікселерін тастайтын шұңқырлар, 391 мал шомылдыру орындары, 55 «беккари» шұңқырлары бар.
2015 жылдың қаңтар-шілдесіне ауыл шаруашылғы жалпы өнім көлемі 118,3 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 18,0 млрд.тг. ұлғайды, нақты көлем индексі 105,0% құрады (РК102,9%).
2011-2015 ж.ж. арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Денсаулық сақтау саласына 2015 жылы 73,8 млрд.теңге бағытталып, 7 айда 43,8 млрд. теңге игерілді.
2015 жылы 25  денсаулық сақтау нысанын салу  және қайта жаңғырту қарастырылып, 2 нысанға мемлекттік қабылдау актісіне қол қойылды. 
2015 жылы  17 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 1,1 млрд.тг. қаралған, 7 айға 362,5 млн. теңге игерілді.
Медициналық  ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 58,4%-ден 64,47%-ға жеткізілді. 
Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші бір деңгейде қалып 2,8-і құрап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 11,0 және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға, нәрестелер өлімі 12,0 құрап, 7,3%-ға төмендеп отыр. 
2011-2020 ж.ж. арналған ҚР білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы
Білім беру саласына 2015 жылы 199,9 млрд. теңге қаржы қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 9,2% артты. Сала бойынша 104  (РБ-36, ОБ-68) нысанның құрылысына жалпы 23,7 млрд.тг (о.і. РБ – 9,3 млрд.тг.,       ОБ – 14,4 млрд.тг.) жоспарлануда.     
2015 жылы 95 білім нысандарын  күрделі  жөндеуден өткізуге 6,72 млрд. теңге (2014 жылы - 138 нысанға 9,0 млрд. тг.) жоспарланған. 
«Балапан» бағдарламасы бойынша жалпы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 2015 ж. барлығы  28,7 млрд. теңге жоспарлануда. Балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысымен орналастыруға РБ 16,4 млрд.тг. қарастырылып, тамыз айының қорытындысымен 10,6 млрд.теңге игерілді. Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 1454, ондағы 1-6 жас аралығындағы тәрбиеленуші балалар саны - 157780, о.і. балабақшалар – 902 (оның 341 - мемлекеттік, 561 – жекеменшік) ондағы бала саны - 122261, шағын орталықтар саны - 552  (оның 466-мемлекеттік, 86 - жекеменшік) бала саны - 35519, жекеменшік балабақшалар мен жекеменшік шағын орталықтарда 67404 балалар тәрбиеленуде.
2015 жылдың  7 айында 3-6 жас аралығындағы 149440 бала мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылып, қамту көрсеткіші 78,3% құрады (2015 жылғы жоспар – 80,0%). 
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы
Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 2015 жылға жалпы 5,518 млрд.теңге бөлініп, жоспарға сәйкес 40,7 мың адам  қамтылатын болады. Бүгінгі таңда 28173 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде:
-өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 11113 адам; 
-жұмыссыздар – 17060 адам;
-аз қамтамасыз етілгендер – 2483 адам. 
1.Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық  шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағытын іске асыруға 2015 жылы 2059,0 млн.теңге, оның ішінде  РБ - 1854,1 млн.теңге бөлінді. Аталған қаржыға 29 жобалар бойынша (білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Жобаларды іске асыру кезінде 822 жұмыс орны ашылды. 
2015 жылдың 1 тамызына 29 жобаның мердігерлері анықталып, 700 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыспен қамту орталықтары есебінен 353 адам жұмыспен қамтылды.
2.Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 2015 жылға 1826,1 млн.теңге бөлінсе, оның 1821,3 млн.теңгесі - шағын несиелендіру жұмыстарына, 4,756 млн.теңгесі - кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған. 
2015 жылдың 1 тамызына 519 азаматқа 1348,5 млн.теңге («Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» есебінен – 152 азаматқа 348,5 млн.теңге) шағын несие берілді. Орташа көлемі 2,6 млн. теңгені құрайды.  Қосымша 430 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды.
Кәсіпкерлік негізінде 108 адам оқытылып, 2,2 млн.теңге игерілді. 
3.Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».
1) Тұрақты жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 17646 қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді. 
2) Кәсіби оқыту. 2015 жылдың 1 тамызына 3411 адам кәсіби оқуды аяқтап, оның 2916 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды (85,5%). 
2015 жылдың маусым айынан бастап 178 адамды қайта даярлау курсына жолданды.
3) Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 2015 жылдың 1 тамызына 275 кәсіпорынмен келісім-шарттар түзіліп, 1426 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық жоспардың 133,6 % құрайды (1067 адам). Орташа жалақы 51,5 мың теңгені құрайды. 
4) Жастар практикасын ұйымдастыру. 2015 жылдың 1 тамызына Жастар практикасын ұйымдастыруға 697 жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзіліп, 1503 жастар жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың 109,4 % құрайды (1тамызына жоспар - 1374 адам).  
Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 тамызына 6185 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу көзделсе, 6343 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді немесе 102,6 %.
Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық компаниялардың қаражаты есебінен мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде 2015 жылға 40526 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, 1 тамызына 16587 жұмыс орны ашылды (493 орын  «Нұрлы жол», 19790 - мемлекеттік салалық бағдарламалар, 1130 - «Жұмыспен қамту 2020», 13596 -«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы).
2015 жылдың 7 айында жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады. 
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы 
1.«Қолжетімді тұрғын үй» бағыты бойынша  2015 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы  405,5 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр, оның ішінде:
-тұрғын үй құрылыс жинақ арқылы кредиттік тұрғын үйлер – 10,9 мың ш.м;
-ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін арендалы тұрғын үйлер – 5,1 мың ш.м;
-«Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» АҚ арқылы тұрғын үй – 56,2 мың ш.м;
-жеке меншік тұрғын үйлер – 310,3 мың ш.м;
-басқа көздер арқылы, оның ішінде ЖБ есебінен – 23,0 мың ш.м. 
Республикалық бюджет есебінен:
1.тұрғын үй құрылыс жинақ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысына – 1 102,6 млн. тг. бөлініп, а.ж. 1 тамызына жоспардағы 382,8 млн. тг. 100%-ы игерілді.
2.ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін арендалы тұрғын үй құрылысына – 536,8 млн. тг. бөлініп, а.ж. 1 тамызына жоспардағы 300 млн. тг. 100%-ы игерілді.
3.Инфрақұрылым жүйелерін дамытуға – 1 645,8 млн. тг. бөлініп, а.ж. 1 тамызына жоспардағы 725,3 млн. тг. 100%-ы игерілді.
Облыстық бюджеттен:
1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін арендалы тұрғын үй құрылысына  –  4 012,2 млн. тг. а.ж. 1 тамызына жоспардағы 2 529,9 млн. тг. 2 417,9 млн. тг. немесе 95,6%-ы ингерілді.
А.ж. 1 тамызына барлық қаржыландыру көздері арқылы 197,3 мың ш.м. тұрғын үйлер немесе жылдық жоспардың 48,6%-ы тапсырылды.
2. 2011-2020 ж.ж. арналған «Ақ бұлақ»  бағыты бойынша 2015 жылдың 1 тамызына орталықтандырылған су құбырларымен қамтылған елді мекендердің саны 667 (71,8%), бұл 2,3 млн. халықты құрайды (84,4%). (Анықтама: Облыс бойынша сумен қамтылмаған 262 елді мекендер зерделіп, оның 153-де - локалдық су құбырларының құрылысын жүргізу қажет, 64-де топтық су құбырларына қосу жоспарланды (45 елді мекендер алыс орналасқан). 2015 жылдың 1 тамызына 6,7 млрд. тг. (РБ - 0,97 млрд.тг. ОБ - 5,73 млрд.тг.) 31 нысанның құрылысы жүргізілуде (о.і. ағымдағы жылы 15 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған,16 нысанның құрылысы 2016 жылға ауыспалы). 
3.2011-2020 ж.ж. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту  аясында, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне белгіленген лимит шегінде 2015 ж. 200 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге  2 062,3 млн. теңге қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылып, оның ішінде 38 көпқабатты үйлердің құжаттары 310,3 млн. тг. қолдау тапты (о.і. Шымкент қ. – 32, Түркістан қ. – 4, Сарыағаш қ. – 2).
4. Моноқала Кентау бойынша бағдарламаны іске асыруға 2015 ж. бюджеттен – 1833,4 млн.теңге қаралып, о.і. РБ - 1747 млн. тг., оның    872,3  млн.теңгесі игерілді. Оның ішінде:
1-бағыт қаланың Кешенді даму жоспарын әзірлеу Кентау қаласының 2015-2017 жылдарға арналған кешенді даму жоспары әзірленіп, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы  № 34/281-V шешімімен бекітілді.
2-бағыт бойынша «Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту» мақсатында:   
Бірінші. Бір «зәкірлік» жоба -   Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы тарапынан «Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару» жобасы. Жоба құны  842,0 млн теңге. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарының саны – 50. Іске асыру мерзімі - 2016 жыл.  
Екінші. «Жаңатас – Түркістан» темір жол торабын салудың негіздемесі бойынша қаржыландыру көздерін анықтау бойынша оң нәтижелердің болмауына байланысты, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың 2015 жылғы 16 қаңтардағы  №17-38/09-19 (1.4.1-т) тапсырмасына сәйкес, аталған жобаның іске асырылуы тоқтатылды  және бақылаудан алынды.
Үшінші. Кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсетуге екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын  субсидиялауға – 46,9 млн.тг., (12 жоба), 7 айға 39,5 млн.тг. қаралып, толығымен игерілді. Гранттар беруге - 13,0 млн.тг, (5 жоба) тамыз айынан бастап игерілуі жоспарлануда. Микрокредиттеу құралдарын жүзеге асыру үшін несиелеуге - 500,0 млн. тг, (50 жоба) ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап игерілуі жоспарлануда. 
3-бағыт  «Халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып, Кентау қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту» мақсатында, қаланың бірінші кезектегі жайластыру мәселелерін шешуге қаланың автожолдары мен ішкі орам жолдарын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен – 161,4 млн.тг. қаралып, 7 айға жоспарланған 113,0 млн. тг. жоспарланып, 62,1 млн.тг. толығымен игерілді.   
Инженерлік коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша қаланың жылу жүйелерін  қайта қалпына келтіруге - республикалық бюджет есебінен - 625,6 млн.тг, 7 айға жоспарланған 425,0 млн.тг толығымен игерілді; облыстық бюджеттен – 86,4 млн.тг., 7 айға 61,7 млн.тг.  жоспарланып, толығымен игерілді;
"Болашақ", "Жұлдыз", "Батыс" мөлтекаудандарының инженерлік коммуналдық құрылысына республикалық бюджеттен - 400,0 млн.тг. қаралып, 7 айға 284 млн.тг.  жоспарланып, толығымен игерілді.
5. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау» басымдығы аясында ауылдық елді мекендерді жайластыруға 1 492,9 млн.теңге, оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер – 1492,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млн.теңге, бағытталып, аудан және қала әкімдіктері тарапынан 106 ауылдық елді мекенде 118 жобаны іске асыру жоспарланды. 
Ағымдағы жылдың 7 айында 800,5 млн.теңге жоспарланып, 765,5 млн. теңге игерілді (95,6%).  Оның ішінде:
3 білім беру нысандарын және балабақша ғимараттарын ағымдағы жөндеуге – 19,2 млн.тг., есепті кезеңге жоспарланған 6,6 млн. теңге толығымен игерілді;
- 5 спорт нысанның ағымдағы жөндеуіне – 42,2 млн.тг., есепті кезеңге жоспарланған 21,7 млн. теңге толығымен игерілді;
- 61 ішкі жолдар мен көшелерді жөндеуге – 532,2 млн.тг., жоспарланған 328,8 млн. теңгенің 300,5 млн. теңгесі игерілді;
- 1 көпірді ағымдағы жөндеуге – 4,1 млн.тг., есепті кезеңге 1,1 млн. теңге жоспарланып, толығымен игерілді;
- 9 ауылдың көшелерін жарықтандыруға – 55,2 млн.тг., жоспарланған 33,2 млн. теңге толығымен игерілді; 
- 2 аулалық балалар ойын алаңшаларын орналастыруға – 5,0 млн.тг., жоспарланған 3,6 млн. теңгенің 2,7 млн.теңгесі толығымен игерілді; 
- 16 ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуге 448,0 млн.тг бағытталып, есепті кезеңге 267,7 млн.тг  жоспарланып, оның 263,2 млн.теңгесі толық игерілді;
- ауыл аумағындағы 15 нысанның айналасын аббаттандыруға 339,2 млн.тг бөлініп, есепті кезеңге 111,5 млн.тг бағытталып, оның 110,2 млн.тг толығымен игерілді.
- ауыл көшелерінде 6 бағдаршам орнатуға – 47,8 млн.тг. бағытталды, есепті кезеңге жоспарланған 26,3 млн. теңге толығымен игерілді.
Жарияланған: 25.09.2015 - 18:35:37
Жаңартылған: 08.01.2016 - 18:23:12
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі