Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы 2016 жылдың 1 қазанына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

-A A +A

1. Еңбек қатынастарын үйлестіру, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мәселелері туралы

2016 жылдың 2 тоқсанындағы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес облыстың экономикалық белсенді халқы саны 1 209,1 мың адамды құрады, оның 1 146,7 мың адам жұмыспен қамтылған халық, оның ішінде 498,2 мың адам өздігімен жұмыспен қамтылған, 5,2 пайызы (62,3 мың адам) жұмыссыздар.

2015 жылғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтар саны 514,1 мың адамға жетіп немесе 44,6%-ды құрады. Арнайы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың 1 қазанына 2013-2016 жылдар аралығында формальды секторға ауыстырылып жұмыс істеп жүргендердің саны 616,6 мың адамға жетіп, бұл көрсеткіш 101,4%-ға артты.

2. Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы

2015 жылдың ақпан айынан бастап  аудан, қала әкімдерінің, жұмыс берушілер мен кәсіпорын кәсіподақтары арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы 152,3 мың адамды қамтитын 9682 жеке кәсіпорындармен Меморандум түзілді (119 ірі, 250 орта,  9313 кіші кәсіпорын).

2016 жылдың 1 қазанына облыста 14 кәсіпорында еңбек жағдайы тұрақсыздануы  анықталып отыр.  Олар:

- 3 кәсіпорында 659 адам мәжбүрлі ақысыз демалысқа (Шымкент қаласы бойынша «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-ы (368 адам), «Карданвал» АҚ-ы (40 адам), «Химфарм» АҚ  (3 адам), «ШЗ Эталон» ЖШС (2 адам), Кентау қаласы бойынша «Кентаусервис» МКК-ы (246 адам));

- 4 кәсіпорында 217 адам толық емес жұмыс режиміне (Шымкент қаласы бойынша «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-ы (28 адам), Арыс қаласы бойынша  «S.G.M. Group Қонырат»ЖШС  (16 адам), Созақ ауданы бойынша «КФ Тайконур» ЖШС (3 адам), Кентау қаласы бойынша «Кентау трансформатор зауыты» АҚ 170 адам));

- 9 кәсіпорында штат саны қысқаруынан 118 орын қысқаруға жіберілген (Шымкент қаласында  «Қазығұрт-Юг» ЖШС (2 адам), «Корона» макарондық фабрикасы (33 адам), «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-і (11 адам), ШФ «Рамстор Қазақстан» ЖШС (25 адам), «Гелиос» ЖШС (11 адам), «Химфарм» АҚ (3 адам), «Алма-ТВ» ЖШС филиалы (4 адам), Арыс қаласы бойынша «S.G.M. Group Қонырат» ЖШС  (14 адам), Созақ ауданы бойынша «КФ Тайконур» ЖШС (15 адам)).

Қысқаруға ұшыраған 118 азаматқа немесе болжамданған 500 адамның 24 пайызын құрайтын азаматтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілуде. Олар: 

- 4 азамат басқа облыстың тұрғындары (Қарағанды, Қызылорда облыстары);

- 10 адам өз кәсіптерімен айналысуына байланысты өздігінше жұмыспен қамтылғандар (мал, егіншілік шаруашылығы, көлік, сауда, қызмет көрсету саласы);

- 27 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (3 адам «ЖҚБ2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, 24 адам өз бетінше жұмысқа орналасқан);

- 55 адам әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы алуда (орта есеппен 21,0 мың теңге көлемінде 4 мерзім);

- 21 адамға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту шараларын көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда.

- 1 адам зейнеткерлікке шыққан.

3. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы туралы

2016 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 48686 жана жұмыс орындары ашылатыны жоспарлануда (оның ішінде 4320 орын «Нұрлы жол», 4848 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде, 9587 орын мемлекеттік салалық, 2330 орын «Бизнестің жол картасы 2020 жол картасы», 1266 орын «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде, 4183 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 22152 орын "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламалары аясында). Жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 10118 адам жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасатыны көзделген.

2016 жылдың 1 қазанына 39232 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде:

- 3306 орын «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде (76,5%);

- 92 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде (1,9%);

- 12174 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы (127,0%);

- 1213 орын «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде (52,1%);

- 951 орын «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде (75,1%);

-3084 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде (73,7%);

- 18412 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында (83,1%) ашылған.

Ашылған жаңа жұмыс орындарына 9828 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан.

//Анықтама үшін: облыс бойынша 2015 жылы 51939 жаңа жұмыс орындары ашылды (жылдық жоспардың 128,2%), олардың  24490-ы тұрақты, 27449-ы уақытша). Оның ішінде  1194 орын «Нұрлы жол», 25571 орын мемлекеттік салалық, 1843 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 23331 орын "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламалары аясында//.

Жоспарланған жұмыстардың іске асырылу нәтижесінде, ағымдағы жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5%, жастар жұмыссыздығы 4%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6% құрайтыны көзделуде.

4. Көші-қон және оралман мәселесі туралы

2015 жылы 60 кәсіпорынға бекітілген квота шеңберінде 1,5 мың шетел азаматына рұқсат беріліп, олардағы жұмыс істейтін 23,3 мың Қазақстан Республикасы азаматтарының 6,6 пайызын құраған немесе ҚР Үкіметі белгіленген 10% шектеуден төмен болса, 2016 жылдың 1 қазанына 85 кәсіпорындарда 1,8 мың шетел және 26,2 мың Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейді. Рұқсат берілген шетел жұмыс күшінің білікті азаматтарының үлесі 81 пайызға дейін көтеріліп, 2015 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

2016 жылдың 1 қазанына 3668 адам оралман мәртебесін алды. 22.07.2011 жылғы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына 10.12.2013 жылы  өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне орай (жеңілдіктер Солтүстік облыстарға ғана қаралған), этникалық қазақтардың облысқа көшіп келуі азайған.

5. Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы

Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес жалпы 14 373,4 млн.теңге бөлініп, 57 200 адам қамтылатыны жоспарланды.

2016 жылдың 1 қазанына 54 570 азаматқа әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (жылдық жоспардың 95,4% құрады).

Оның ішінде: өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны 19 695 адам (жылдық жоспардың 113,0% құрады); жұмыссыздар – 34 875 адам (жылдық жоспардың 87,7% құрады);  аз қамтамасыз етілгендер – 5 194 адам (жылдық жоспардың 115,4% құрады).

1. Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық  шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

Жалпы 2016 жылы 541 жобаны (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары)  жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 9,0 млрд.теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 3579 жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның 1949 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланды.

Жалпы 97 инфрақұрылым жобалар бойынша жөндеу жұмыстары басталды, 1633 жаңа жұмыс орындары құрылды, жұмыспен қамту орталықтары есебінен 877 адам қамтылды. 58 жоба өз жұмысын аяқтап, тапсыру актісімен қабылданды.

2. Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға»  облыс бойынша 2016 жылға 7247,8 млн.теңге бөлінген, оның ішінде: 7237,5 млн.теңгесі 2072 адамды шағын несиелендіру жұмыстарына, 10,3 млн.теңгесі 514 адамды кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған.

2016 жылдың 1 қазанына дейін жалпы 1443 азаматқа 3 810,7 млн.теңге (оның ішінде «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» есебінен 118 азаматқа 300,0 млн.теңге) шағын несие берілді. Орташа көлемі 2,6 млн.теңгені құрайды. 

Шағын несиеленген азаматтар қатарынан жұмыспен қамту орталығы арқылы қосымша 1451 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлік негізінде 514 адамды оқыту жоспарланып, 529 адам немесе 102,9% оқуын аяқтады. Жоспарға сәйкес қаралған қаржы толығымен игерілді.

3. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу». 

1) Тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама шеңберінде 34 221  қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

2) Кәсіби оқыту. 2016 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 500 адамды қайта даярлау курсына жолданған, 498 –і оқуды аяқтап, оның 487 – і  тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 55 – 64  жас аралығындағы 315 жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау курсына жолданды.

Жұмыс берушілерге өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысшыларын оқытуға грант бөлу жұмыс орындарын сақтай отырып (оқу  шығынның  80 %  мемлекет төлейді, ал 20 % жұмыс беруші есебінен), қайта даярлау курсын ұйымдастыруға  60,3 млн. теңге қаржы бөлініп, оған 525 жалдамалы қызметкерлер қайта даярлау курсы бойынша жолданды.

Жұмыс орнын сақтау шартымен 18-ден 24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жас қызметкерлерге жалақы сақталмайтын қайта даярлау курсын оқытуға 86,4 млн.теңге қаржы қарастырылып, 2016 жылдың тамыз айының басынан бастап 762 жалдамалы жастарға қайта даярлау курсы ұйымдастырылды.

3) Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 2016 жылдың 1 қазанына 628 кәсіпорынмен келісім-шарттар түзіліп, 4 931 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық жоспардың 123,3% құрайды (4000 адам). Орташа жалақы 51,5 мың теңгені құрайды.

Мерзімінен бұрын аяқтаған 1 255 адамның 1239-ы (98,7%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

4) Жастар практикасын ұйымдастыру. 2016 жылдың 1 қазанына Жастар практикасын ұйымдастыруға 1541 жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзілді, оларға сәйкес 5 103 жастар (жылдық жоспар – 4 200 адам).

Жастар практикасын мерзімінен бұрын аяқтаған 3058 адамның 2254-і (73,7%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

2016 жылға 8263 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу жоспарланған, 1 қазанына дейін 6241 адамды уақытша жұмыспен қамтылды (1 қазанына жоспар – 5 850 адам).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2016 жылдың 2 тоқсанындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды (республикадағы орташа деңгейі 5,0%), жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды (республикада 4,2%), әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 6,4% пайызды (республикадағы орташа деңгейі 5,7%) құрады.

6. Халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысынан республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуды ұйымдастыру.

Елбасының еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылы cолтүстік өңірлерге 111 отбасы қоныс аударып, бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көшу шығындарын субсидиялау үшін тиісті шаралар қабылдануда.

7. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы туралы

2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 2600 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуі тиіс. 9 айдың қорытындысымен 2114 азаматқа әлеуметтік шара көрсетілді, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде мүгедектерге арналған 19 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 597 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді (440 тұрақты жұмысқа, 30 ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 қайта даярлау курстарына, 98 әлеуметтік жұмыс орындарына, 23 жастар практикасына жолданды).

8. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау  көрсету туралы

2016 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1310  адамды немесе облыс халқының 0,05 пайызын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына олардың саны 38,1 пайызға төмендеп, 811 адамды немесе облыс халқының 0,03 пайызын құрады.

2016 жылдың 9 айында 1721 азамат 23872,5 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды бұл көрсеткіш өткен 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 496 адамға және 11621,4 мың теңгеге кем.   

18 жасқа дейінгі 298164 балаға 4124914,9 мың теңге жәрдемақы төленді. Өткен 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 12192 адамға кем және 568223,1  мың теңгеге артық .

Тұрғын үй көмегі 5929 отбасыға 160997,7 мың теңге төленді. Ол өткен  2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 277 отбасыға кем және 7307,2  мың теңгеге артық.

Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы жиынтық табыстары 4841 теңгені құрады.

 «Өрлеу» жобасының жүзеге асырылуы

Мемлекет басшысының  бес институционалдық реформаны іске асыру аясында 2015 жылдың 1-ші шілдесінен «Өрлеу» жобасы Төлеби, Түлкібас, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласында пилоттық жоба ретінде енгізілді.

2016 жылы «Өрлеу» жобасын  барлық өңірлерде енгізуді жоспарланды. Болжамға сәйкес, 2016 жылы «Өрлеу» жобасымен 2512 отбасы немесе 14 927 адам 602,5 млн.теңге сомаға (соның ішінде 66,6 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы) қамтылатын болады.

//Анықтама: «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек  күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарына  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда және олармен әлеуметтік контрактіні түзу бойынша тиісті қаржылар бөлінеді. Шартты ақшалай көмектің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығына тең (2016 ж. 2 тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері - 19566 теңге)//.

2016 жылдың 1-ші қазанына шартты ақшалай көмек 1047 отбасындағы  6592 адамға 266285,9 мың теңгеге тағайындалып, 825 отбасындағы 5119 адамға 133881,5 мың теңгеге төленді. 1266 еңбекке жарамды азаматтардың 1194 адам немесе 94,3 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты.

7. Аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысында 221 мың зейнеткер тұрады. Оның ішінде:

- 291- і Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- 4993-і соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер;

- 20932-і тыл еңбеккерлері;

- 166679-ы көп балалы аналар;

- 90-ы жүз және жүз жастан асқандар.

Облыста жүйелі түрде ардагерлерді сауықтыру, тегін басылымдарға жаздыру, демеушілер және жергілікті бюджеттер есебінен коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер беру мәселелері тиісті деңгейде шешілген:

- 5271 жекелеген санаттағы азаматтар жыл сайын «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде демалуға мүмкіндік алған;

- 3136 - ардагер  басылымға тегін жаздырылды;

- 452 сексен жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді.

- 8,5 мың адамға «Қамқорлық» акциясы шеңберінде көмектер көрсетілді (көліктерде жол жүруге - 2847, газға - 96, электр энергияға- 392, дәрі-дәрмекке -906, пәтер телефонын пайдалану – 311, суға ақы төлеуге – 855, және 3101 ардагерлер мен мүгедектерге және аз қамтамасыз етілген азаматтарға басқа да көмектер көрсетілді)

8. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

Облыста 112292  мыңнан астам мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде:

- 1-2 топтағы мүгедектер – 53277;

- 3-топтағы мүгедектер – 41729;

- бала кезден мүгедектер саны 17286-ы  құрайды.

Мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық және жергілікті бюджеттерден 1710,1 млн.теңге қаржы жұмсалды (РБ - 367,3 ОБ-709,6, ЖБ–632,3). Осы қаржы есебінен 29 мыңнан аса құралдар мен бұйымдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы ортаны қалыптастыру мақсатында облыста 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысан түгендеуден өтті, оның 3316 нысаны бейімдеуге жатады (2072-ы мемлекеттік, 1244-і жеке меншіктегі нысандар). 2015 жылы 891 нысан бейімдеуден өтті, ал 2016 жылы 595 нысан бейімдеуден өтетіні көзделуде.

 

Жарияланған: 26.10.2016 - 12:37:38
Жаңартылған: 26.10.2016 - 12:39:44
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі