Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы

-A A +A

Өнеркәсіп. Облыста 574,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 104,9% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 29,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 4,1% артып, 171,6 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 61,2%) өнімінің нақты көлем индексі – 112,7%, немесе өнім көлемі 351,7 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 41,7  млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,5% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,1% құрады. 

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта маталары – 28% (22092,1 мың шаршы метр), мақта талшығы – 16,0% (13306 тонна), мұнай өңдеу өнімдері – 16,9% (3748,0  мың тонна), портландцемент – 19,9% (1946,8 мың тонна), электроэнергия – 26,7% (779 млн.кВт/сағ) артты. 

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі    319,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға артып, оның ішінде егін шаруашылығы – 168,6 млрд. теңге (99,6%), мал шаруашылығы – 150,3 млрд. теңгені құрады (102,0%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 146,3 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 565,0 мың тонна – сүт, 232,3 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 102,2%, 101,9% және 103,5% құрады.

2016 жылдың 1-қазанына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 897,5 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 104,5%, қой – 3895,3 мың басты, немесе 102,9%, ешкі – 314,6 мың басты, немесе 96,0%, жылқы – 243,9 мың басты, немесе 109,1%, түйе – 24,1 мың басты, немесе 103,0%, шошқа – 27,9 мың басты, немесе 85,1%, құс саны – 2637,6 мың басты, немесе 107,2% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 115,6 млн. тонна жүк және 1771,7 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – тиісінше, 104,8% және 105,0% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 2,7%-ға, жолаушылар тасымалдау – 0,1%-ға кеміді, тиісінше, 787 тонна жүк және 988,8 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 7799,3 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңінен  6,7% кеміді.  Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,3% құрады.

Табыстың басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 21,7%, интернетке – 45,4% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2016 жылғы 1 қазанға 178,5 мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 95,6% құрады.

ШОК жұмыспен белсенді  қамтылғандар саны 2016 жылғы 1 шілдеге 329,3 мың адамды, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 99,5% құрады.

2016 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 334,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 102% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 240,8 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2015 жылдың  тиісті кезеңіне – 82,4% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 160,4 млрд. теңгені, немесе – 66,6% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 34,6%, немесе 83,4 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 40,5% немесе 97,6 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 20,6%, немесе 49,6 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 37,5% және 21,5% құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3  млрд. теңгені, немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 101,0% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 23,0 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 98,7% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 385,2 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110% құрады.

Сыртқы сауда. 2016 жылғы қаңтар-тамызында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1496,8  млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылғы   қаңтар-тамызға 72,8% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 788,5 млн. АҚШ долларын немесе 77,7%, импорт – 708,3 млн. АҚШ долларын немесе 68,1% құрады.

Евразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспорт – 186 млн. АҚШ долларын (немесе 59,5%), импорт – 196,4 млн. АҚШ долларын (немесе 72,2%) құрады.

Салықтық-бюджеттік сала. 2016 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 225,1 млрд. теңгені, немесе жоспарға –135,3%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 151,1% құрады.

Республикалық бюджет 144,9 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,4%), немесе, жоспарға – 152,9%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 182% құрады.

Жергілікті бюджетке  80,2 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 112,1% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 115,7% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2016 жылғы 1 қыркүйекке екінші деңгейлі банктермен 138,6  млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 4,0 млрд. теңге несие берілді, немесе 26,6% артты.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 25,7 млрд.теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 84,3% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында  және басқада жеке қызмет түрлеріне – 61,9%, ауыл шаруашылығы – 1,5%,  өнеркәсіп – 16,4%, сауда – 16,4%, құрылыс саласына – 3,8% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі 220 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 1,4 есеге артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (50,5%) шетел валютасында.

Бағалар. 2016 жылдың қыркүйегінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2015  жылдың желтоқсанына 106,4 % құрады. Азық-түлік тауарлары –4,6%-ға,  азық-түлік емес тауарлары – 7,3%, ақылы қызметтер – 7,5%-ға жоғарылады.

Азық‐түлік тауарлары нарығында бағаның өсімі күнбағыс майына – 5,8%, жұмыртқа – 3,2%, ет пен құсқа – 3,1%, қой еті – 2,9%,  айран – 1,4% байқалды.

Азық‐түлік емес тауарларынан дизель отынының бағасы – 3,3%, киім мен аяқ киім – 1,2%, фармацевтикалық өнімдер  – 0,6% жоғарылады.

Ақылы қызмет көрсету саласында білім беру қызметі – 2,6%, қалааралық автобус – 3,8% қымбаттады.    

Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 қазанына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 811 адамды немесе облыс халқының 0,03% құрады.

1721 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 496 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 298,2 мың балаға жәрдемақы төленді.

Тұрғын үй көмегі 5929 отбасыға 161 млн.теңге төленді, немесе 277 отбасыға кеміді.

Демография. 2016 жылдың 1 мамырына облыс халқының саны 2861,3 мың адамды құрады (2015 жылдың 1 мамырына – 2803,7 мың адам), оның 1289,6 мыңы қала халқы (45,1%), 1571,7 мыңы – ауыл халқы (54,9%).

Жұмыспен қамту. 2016 жылдың ІІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1209,1 мың адамды, жұмыссыздар саны – 62,3 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,2% құрады. 

2016 жылғы 1  қазанға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 54,6 мың  жұмыссыздан, 34,2 мың адам, немесе 62,6% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 39232 жаңа жұмыс орны ашылды.

Халықтың табысы. 2016 жылғы  ІI тоқсанда  облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 42042 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті, нақты ақшалай табыс 4,2%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау. 10 нысанның құрылыс  жұмыстарына бюджеттен 4,6 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылы облыстық бюджеттен 4 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 414,3 млн. теңге қарастырылды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1634,9 млн. теңге бөлінді. 

Сала желісі 857 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 103 – аурухана, 247 – амбулаторлы-емханалық мекеме,  225 – медициналық пункт, 267 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 15– басқалары.

Білім беру. Облыста 170,7 мың тәрбиеленушісі бар 1582 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 1085-і балабақша, 497-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 48,6%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін)  бойынша – 83,3% құрады.

2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 584,1 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1018 қосылған, интернет жүйелеріне - 1020  қосылған. Мектептер 40,9 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 14 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы). 

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 704 мектепке 1477 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 90 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 70,9 мың оқушыны (мемлекеттік – 35,6 мың оқушы) құрады.

Мәдениет. Облыста 730 мәдениет және өнер мекемелері,  оның ішінде: 423 – кiтапхана, 254 – клубтық мекеме, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 8 – театр, 8 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.   

Спорт. Облыста 5193 – спорт нысандары, оның ішінде 22 – стадион, 3773 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарына бағытталған. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны   657,0 мың адамды немесе облыс халқының  23% құрайды.

Ескертпе: Білім беру саласы 2016 жылдың 1 қыркүйегіне

 

Жарияланған: 25.10.2016 - 15:53:55
Жаңартылған: 13.12.2016 - 18:01:01
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі